OBJ_BUCH-1275-004.book Page 284 Monday, April 4, 2016 1:04 PM
284 | Қaзақша
– Қаптаманы 13 дәл орнатып, шынжырды ұстау болты 33
қаптаманың 13 соған арналған бағыттауыш тесігінде
жататын етіңіз.
– Қаптаманы 13 тарту тұтқасымен 12 аздап тартып
қойыңыз.
– Ара шынжыры әлі тартылмаған. Ара шынжырын тарту
«Ара шынжырын керу» бөлімінде сипатталғандай
орындалады.
Ара шынжырын керу (D суретін қараңыз)
Жұмысты бастау алдынан шынжыр кернеуін тексеріңіз,
оны алғашқы кесу әрекеттері мен арамен кесу барысында
үдемі әр 10 минут бойы тексеріп отырыңыз. Әсіресе жаңа
ара шынжырларын қолданғанда алғашқы уақытта
кеңейтудің жоғары бола алуына назар аударыңыз лазым.
Ара шынжырының қызмет өмірі оның майлануы жеткілікті
болуына және кернеуі дұрыс орнатылғанына айтарлықтай
байланысты болады.
Ара шынжыры тым қызып тұрғанда оны кермеңіз, себебі
ол, суытылғаннан кейін, тартылып қалып, одан кейін
шапқыға тым жақын тартылып жатуы мүмкін.
– Шынжырлы араны тегіс бір жер үстіне жатқызып
қойыңыз.
– Бекітпе тұтқасын 12 тек қана құрсым 10 өз орнатылған
жерінде ұстап тұра алатындай қылып (бекітпе тұтқасын
алып тастамаңыз!) босатыңыз.
– Шынжырдың бөлшектері шапқының 10 жүргізу
саңылауы ішіне кіргенін және шынжыр дөңгелегінің 28
үстінен жатқанын тексеріңіз.
– Шынжырлы бекітпе тұтқасын 15 керекті лайықты
шынжырлы кернеу орнатылғанша дейін сағат тілі
бағытымен бұрыңыз. Бұру әрекеті арқылы шынжырлы
бекітпе тұтқасы 30 итеріле отырып, құрсым 10 алға
қарай жылжытылады.
– Ара шынжыры 11 ортада шамамен 5–10 мм
көтеріңкірелгенде дұрыс орнатылды деп саналады. Бұл
әрекет бір қолмен ара шынжырын шынжырлы араның
өз салмағына қарсы жоғарыға қарай тарту арқылы
өткізілуі лазым.
– Шынжырлы ара 11 кернеу деңгей тым қатты
орнатылса, шынжырлы бекітпе тұтқасын 15 біраз сағат
тіліне қарсы бағытпен бұрыңыз. Одан кейін шынжыр
кернеуін тағы бір рет тексеріңіз. Керек болса,
шынжырлы кернеуін жоғарыда көрсетілгендей тағы
бер лайықтаңыз.
– Жапқышты 13 бекітпе тұтқасымен 12 қатты бұрап
тастаңыз.
Ара шынжырын майлау
(E суретін қараңыз)
Ескертпе: Сатылғанда немесе жеткізіп берілгенде
шынжырлы ара электрбұйымы арнайы ара шынжыр
майымен толтырылмаған. Шынжырлы араны қолдану
алдынан оның маймен толтырылған болуы маңызды.
Шынжырлы араны ара шынжыры үшін арналған арнайы
майсыз қолдануы немесе бар болған май көлемі керекті
F 016 L81 531 | (4.4.16)
деңгейден төмен болғаны шынжырлы араның бұзылуына
апарады.
Ара шынжырының қызмет өмірі мен кесу өнімділігі оның
майлану үйлесімділігіне байланысты. Сондықтан ара
шынжыры май бүріккіші 31 арқылы іске қосып қолданған
уақытта автоматты түрде ара шынжыры үшін арналған
арнайы майымен майланып отырады.
Май резервуарын толтыру үшін төмендегідей әрекет
етіңіз:
– Шынжырлы араны май резервуары қақпағымен 4
лайықты төсем үстінен жоғарыға қаратып қойыңыз.
– Май резервуары қақпағының 4 айналасын шүберекпен
тазалап алып, қақпағын бұрап шығарып алыңыз.
– Май резервуарын биологиялық тұрғыда Бош
компаниясының бөлшектеніп ажарай алатын ара
шынжыры үшін арналған жабысқақ майымен май
деңгейі «max» деп май деңгейін көрсеткішінде 7
көрсетілген белгіге жеткенінше дейін толтырыңыз.
– Май резервуарына кір не лас түспеуіне назар
аударыңыз. Май резервуарының қақпағын 4 қайта
бұрып жабыңыз.
– Алдын ала ішіне майды сорғылап тарту үшін
шынжырлы араны 30 секунд бойы іске қосып қойыңыз.
Ескертпе: Май резервуарын желдету үшін май
резервуары бітеуші шағын ауа каналдарымен
жабдықталған. Майдың ағып шығуын болдырмау үшін
шынжырлы араны, оны қолданбаған уақытта әрқашан май
резервуары бітеушін 4 жоғарыға қарай қаратып көлбеу
түрде қоюыңыз лазым.
Ескертпе: Шынжырлы араның зақымдануын болдырмау
үшін тек қана биологиялық тұрғыда тез бөлшектеніп
ажарай алатын шынжырлы аралар үшін арналған майлау
заттарын (RAL-UZ 48 ережелеріне сай) қолданыңыз.
Ешқашан қайта өнделген майларды немесе ескі майларды
қолданбаңыз. Рұқсат етілмеген майларды қолданған
жағдайларда бұйым үшін берілетін кепілдеме күші
жоғалатын болады.
Ескертпе: Төмен температураларда май тұтқыр болып
кетіп, осының салдарынан май өнімділігінің деңгейі
азайып кетеді.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Зарядталған аккумуляторды 17 артынан электр
құралының тұтқасына салыңыз. Аккумуляторды толықтай
аккумулятор бұғатталғанша басыңыз.
Ескертпе: Электр бұйым осы құрсаулау бөлшектеріның
екеуі де толығымен соңына дейін енгізіліп тұрғанда ғана
қалыпты түрде жұмыс істей алатын болады.
Қосу/өшіру
Шынжырлы араны «Шынжырлы арамен жұмыс істеу»
тарауда көрсетілгендей ұстаңыз.
Bosch Power Tools