118 | Қазақ
Қосқышты/өшіргішті (4) жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Толық автоматты шпиндель бекіткіші (Auto-Lock)
Ажыратқыш (4) басылмаған кезде, бұрғылау шпинделі
мен құрал бекіткіші бұғатталады.
Бұл аккумулятор (8) заряды таусылғанда да
бұрандаларды бұрап кіргізуге немесе электр құралын
бұрауыш ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Жүріс тежегіші
Қосқышты/өшіргішті (4) жібергенде, бұрғылау патроны
тежеледі және осылай жұмыс құралының жүрісі
тоқтатылады.
Шуруптарды бұрап бекіткенде қосқышты/өшіргішті (4)
шуруп дайындамаға біртегіс бұрап бекітілгенде ғана
жіберіңіз. Бұл жағдайда шуруптың басы дайындамаға
тартылмайды.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумуляторды зарядтау күйінің индикаторы (6)бірнеше
секунд жартылай немесе толық басылған қосқыш/
өшіргіш (4)күйінде аккумулятордың зарядталғанын
көрсетеді және 3 жасыл жарық диодын қамтиды.
Жарық диодтары
Үздіксіз жарық 3× жасыл
Үздіксіз жарық 2× жасыл
Үздіксіз жарық 1× жасыл
Жыпылықтау 1× жасыл
Артық жүктемеден жылу қорғанышы
Тағайындалуына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралы
артық жүктелмейді. Асқын жүктелгенде немесе
аккумулятор температурасы ұйғарынды мөлшерден асып
кетсе, электроника электр құралын тиісті температура
аймағына қайту үшін автоматты өшіреді.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең
заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ
болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы
өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
Қисайтылатын құрал бастиегі (D суретін қараңыз)
Құрал бастиегін 5 түрлі бұрыш реттеулерінде бұғаттауға
болады. Құлыптан босату түймесін (5) басып, құрал
бастиегін қалаулы күйге қайырыңыз. Содан кейін
құлыптан босату түймесін (5) қайтадан жіберіңіз.
Қолданысқа енгізуден бұын құрал бастиегінің
u
тиісті бұрыштық күйде бұғатталғанын тексеріңіз.
Жарақат алу қаупі бар.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралды шурупқа тек өшірілген күйде
u
қойыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып
кетуі мүмкін.
1 609 92A 4VC | (25.05.2020)
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату
үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу
керек.
Металда бұрғылау үшін жоғары сапалы, тез кесетін
болаттан жасалған мүлтіксіз, өткірленген бұрғыларды
пайдаланыңыз. Bosch керек-жарақтары бағдарламасы
тиісті сапаға кепілдік береді.
Үлкен шуруптарды қатты материалдарға бұрап бекіту
алдында шуруптардың ұзындығының шамамен 2/3 ішкі
ирек ойма диаметріне сәйкес келетін диаметрі бар тесікті
алдын ала бұрғылау керек.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Қуаты
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
≥66 %
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
≥33 %
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
<33 %
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Резерв
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
Bosch Power Tools