142 | Қазақ
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Қаптама (E суретін қараңыз)
Қаптама қалпағын (16) электр құралын шаңсоруға қосу
алдында орнатыңыз.
Қаптаманы (16) ұстағыш жанасудан қорғанысқа (11)
кіретіндей электр құралына орнатыңыз.
Қаптаманы (16) шаңсорғышсыз жұмыс істеу және еңістік
кесік жасау үшін алып тастаңыз. Ол үшін қаптаманы алға
қарай жанасудан қорғаныстан (11) тартып алыңыз.
Шаңсорғышты жалғау (F–G суреттерін қараңыз)
Аспирациялық келте құбырды (17) тіреу тақтасының (5)
ойығына орнатыңыз.
Аспирациялық келте құбырдағы ойықтар F суретінде
көрсетілгендей тіреу тақтасының (5) тиісті саңылауына
тірелгеніне көз жеткізіңіз.
Шаңсорғыш шлангын (18) (керек-жарақ) жоңқаларды
аспирациялық келте құбырға (17) қосыңыз. Сорғыш
шлангын (18) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар).
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Оптималды шаңсору үшін мүмкіндігінше жарылудан
сақтайтын пластинаны (15) орнатыңыз.
Жоңқа үрлеу жабдығын шаңсорғыш жалғанған кезде
өшіріңіз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тербелісті реттеу
Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын,
аралау өнімділігін және аралау суретін өңделетін
материалға лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеу тұтқышымен (7) тербелуді пайдалану кезінде де
реттеуге болады.
1 609 92A 85Z | (05.08.2022)
0 деңгейі
тербеліс жоқ
I деңгей
кіші тербеліс
II деңгей
орташа тербеліс
III деңгей
үлкен тербеліс
Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс басқышы сынақ
тәжірибемен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды
ескеріңіз:
– Кесік шеті қанша нәзік және таза болуы керек болса,
тербеліс басқышын сонша кіші реттеңіз немесе
толығымен өшіріңіз.
– Жұқа заттектерді (мысалы металды) өңдегенде
тербелісті өшіріңіз.
– Қатты заттектерді өңдегенде (мысалы, болат) кіші
тербелісті реттеңіз.
– Жұмсақ материалдарда және ағашты талшықтар
бағытында аралаған кезде максималдық тербеліспен
жұмыс істеуге болады.
Еңіс бұрышын реттеу (I суретін қараңыз)
Тіреуіш тақта (5) тек 45° дейін еңіс бұрыштары үшін оңға
қырылуы мүмкін.
Қаптаманы (16), аспирациялық келте құбырды (17) және
жарылудан сақтайтын пластинаны (15) қиғаш кесік жасау
кезінде пайдалану мүмкін емес.
– Аспирациялық келте құбырды (17) сәл жоғары итеріп,
оны тіреу тақтасынан (5) тартып шығарыңыз.
– Қаптаманы (16) және жарылудан сақтайтын
пластинаны (15) алып тастаңыз.
– Бұранданы (19) алты қырлы дөңбек кілтпен (4)
босатып, тіреу тақтасын (5) желілік кабельге қарай
азғантай жылжытыңыз.
– Дәл еңіс бұрышын реттеу үшін тіреу тақтасының оң
жән сол жағында бірнеше тірелу нүктесі бар. Тіреу
тақтасын (5) шкалаға (20) сәйкес қажетті күйге
қисайтыңыз. Басқа еңіс бұрыштарын бұрыш өлшегіші
арқылы реттеуге болады.
– Содан кейін тіреу тақтасын (5) ара дискісіне (10)
қарай тірелгенше жылжытыңыз.
– Бұранданы (19) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Тіреу тақтасын жылжыту (I суретін қараңыз)
Шетке жақын аралау үшін тіреуіш тақтаны (5) арқыға
жылжытуға болады.
Бұранданы (19) босатып, тіреу тақтасын (5) желілік
кабельге қарай тірелгенше жылжытыңыз.
(19) бұрандамасын қайта берік бұрап қойыңыз.
Жылжытылған тіреу тақтасымен (5) аралау тек 0° еңіс
бұрышында орындалуы мүмкін. Оған қоса параллель
тіректі айналатын кескішпен (23) (керек-жарақ) және
жарылудан сақтайтын пластинамен (15) бірге
пайдалануға болмайды.
Жоңқа үрлеу құрылғысы
Жоңқа үрлеу жабдығыдан ауа ағынымен кесік сызығын
жоңқалардан бос сақтауға болады.
Bosch Power Tools