Herunterladen Diese Seite drucken

AEG Crystal Grill Benutzerinformation Seite 30

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Бұйым сипаттамасы
30
KK
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
Кәсіпқой қуырғыш табақ - берік жабыспайтын жабыны бар алюминийден жасалған
жоғары сапалы өнім.
Оның жайпақ түбі шыны керамикадан жасалған индукциялық пештерде пайдалануға
қолайлы.
Назарыңызда болсын!
Оны газ оттықтарында қолданбаңыз! Ыстық газ ыдыстың аумағынан шығып кетіп,
маңайдағы заттарды (мысалы, жұмыс алаңын, айналасын т.б.) бүлдіруі немесе
тұтандыруы мүмкін.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Пайдалану кезіндегі қауіпсіздік
• Бірінші рет пайдаланар алдында барлық орамдарын, жапсырмалары мен
төсемдерін алыңыз.
• Ыдыстардың тасымалдау кезінде бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлініп қалса
қолданбаңыз
• Тұтқаларына нұқсан келген ыдыстарды қолданбаңыз. Тұтқалары сынып қалса
жарақат алу қаупі бар
• Күйіп қалу қаупі бар! Қолдану барысында ыдыс, ыдыстың шеті ысиды.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұтқалары ыстық! Ыдыс қолданылып тұрса, тұтқалары ысып тұрады. Ыстық ыдысты
жылжытқан кезде қолғапты қолданыңыз
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу қатері бар!Қатты қызған тоңмай мен өсімдік майлары тез тұтануы мүмкін.
Дұрыс пайдалану
• Піскен тағамды өткір немесе қатты заттан (тот баспайтын болат, алюминий,
керамика) жасалған ас үй құралымен немесе қырғыштармен алмаңыз! Ағаш ас үй
құралдарын қолдануды ұсынамыз. Бұл ыдыстың майда қаптамасын қорғайды.
• Ыдысты жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Тек индукциялық пісіру құрылғыларында қолданыңыз. Қатты қызып тұрған
құрылғыларда қолданбаңыз. Қыздырғыш құрылғының беті ыдыстың майда
қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
• Ыдысты шамадан тыс қатты қыздырмаңыз! Себебі майда қаптамасына нұқсан
келіп, май немесе тоңмай тұтанып кетуі мүмкін.

Werbung

loading