көмегіне жүгініңіз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді
тудыруы мүмкін.
▶ Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды қолданбаңыз. Зақымдалған не пішіні
өзгертілген аккумуляторларды болжауға болмайды және олар өрт, жарылыс не жарақаттану қаупін
тудырады.
▶ Аккумуляторды өрт не жоғары температуралы аймақтардан алшақ ұстаңыз. Өрт немесе 130
°C (265 °F) жоғары температуралар жарылыс тудыруы мүмкін.
▶ Зарядтау үшін барлық нұсқауларды орындаңыз және аккумулятор не аккумуляторлық
құралды ешқашан пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген температура ауқымдарынан
тыс зарядтамаңыз. Қате зарядтау немесе рұқсатты температура ауқымдарынан тыс зарядтау
аккумуляторды бұзуы және өрт қаупін арттыруы мүмкін.
Қызмет
▶ Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
▶ Зақымдалған аккумуляторларға ешқашан қызмет көрсетпеңіз. Аккумулятордың толық күтімін
тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету орталықтары орындауы тиіс.
2.2
Перфораторлармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Барлық жұмыстарға арналған қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
▶ Қорғауыш құлаққапты киіңіз. Шу әсерінің нәтижесінде есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
▶ Аспап жинағына кіретін қосымша тұтқыштарды қолданыңыз. Аспапты басқаруды жоғалту
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Пайдаланатын аспабыңыз көзден таса электр желісіне тиіп кетуі мүмкін болса, аспаптың
арнайы жеке бөлінген жерінен ұстаңыз. Электр сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған
металл бөліктері кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Ұзын бұрғы пайдаланылған кездегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
▶ Бұрғылау әрекетін әрдайым төмен айналу жиілігімен және бұрғы дайындамамен жанасып
тұрғанда ғана бастаңыз. Айналу жиілігі жоғары болған жағдайда бұрғы дайындамамен жанаспай
еркін айналғаннан сәл қисайып кетуі және жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
▶ Шамадан артық қысым қолданбаңыз және тек қана бойлық бағытпен бұрғылаңыз. Бұрғылар
қисайып жарылуы мүмкін немесе бақылау мүмкіндігінен айырылып, жарақат алуыңыз мүмкін.
2.3
Перфоратор қауіпсіздігі бойынша қосымша нұсқаулар
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Өнімді және керек-жарақтарды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶ Өнімде немесе керек-жарақтарда ешқандай манипуляциялар не өзгерістер орындамаңыз.
▶ Құлап қалған құралдардан және/немесе керек-жарақтардан жарақат алу қаупі бар. Жұмысты
бастамас бұрын аккумулятор мен қондырылған керек-жарақтың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
▶ Желдету саңылауларын әрдайым бос ұстаңыз. Үсті жабылған желдету саңылауларынан өрт қаупі
туындайды!
▶ Тесіп өтетін бұрғылау кезінде қауіпті аймақты қабырғаның қарама-қарсы жағынан қоршаңыз.
Сыртқа шығатын және/немесе төмен түсетін сынықтар адамдарға жарақат тигізуі мүмкін.
▶ Өнімді әрқашан екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Тұтқышты құрғақ әрі таза күйінде ұстаңыз.
▶ Өнімді пайдаланған кезде әрдайым тұрақтылық сақтаңыз. Жұмысты бастамас бұрын тепе-теңдік
пен бақылау мүмкіндігінің бар болғанына көз жеткізіңіз.
▶ Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз - жарақат алу қаупі бар!
▶ Өңдеу арқылы материал жарылуы мүмкін. Бұл сынықтар дене мен көздерге жарақат тигізуі мүмкін.
Өнімді қолдану барысында қорғауыш көзілдірікті, қорғауыш касканы және қорғауыш құлаққапты
киіп жүріңіз. Шаңсорғышты пайдаланған кезде қосымша жеңіл респираторды киіп жүріңіз.
▶ Құралды алмастырған кезде қорғауыш қолғап киіңіз. Алмалы-салмалы аспапқа тию кесіктерге және
күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
228
Қазақ
2267486
*2267486*