OBJ_BUCH-948-007.book Page 186 Wednesday, December 21, 2016 10:28 AM
186 | Қазақша
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың
толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе
энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің
ақаулануы салдарынан электр құралының
жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда,
бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған
жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру)
қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан
шығарыңыз немесе алып – салмалы
аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы
бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз.
Электр құралдарын пайдалану және күту
Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Аккумуляторды пайдалану және күту
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін
пайдалану өрт қаупін тудырады.
F 016 L81 406 | (21.12.16)
Электр құралдарына арналған аккумуляторларды
ғана пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды
пайдалану жарақаттарға немесе өртке әкелуі мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан,
кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа
ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор
түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге
немесе өртке әкелуі мүмкін.
Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан
сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
Қызмет
Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Бақ қайшылары үшін қауіпсіздік
нұсқаулықтары
Дене мүшелерінің барлығын бақ қию құралдың
пышағынан алыс ұстаңыз. Пышақ қосылып жұмыс
істеп тұрғанында қиылған заттарды
электрқұралдан шығармаңыз, немесе қиылатын
заттарды ұстамаңыз. Пышақ ішінде қиылғаннан
кейін кіріп қалып қалған заттарды тек электрбұйым
өшіріліп тұрғанда ғана алып шығарыңыз. Бақ
қайшысын қолданғанда бір сәт алаңғасарлық пен
абайсыздық ауыр апаттарға апара алады.
Бақ қайшыны, пышағын өшіріп алып, тұтқасынан
ұстап тасуыңыз керек. Бақ қайшысын
тасымалдаған немесе сақтаған уақытта үстінен
әрқашан қорғау жапқышымен жауып қою керек.
Электрбұйымды ұқыпты түрде қолдану оның
пышағынан түсе алатын жаралану қауібін азайтады.
Электрбұйымның қию пышағы көрінбейтін тоқ
кабелдеріне тиіп қала алатындығынан осы
электрбұйымды тек қана оның изоляциялап
айырылған арнайы тұтқыштарынан ұстаңыз. Қию
пышақ кернеу өткізетін бір кабелге тиіп қалғанында
электрбұйымның металл бөлшектері кернеу әсері
астына қойылып, бұл электр соққысына апара алады.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Бұл құрал физикалық, сенсорлық немесе психикалық
қабілеттері шектелген, немесе бұл құралды қолдану
үшін керекті тәжірибесі және/немесе білімі болмаған
адамдар арқылы (осылардың арасында балалар да) тек
өздерінің бақылау астында болып, немесе осы құралды
қауіпсіз түрде қолдану бойынша нұсқаулармен
танысып, мүмкін бола алатын тәуекелдермен
танысқаннан кейін ғана қолданыла алады.
Балалардың бұл құралмен ойнамауын қамтамасыз ету
үшін оларды бақылап отыру қажет.
Bosch Power Tools