Herunterladen Diese Seite drucken

BRAYER BR4010 Bedienungsanleitung Seite 34

Werbung

Verfügbare Sprachen

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 12
34
KZ
• Құралды қараусыз қалдырмаңыз. Жұмыс уақы-
тындағы үзіліс кезінде үтікті (вертикаль күйінде)
негізіне орнатыңыз.
• Қуаттандыру бауының айырын электрлік розеткаға
салудың алдында температураны реттегішті
минималдық күйге орнатып, буды тұрақты беруді
өшіріңіз.
• Үтікті пайдаланбаған кезде міндетті түрде үтікті
өшіріп, қуаттандыру бауының айырын электрлік
розеткадан шығарып қойыңыз.
• Суқоймаға тұрмыстық сүзгіштен қосымша таза-
ланған суды құюға кеңес беріледі.
• Суға арналған резервуарға газдандырылған
суды, хош иістендіргіш сұйықтықтарды, сірке суы
қышқылын, крахмал ерітіндісін, қақтарды жоюға
арналған реагенттерді, химиялық заттарды ж.т.б.
құюға тыйым салынады.
• Суқоймадағы судың деңгейі «max» максималдық
белгісінен жоғары болмауын бақылаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үтіктің беттері жұмыс
уақытында қызады. Күйіп қалмау үшін терінің ашық
жерлерін үтіктің ыстық беттеріне немесе шығатын
буға тигізбеңіз.
• Адам киіп тұрған киімді буландыруға тыйым салы-
нады, киімді үнемі тек қана ілгішке іліңіз.
• Қуаттандыру бауын үтікті тасымалдауға арналған
қолсап ретінде пайдалануға тыйым салынады.
• Үтікті пайдаланып болғаннан кейін немесе оны
тазалаудың алдында құралды өшіріп, қуаттандыру
бауының айырын шығарыңыз.
• Құралды электр желісінен ажыратқан кезде тек қу-
аттандыру бауының айырынан ұстаңыз және оны
электр розеткасынан абайлап суырыңыз, қуаттан-
дыру бауынан тартпаңыз – бұл оның зақымдануы-
на әкеліп, қысқа тұйықталуын тудыруы мүмкін.
• Электр тогының соғуына жол бермеу үшін үтікті,
қуаттандыру бауын және қуаттандыру бауының
айырын суға немесе кез-келген басқа сұй-
ықтықтарға салуға болмайды.
• Үтікті жинап қоярдың алдында оны толық суытып,
судың қалдығын төгіңіз.
• Құралды тұрақты түрде тазалап тұрыңыз.
• Балалардың қауіпсіздігі үшін орама ретінде
пайдаланылатын полиэтилен пакеттерді қараусыз
қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен қаптар-
мен немесе қаптамалық үлдірмен ойнауға рұқсат
етпеңіз. Тұншығу қаупі бар!
• Құрал балалардың пайдалануына арналмаған.
• Құралды ойыншық ретінде пайдалануға жол бер-
меу үшін балаларды қадағалаңыз.
• Балаларға жұмыс істеп тұрған құралдың жұмыс
бетін, құрал корпусын, қуаттандыру бауы немесе
қуаттандыру бауының айырын ұстауға рұқсат
етпеңіз.
• Егер жұмыс істеп тұрған құралдың маңында
балалар немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдар
болса, онда ерекше назарда болыңыз.

Werbung

loading