Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану Нұсқаулары - Bosch 0 607 560...500 Originalbetriebsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 5
OBJ_DOKU-30379-003.fm Page 131 Wednesday, June 11, 2014 10:12 AM
Жинау
Ауа жетістіруге қосылу (А суретін қараңыз)
 Ауа қысымы 6,3 бардан (91 пси) төмен болмауына
көз жеткізіңіз, өйткені пневматикалық құрал осы
жұмыс қысымына арналған.
Максималды қуатқа жету үшін шлангтың жарықтағы ені
мен қосылу ойығы көлемі „Техникалық мәліметтер"
кестесінде көрсетілгенлей болуы қажет. Толық қуатты
сақтау үшін шлангтардың максималды ұзындығы 4 м
болуы қажет.
Жеткізілген сығылған ауа бөгде дене мен ылғалдықтан бос
болуы қажет, өйткені пневматикалық құралды
зақымданудан, ластанудан немесе зеңден қорғау қажет.
Ескертпе: Сығылған ауа қызмет көрсету құрылғысын
пайдалану керек. Бұл құрылғы арқылы пневматикалық
құралдың мінсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мүмкін.
Қызмет көрсету құрылғысының пайдалану
нұсқаулықтарын орындаңыз.
Барлық арматура, біріктіру құбырлары мен шлангтар
қысым және талап етілген ауа көлеміне сай ретте
орындалуы қажет.
Жеткізу шлангтарының жаншылмауына, иілмеуіне немесе
жартылмауына көз жеткізіңіз!
Қажет болса ауа кіруінде манометрмен пнематикалық
құралды қосып қысымды өлшеңіз.
Ауа жетістіруінің пневматикалық құралға қосылуы
– Шлангтық келте құбырды 4 ауа кірісінің 3 біріктіретін
келте құбырына бұрап кіргізіңіз.
Пневматикалық құралдың ішкі клапан бөлшектерін
зақымдамау үшін, шлангтық келте құбырды 4 ауа
кірісінің 3 алдындағы біріктіретін келсе құбырына
бұрап кіргізу немесе шығару кезінде жазылма кілттімен
(кілт көлемі 22 мм) тіреңіз.
– Шланг қамыттарын 5 ауа құйылу шлангында 6 босатып
ауа құйылу шлангын келте құбыр 4 үстінен шланг
қамытын тартып бекітіңіз .
Ескертпе: Ауа құйылу шлангын алдымен пневматикалық
құралға сосын қызмет көрсету құрылғысына қосыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты орнату
Ойғышты орнату (0 607 560 500) (В суретін қараңыз)
– Бөгет серіппені 8 тірелгенше 7 аспап патронына бұрап
бекітіңіз.
– Сымдық ілгішті 9 8 бөгет серіппеде басып, ойғышты
қамыты сым ілгіші артында болғанша орнатыңыз.
– Сым ілгішті 9 жіберіңіз.
Ойғыш осылай түсіп кетуден сақталады.
Шегелерді алмастыру (0 607 560 502)
(C суретін қараңыз)
– Цилиндрлік бұрандаларды босатыңыз 12.
– Бағыттағыш гильзаны 11 шегелерден толық
шығарыңыз.
Осылай серіппенің тесілген дискіге тигізетін қысымы
жойылады 14.
Bosch Power Tools
– Тесілген дискіні 14 шегелермен 13 шеге ұстағышынан
шығарыңыз.
– Шегелерді артқа қағып алмастырыңыз.
– Барлық бөліктерді қайта орнатып, барлық цилиндрлік
бұрандаларды контрсомындармен қайта тартып
қойыңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Пневматикалық құрылғы қосылған жағдайда ауа кірісінде
өлшенген 6,3 бар (91 пси) жұмыс қысымында істейді.
Қосу/өшіру
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
– Пневматикалық құралды қосу үшін қосқыш/өшіргішті 1
басып жұмыс кезінде оны басылған күйде сақтаңыз.
– Пневматикалық құралдың өшіру үшін
қосқыш/өшіргішті жіберіңіз 1.
Пайдалану нұсқаулары
Тосыннан пайда болатын жүктеулер қатты айналымдар
санының төменделуіне немесе тоқтауына әсер етеді бірақ
қозғалтқышқа зиян жеткізбейді.
Жұмыс істегенде пневматикалық құралдың бос
айналмауын қамтамасыз етіңіз.
Ойғышты немесе шегелерді әрдайым дайындамаға қатты
басыңыз.
Шегелерді реттеу (0 607 560 502)
– Цилиндрлік бұрандаларды босатыңыз 12.
– Бағыттағыш гильзаны 11 аздап алысырақ 13шегелер
ұстағышына жылжытыңыз.
– Цилиндрлік бұрандаларды контрсомындармен қайта
тартып қойыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
маман оқыған қызметкерлер орындасын. Сол
арқылы пневматикалық құрал қауіпсіздігін сақтайсыз.
Өкілетті Bosch сервистік орталығы бұл жұмыстарды
жылдам және сенімді ретте орындайды.
Жүйелік түрдегі тазалау
– Пневматикалық құралдың ауа кірісіндегі торын жүйелік
түрде тазалаңыз. Бұл үшін шлангтық келте құбырды 4
шешіп торды шаңдан және ластан тазалаңыз. Сосын
шлангтық келте құбырды қайта орнатыңыз.
– Сығылған ауа ішіндегі су мен лас бөлшектері зеңдеу
себебі болып қатпар, клапан т.б. тозуына алып келуі
мүмкін. Алдын алу үшін ауа кірісіне 3 бірнеше тамшы
мотор майын тамызу керек. Пневматикалық құралды
қайта ауа жетістіруіне қосып („Ауа жетістіруге қосылу",
131 бетін қараңыз) оны 5–10 с істетіп, шығатып
майын шүберекпен сүртіңіз. Егер пневматикалық
құрал ұзақ уақыт пайдаланылмаса бқл әдісті
әрдайым орындау керек.
Қaзақша | 131
1 609 92A 0TG | (11.6.14)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

0 607 560...502

Inhaltsverzeichnis