Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GKF 550 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 109

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Көшіру гильзасының ішкі диаметрінен кіші
u
болатын фреза диаметрін таңдаңыз.
Сырғу тақтасының (8) астыңғы жағындағы төрт
цилиндрлік бұранданы бұрап шығарып, сырғу тақтасын
алып тастаңыз.
Көшіру гильзасын (17) сырғу тақтасына енгізіңіз (E2
суретін қараңыз).
Сырғу тақтасын қайтадан тірек тақтасына (9) бос етіп
бұрап бекітіңіз. Сырғу тақтасы еркін жылжуы тиіс.
Фреза ортасынан көшіру гильзасының жиегіне дейін
бірдей арақашықтық болуы үшін, қажет болса, көшіру
гильзасы мен сырғу тақтасын өзара ортаға келтіру керек.
– Сырғу тақтасын фреза мен көшіру гильзасы сырғу
тақтасы саңылауының ортасына келетіндей етіп
туралаңыз (E3 суретін қараңыз).
– Сырғу тақтасын осы күйде ұстап тұрып, бекіткіш
бұрандаларды мықтап тартыңыз.
Көшіру гильзасымен (17) фрезерлеу үшін келесідей
әрекет етіңіз:
– Электр құралын көшіру гильзасымен (17) шаблонға
қойыңыз.
– Шығыңқы көшіру гильзасы бар электр құралын
бүйірінен қысу арқылы шаблон бойымен жүргізіңіз.
Шеттік немесе пішіндік фрезалар (F суретін қараңыз)
Параллель тірексіз жиектерді және профидьдерді
фрезерлеу кезінде фреза бағыттағыш шетмойынмен
немесе шарикті подшипникпен жабдықталуы керек.
Қосылған электр аспапты бағыттағыш шетмойын немесе
шарикті подшипник дайындаманың өңделетін жиегіне
тірелетіндей етіп қойыңыз.
Электр құралын дайындама шеті жағалай басқарыңыз.
Сонымен қатар, тік бұрышты қойылуын қадағалаңыз. Тым
қатты күш түсірген жағдайда дайындама жиегі
зақымдануы мүмкін.
Параллель тірекпен фрезерлеу (G суретін қараңыз)
Жиекке параллель кесу үшін параллель тіректі (18)
орнатуға болады.
Параллель тіректі (18) фреза қорабына (2) домалатпа
басты бұрандамен (4) бекітіңіз.
Параллель тіректегі (19) қатпарлы бұрандамен қажетті
тіреу тереңдігін реттеңіз.
Қосылған электр құралын біркелкі алға қарай жүріспен
және параллель тіректі бүйірінен қысу арқылы
дайындама жиегінің бойымен жүргізіңіз.
Фрезалар бағыттауышпен (H суретін қараңыз)
Жылжыту көмекшісі (20) бағыттауыш цапфа немесе
шарлы мойынтірексіз фрезалармен шеттерді
фрезерлеуге арналған.
Бағыттауышты фрезерлеу қорабында (2) сомынмен (4)
бекітіңіз.
Электр құралын бірдей ретте жылжытып дайындама шеті
жағалай басқарыңыз.
Bosch Power Tools
Жан аралық: Материал алудың көлемін өзгерту үшін
дайындама мен сырғанақ дөңгелек(23) арасындағы жан
аралықты жылжыту көмекшісінде (20) реттеңіз.
Қатпарлы бұранданы (21) босатып, керекті жан
аралықты қатпарлы бұранданы (22) бұрап орнатып,
қатпарлы бұранданы (21) қайта бұрап бекітіңіз.
Биіктігі: Пайдаланған фрезаға және өңделетін
дайындамаға байланысты жылжыту көмекшісінің
вертикалды бағытталуын орнатыңыз.
Сомынды (4) бағыттауышта босатып, бағыттауышты
керекті күйге жылжытып бұранданы тартып қойыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
Қазақ | 109
1 609 92A 5B0 | (01.10.2019)

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis