OBJ_BUCH-828-004.book Page 154 Friday, May 16, 2014 1:02 PM
154 | Қaзақша
нивелирлемейді, сол үшін қабырғадағы сызық
қисық болады.
Плиткаларды туралау үшін негізгі нүкте өлшеу
құралының тікелей алдындағы лазер
сызықтарының айқасу нүктесі P. Бұрышты
өткізу үшін өлшеу құралын осы айқасу
нүктесінде бұрау керек, F суретін қараңыз.
Өлшеу құралын тек таза туралау тақтасына 10
орнатыңыз. Туралау тақтасының беті тегіс емес
және ластанған болса өлшеу құралы жалпақ жатпай
өлшеу нәтижелері дұрыс болмайды.
Туралау тақтасымен жұмыс істеу (D–E суреттерін
қараңыз)
Туралау тақтасының 10 көмегімен өлшеу құралын
тегіс емес, тұрақсыз еденге жалпақ орнату мүмкін.
Туралау тақтасын 10 өлшеу құралы үшін қабырғалық
ұстағыш ретінде де пайдалануға болады. Туралау
тақтасын түспейтіндей, қабырғада немесе қисық
аймақта бекітіңіз, мысалы бұрандалармен
(стандартты). Туралау тақтасын аймақта тегіс етіп
орнату үшін уровеньді пайдаланыңыз.
Өлшеу құралын туралау тақтасында
орналастырыңыз: өлшеу құралын астындағы
магниттермен 4 туралау тақтасына 10 қойыңыз.
Туралау тақтасының үстіндегі сызықтар торы өлшеу
құралын дәл орналастыруға көмектеседі. 90° немесе
45° бұрыштарын өткізу үшін туралау тақтасын негізгі
шетке немесе қабырғаның шығыңқы жеріне қойып,
өлшеу құралын туралау тақтасының үстінде
көрсетілгендей орнатыңыз.
Лазер нысандық тақтасын/төбені өлшеу тақтасын
пайдалану (А суретін қараңыз)
Лазер нысандық тақтасы 9 немесе төбені өлшеу
тақтасы 14 қолайсыз жағдайда және ұзақ
қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін
жақсартады.
Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жартысы 9
лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір
жартысы арқылы лазер сызығы лазер нысандық
тақтасының артынанда көрінеді.
Төбені өлшеу тақтасын 14 (жабдықтар) лазер
сызықтарын көрсету үшін пайдалану мүмкін. Лазер
1 609 92A 0L0 | (16.5.14)
нысандық тақтасындай онда да қайтаратын бен мөлдір
жартылары бар.
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақтар)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарығын сүзгілейді. Ол
арқылы лазердің қызыл жарығы көз үшін жарқынырақ
болады.
Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі
ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі
лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қызмет
жасайды, бірақ ол лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде
немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз.
Лазер көрі көзілдірігі ультрафиолет сәулелерінен
толық қорғамай рең көру қабилетін азайтады.
Падалану мысалдары
Тік бұрыштарды тексеру (А суретін қараңыз)
Өлшеу құралын бөлменің бұрышына орнатып 0° лазер
сызығы негізгі сызыққа (мысалы, қабырға)
параллельді өтетін етіп орналастырыңыз. Лазер
сызығы мен негізгі сызық аралығын өлшеу құралында
және өлшеу құралынан ең ұзақ қашықтықта өлшеңіз.
Екі аралықтарды бірдей етіп өлшеу құралын
туралаңыз.
Сосын кемінде екі түрлі нүктелерде 90° лазер сызығы
мен қабырға аралықтарын өлшеңіз. Егер 90° лазер
сызығынан аралықтар бірдей болса, қабырғалар тік
бұрышта тұрады.
Квадрат плитка үлгісімен орнату (В суретін
қараңыз)
Өлшеу құралын бұрышқа 0° лазер сызығы қабырғаға
параллельді өтетін етіп орнатыңыз. Алғашқы
квадраттық плитканы 0°- мен 90° лазер сызығының
айқасу нүктесінде салыңыз.
Диагоналды үлгіде орнату (C суретін қараңыз)
Өлшеу құралын 45° лазер сызығы диагоналдық плитка
шігін белгілейтін етіп орнатыңыз.
Асхана бұрышында плитка салу (D суретін
қараңыз)
Алдымен алғашқы плиткалар жолағы басталатын
биіктікті өлшеңіз. Өлшеу құралын туралау тақтасымен
Bosch Power Tools