КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
Сүзгі жүйесі
Сүзгі тағамның үлкен қалдықтары мен басқа заттардың сорғыға кіріп кетуіне жол бермейді.
Қалдықтар сүзгіні бітеп тастауы мүмкін, мұндай жағдайда оларды алып тастау керек.
Сүзгі жүйесі ірі торлы сүзгі, жалпақ сүзгіден (негізгі сүзгі)
жəне микросүзгіден (ұсақ торлы сүзгі) тұрады.
1. Негізгі сүзгі
Осы сүзгі ұстап қалған тағам мен қоқыс түйірлері
астыңғы бүріккіш түтіктен шығатын арнайы су
ағынымен шайылады да, су төгетін түтік арқылы
шығарылады.
2. Ірі торлы сүзгі
Сүйек не шыны кесектері сияқты, су төгетін түтікке
кептелуі мүмкін үлкен заттар ірі торлы сүзгі арқылы
ұсталады. Осы сүзгі ұстап қалған қоқысты алу үшін
сүзгінің үстіндегі тығындарды еппен қысыңыз да,
сүзгіні шығарып алыңыз.
3. Ұсақ торлы сүзгі
Бұл сүзгі тұндырғыштың маңайында жиналған қоқыс
пен тағам қалдықтарын ұстайды жəне жуу циклы
кезінде ыдыста қайта тұруына жол бермейді.
Сүзгі жинағы
Сүзгі тағам қалдықтарын ыдыс жуатын судан жақсы кетіреді де, цикл кезінде судың айналуына
мүмкіндік тудырады.
Сүзгілер жинағы жақсы жұмыс істеуі үшін оны үнемі тазалап отыру керек. Сондықтан, жуу циклын
орындап болған сайын
жартылай дөңгелек сүзгі мен қақпағын ағып тұрған сумен шайып, тұрып қалған тағамның үлкен
қалдықтарын кетірген дұрыс. Сүзгі құрылғысын алып шығу үшін қақпақтың тұтқасынан ұстап
жоғары қарай тартыңыз.
ЕСКЕРТУ:
•
Ыдыс жуғыш машинаны ешқашан да сүзгісіз пайдалануға
болмайды.
•
Сүзгіні дұрыс орнатпасаңыз, құрылғы жұмысына нұқсан келуі жəне
ыдыс-аяқ пен ас құралдары бүлінуі мүмкін.
1-ҚАДАМ: сүзгіні сағат тілінің бағытына қарсы бұрап, содан кейін
көтеріп алыңыз.
2-ҚАДАМ: негізгі сүзгіні жоғары көтеріңіз.
3-ҚАДАМ: ұстақ торлы сүзгіні жоғары көтеріңіз.
Ескертпе
1-қадамнан бастап 3-қадамды орындаған кезде, сүзгі жүйесі
алынады; 3-қадамнан бастап 1-қадамды орындаған кезде, сүзгі
жүйесі орнатылады.
2
1
3
1
2
3
19
Ашу