Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch AdvancedChain 36V-35-40 Originalbetriebsanleitung Seite 216

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für AdvancedChain 36V-35-40:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 3
216 | Қазақ
– Шынжырды керу шығыршығын (15) лайықты
шынжырлы кернеу орнатылғанша дейін сағат тілі
бағытымен бұрыңыз. Шынжырды керу шығыршығын
(15) реттеу барысында тоқтатқыш түймешігі (16),
оның өз-өзімен бұрылып қалып тым ерте бекітіліп
қалуына жол бермеу үшін, қолыңызбен ұсталып
тұрылуына көз жеткізіңіз.
– Ара шынжыры (13) , оны оның ортасынан шам.
6−7 мм көтере алу мүмкін болғанда, дұрыс кернелген
деп саналады. Бұл әрекет ара шынжырын шынжырлы
араның өз салмағына қарсы бір қолмен жоғарыға
қарай тарту арқылы өткізілуі лазым.
– Лайықты керілу күйі орнатылғаннан сәттен кейін
шынжырды керу шығыршығын (15) қолыңызбен нық
ұстап отырып, тоқтатқыш түймешігін (16) сағат тілі
бағытымен нық бұрыңыз.
– Ара тым нық түрде керіліп қалған жағдайда тоқтатқыш
түймешігін (16) бұрап отырып шығарыңыз және керу
қадамдарын қайта қайталаңыз.
– Керу жүйесінің тіреуіш механизмі шынжырдың босап
қалуына жол бермей отырады. Шынжырды керу
шығыршығы (15) лайықты түрде бұрыла алынбаған
жағдайда тоқтатқыш түймешігін (16) сағат тілінің
бағытына қарсы бағытпен бұра отырып босатып
алыңыз.
Ара шынжырын майлау (C суретін қараңыз)
Назарыңызда болсын: Сатылғанда немесе жеткізіп
берілгенде шынжырлы ара арнайы ара шынжыр
майымен толтырылмаған. Шынжырлы араны қолдану
алдынан оның маймен толтырылған болуы маңызды.
Шынжырлы араны ара шынжыры үшін арналған арнайы
майсыз қолдануы немесе бар болған май көлемі керекті
деңгейден төмен болғаны шынжырлы араның бұзылуына
апарады.
Ара шынжырының жұмыс өмірі мен кесу өнімділігі оның
майлану үйлесімділігіне байланысты. Сондықтан ара
шынжыры май бүріккіші (7) арқылы іске қосылып
қолданылған уақытта автоматты түрде ара шынжыры үшін
арналған арнайы майымен майланып отырады.
Май резервуарын толтыру үшін төмендегідей әрекет
етіңіз:
– Шынжырлы араны май резервуары қақпағымен (19)
лайықты төсем үстінен жоғарыға қарай қаратып
қойыңыз.
– Май резервуары қақпағының (19) айналасын
шүберекпен тазалап алып, қақпағын бұрап отырып
шығарып алыңыз.
– Май резервуарына Bosch компаниясы арқылы ара
шынжырлары үшін шығарылған арнайы, биологиялық
тұрғыдан бөлшектеніп ажырай алатын майын, май
деңгейі май көлемін бақылау саңылауы арқылы (25)
көрілгенше дейін толтырыңыз. Май резервуарына лас
пен кірдің түсіп қалуын болдырмау үшін абай бола
отырып әрекеттеніңіз. Май резервуары қақпағын (19)
бұра отырып қайтадан толығымен жауып қойыңыз.
F 016 L81 992 | (25.01.2023)
Нұсқау: Шынжырлы араның зақымдануын болдырмау
үшін тек қана биологиялық тұрғыда тез бөлшектеніп
ажырай алатын шынжырлы майлау заттарын (RAL-UZ48
ережелеріне сай) қолданыңыз. Ешқашан пайдаланған
майды немесе ескі майды пайдаланбаңыз. Рұқсат
етілмеген майды пайдалансаңыз кепілдік жарамсыз
болады.
Нұсқау: Май фильтрі май резервуары ішіне
құрастырылып орнатылған. Тазалау немесе қателерді
жою сұрақтары бойынша Bosch компаниясының
техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.
Назарыңызда болсын: Bosch компаниясы арқылы ара
шынжырлары үшін шығарылған арнайы, биологиялық
тұрғыдан бөлшектеніп ажырай алатын майын
қолдануыңыз лазым. Осы май туралы мәліметтерді
құрамдас бөлшектер бағдарламасында таба аласыз.
Нұсқау: Төмен температураларда май тұтқыр болып
кетіп, осының салдарынан май өнімділігінің деңгейі
төмендеп кетеді.
Іске қосу
Аккумуляторды енгізу/шығару ( Dсуретін
қараңыз)
Нұсқау: Лайықты болмаған аккумуляторларды қолдану
құралдың дұрыс істемеуіне немесе зақымдануына апара
алады.
Қуаттандырылған аккумуляторды (21) енгізіңіз.
Аккумулятордың толығымен енгізіліп қойылғанын
тексеріңіз.
Аккумуляторды (21) құралдан шығарып алу үшін,
аккумуляторды бұғаттан шығару түймешігін (22) басып,
аккумуляторды шығарып алыңыз.
Аккумуляторды қуаттандыру
Желі кернеуіне назар аударыңыз! Тоқ көзінің
u
кернеуі қуаттандыру құралының зауыттық
тақташасындағы мәндеріне сай болуы тиіс.
Аккумулятор, температура деңгейінің тек 0 °C мен 35 °C
арасында ғана қуаттандыруды мүмкін ететін температура
бақылаушы жүйесімен жабдықталған. Осының
арқысында аккумулятордың жұмыс уақыты ұзақ болуы
қамтамасыз етіледі.
Нұсқау: Құрал сатылып не жеткізіліп берілген кезде оның
аккумуляторы жартылай қуаттандырылған қалыпта
болады. Аккумулятор жұмысының толық көлемін
қамтамасыз ету үшін оны алғашқы рет пайдалану
алдынан алдымен толығымен қуаттандырып алыңыз.
Литий-иондық аккумуляторды әрқашан қуаттандырып
отыруға болады, бұл оның пайдалану мерзімін ешбір
түрде қысқартпайды. Қуаттандыру барысын үзу
аккумулятордың зақымдануына апармайды.
Литий иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" жүйесі арқылы терең қуатсызданудан қорғалған.
Аккумулятор толығымен қуатсызданып қалған жағдайда
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis