6.2 Тазалау режимі
Тазалау режимі басқару тақтасының
функциясын 5 минутқа блоктайды.
Белсенді кезде таңбаларды түртудің әсері
болмайды.
Тазалау режимі белсенді кезде
Hob2Hood функциясы өшіріледі.
1. Режимді белсендіру үшін
түймесін 1 секунд түртіп тұрыңыз.
және
қосылады.
2. Режимді өшіру үшін таңбаларды қайта
1 секунд түртіп тұрыңыз.
және
өшеді.
6.3 Май сүзгісін тазалау
Сүзгілерді орнату үшін қарама-қарсы
жақтарында қысқыштар мен қадауыштар
пайдаланылған.
Сүзгіні тазалау үшін:
1. Ауа тартқыш құралдың астындағы
сүзгінің тұтқасын (1) тартып, сүзгінің
алдыңғы жағын аздап еңкейтіңіз.
1
2. Сүзгілерді жеміргіш емес жуғыш
заттарды қолданып жөкемен немесе
ыдыс жуғыш машинада тазалаңыз.
Ыдыс жуғыш машинада төмен
температураны және қысқа циклді
орнату керек. Май сүзгісінің түсі өзгеруі
мүмкін, бұл құрылғының жұмыс
істеуіне әсер етпейді.
3. Сүзгіні қайта орнына қою үшін алғашқы
екі қадамды керісінше орындаңыз.
Қажет болса, барлық сүзгілер үшін
қадамдарды қайталаңыз.
6.4 Көмір сүзгісін ауыстыру —
міндетті емес
Түріне байланысты сүзгі қалпына
келтірілуі не келтірілмеуі мүмкін.
Сүзгімен бірге берілген парақшаны
қараңыз.
және
Сүзгіні ауыстыру үшін:
1. Май сүзгілерін құрылғыдан шығарып
алыңыз.
Осы тараудағы «Май сүзгілерін тазалау»
бөлімін қараңыз.
2. Ауа тартқыш құралдың астындағы сүзгі
панеліндегі бекіту қысқышының
ұстағышын басыңыз (1).
3. Сүзгінің алдыңғы жағын төмен қарай
аздап еңкейтіңіз (2), содан кейін
тартыңыз.
Барлық сүзгілер үшін алғашқы екі қадамды
қайталаңыз.
4. Жаңа сүзгіні орнату үшін осы
қадамдарды керісінше орындаңыз.
Кез-келген жағдайда сүзгілерді кем
дегенде төрт ай сайын ауыстыру керек.
6.5 Шамды ауыстыру
Бұл құрылғы ЖШД шамымен және бөлек
іске қосу құралымен (ЖШД драйвері)
жабдықталған. Бұл бөлшектерді техник
қана ауыстыра алады. Ақаулық орын алған
жағдайда "Қауіпсіздік нұсқаулары"
тарауындағы "Қызмет көрсету" бөлімін
қараңыз.
145
ЕСКЕРТУ!
1
2