Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GCM 10 GDJ Professional Originalbetriebsanleitung Seite 287

Paneelsäge
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
– Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
орнатыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан
тартып қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Өзіндік сору (d суретін қараңыз)
Жоңқаны ұстап алу үшін жинақтағы шаң жинағыш қапты
(1) пайдаланыңыз.
– Шаң жинағыш қапты (1), сору адаптерінің (35) істігі
шаң жинағыш қаптың саңылауына кіретіндей етіп, сору
адаптеріне енгізіп, бұраңыз.
Шаң жинағыш қап аралау кезінде жылжымалы құрылғы
бөліктеріне тимеуі тиіс.
Шаң жинағыш қапты дер кезінде босатыңыз.
Шаң жинағыш қапты әр пайдаланғаннан кейін
u
тексеріп тазалаңыз.
Өрт қаупінің алдын алу үшін алюминийді аралау
u
кезінде шаң жинағыш қапты алып тастаңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаң сору үшін сору адаптеріне (35) шаңсорғыш
шлангісін (диаметрі мм) де жалғауға болады.
– Шаңсорғыш шлангісін сору адаптеріне (35) жалғаңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Сорғыш алаптерді тазалау
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін
(35) жүйелі түрде тазалап тұру керек.
Bosch Power Tools
– Сорғыш адаптерді (35) бұрап жоңқа шығатын жерден
(36) шығарыңыз.
– Дайындаманың снықтары мен жоңқаларын алып
қойыңыз.
– Сорғыш адаптерді бұрап жоңқа шығатын жерге жоғқа
шығатын жерлің ұстау сақинасының жоғарысында
тірелгенше бұрап басыңыз.
Ара дискісін алмастыру (e1−e4 суреттерін
қараңыз)
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
u
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі
бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге
сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті
ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін
пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне
жол бермейді.
Аралау дискісін шешу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Бұғаттау бұрандасын (37) алты қырлы дөңбек кілтпен
(6 мм) (30) тарту механизмі (38) еркін асылып
тұратындай етіп босатыңыз.
– Бекіткіш бұранданы (39) (шам. 2 айналым) алты
қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (30) босатыңыз.
Бұранданы толық бұрап шығармаңыз.
– Бекіткіш бұранданы (40) (шам. 6 айналым) алты
қырлы дөңбек кілтпен (4 мм) (30) босатыңыз.
Бұранданы толық бұрап шығармаңыз.
– Қаптама панельді (41) бекіткіш бұрандадан (40) алға
және төмен қарай тартып алыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (6) артқа қайырып,
маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
– Тарту механизмін (38) саңылауын бекіткіш
бұрандаға (40) қаратып іліңіз.
Осылайша маятниктік қорғаныш қаптама ашық күйде
сақталады.
– Алты қырлы дөңбек бұранданы (43) алты қырлы
дөңбек кілтпен (6 мм) (30) бұрап, дәл сол мезетте
шпиндель бекіткішін (42) тірелгенше басыңыз.
– Шпиндель бекіткішін (42) басып тұрып, алты қырлы
дөңбек бұранданы (43) сағат тілінің бағытымен бұрап
шығарыңыз (сол жақ ирек ойма!).
– Қысқыш фланецті (44) алып тастаңыз.
– Ара дискісін (34) шығарыңыз.
Қазақ | 287
1 609 92A 6SR | (09.07.2021)

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis