ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАНЫҢ
СЕБЕТТЕРІНЕ ЫДЫСТЫ САЛУ
Ыдыс жуғыш машина жақсы жұмыс істеуі үшін оған ыдыс салғанда төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Себеттер мен ас құралдары себеттерінің функциялары мен сыртқы түрі құрылғының үлгісіне қарай əр
түрлі болуы мүмкін.
Ыдыс жуғыш машина себеттеріне ыдыс салардан бұрын немесе салғаннан кейін назар
аударыңыз
Қалған тағамның үлкен мөлшері болса, қырып тастаңыз. Кəстрөлдерде күйген тағамның қалдықтарын
жібітіңіз.
Ыдыс-аяқты ағын сумен шаюдың қажеті жоқ.
Ыдыс жуғыш машинаға заттарды төмендегіше салыңыз:
1. Шыныаяқ, стақан, кəстрөл/таба т.с.с. сияқты заттарды төңкеріп қойыңыз.
2. Дөңес немесе ойыс жерлері бар ыдыс-аяқтан су ағып кету үшін жантайтып қойыңыз.
3. Барлық ыдыс-аяқ аударылып кетпес үшін мықтап орналастыру керек.
4. Барлық ыдыс-аяқ жуу кезінде бүріккіш түтіктер еркін айнала алатындай етіп орналастырылады.
Тым ұсақ заттарды ыдыс жуғыш машинада жумау керек, себебі олар себеттерден оңай түсіп кетуі
мүмкін.
Үстіңгі торға ыдыс салу
Үстіңгі тор стақан, кофе мен шай құятын шыныаяқтар сияқты
нəзік əрі жеңіл ыдыс-аяқты салуға, сондай-ақ тəрелкелерді,
кішкене шаралар мен жайпақ табаларды (егер тым қатты
ластанған болмаса) салуға арналған.
Тəрелкелер мен таба-кəстрөлдерді су бүркіген кезде жылжып
кетпейтіндей етіп орналастырыңыз.
1 Кеселер
2 Кішкене шара
3 Үлкен шара
4 Стакандар
5 Табақтар
6 Ыдыс
7 Десерт ыдыстары
Үстіңгі себетті реттеу
Үстіңгі/астыңғы себеттерге қойылатын үлкен ыдыс-аяққа көбірек орын қалдыру үшін үстіңгі себеттің
биіктігін реттеуге болады. Үстіңгі себеттің биіктігін доңғалақтарды сырғытпа жолға əр түрлі биіктікке
қою арқылы реттеуге болады. Ұзын заттарды, ас құралдарын, салат қалақшалары мен пышақтарды
бүріккіш түтіктің жұмысына кедергі келтірмеу үшін сөреге қою керек.
Сөре қажет болмаған кезде артқа жинап қоюға немесе алып қоюға болады.
Үстіңгі
дөңгелектер
Астыңғы
дөңгелектер
IN
14
6
5
7