Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Тасымалдау; Сақтау - Kärcher K 4 WCM Originalbetriebsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Құрылғы қосылады.
Тазалау құралдарымен пайдалану
ҚАУІП
Техникалық төлқұжатты сақтамау
Жуғыш құралдарды тиісінше пайдаланбаған
жағдайда денсаулыққа ауыр зақым келеді.
Жуғыш құралдың өндірушісі құраған техникалық
төлқұжатты, көбінесе жеке қорғаныс құралдары
бойынша нұсқауларды қараңыз.
Нұсқау
KÄRCHER тазалау құралдары үздіксіз жұмыс
істеуге кепілдік береді. Сізге кеңес беруге рұқсат
етіңіз немесе біздің каталогты немесе тазалағыш
заттар туралы ақпараттық парақтарымызды
сұраңыз.
Нұсқау
Жуғыш құралды тек төменгі қысым кезінде
араластыруға болады.
1. Корпустан жуғыш құралға арналған сору
құбыршегінің талап етілетін ұзындығын
тартыңыз.
Сурет O
2. Жуғыш құралға арналған сору құбыршегін жуғыш
құралдың ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
3. Vario Power тетігін пайдаланыңыз.
4. Тетікті «SOFT» күйіне тірелгенше бұраңыз.
Жұмыс барысында жуғыш құралдың ерітіндісі су
ағысына араластырылады.
Ұсынылатын жуу тəсілі
1. Жуғыш құралды үнемдей отырып, құрғақ бетке
шашыңыз жəне сіңуге қалдырыңыз (кептірмей).
2. Еріген балшықты жоғары тегеурінді ағыспен
шайып тастаңыз.
Жуғыш құралмен жуғаннан кейін
1. Құрылғыны 30 секунд бойы таза сумен жуып
тастаңыз.
Жұмысты тоқтату
1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
Тетігі жіберілген кезде, құрылғы өшеді. Жүйеде
жоғары қысым қалады.
2. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
Сурет P
3. Жұмыс кезінде 5 минуттан аса үзілістерде
құрылғыны өшіріп жүріңіз («0/OFF»).
Жұмыстың аяқталуы
АБАЙЛАҢЫЗ
Жүйедегі қысым
Күшті тегеурін кезінде су ағысынан жарақат алу
Жоғары тегеурінді құбыршекті жүйедегі қысымды
тастағаннан кейін ғана ажыратыңыз.
1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
2. Су құбырының шүмегін жабыңыз.
3. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін 30 секунд
бойы басып тұрыңыз.
Жүйеде қалған қысым тасталады.
4. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
5. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
6. Құрылғыны су құбырының желісінен
ажыратыңыз.
7. Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»).
8. Желі істікшесін токтан ажыратыңыз.
146
АБАЙЛАҢЫЗ
Салмақтың сақталмауы
Жарақат алу жəне құрылғыны зақымдау қаупі
Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын
ескеріңіз.
Құрылғыны сүйреу
1. Құрылғыны тасымалдау тұтқасынан сүйреңіз.
Автомобильмен тасымалдау
1. Құрылғыны қисаймайтындай жəне
құламайтындай етіп бекітіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу жəне зақымдану қаупі бар!
Құрылғы көлбеу беттерде аударылып кетуі
мүмкін.
Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын
ескеріңіз.
1. Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
2. Шүмекті жоғары тегеурінді пистолеттен
ажыратыңыз.
3. Жоғары тегеурінді пистолетте ажырату
батырмасын басыңыз жəне жоғары тегеурінді
құбыршекті жоғары тегеурінді пистолеттен
ажыратыңыз.
4. Жоғары тегеурінді құбыршекке арналған тез
жалғағыш қосылыстың корпусын тетікпен
көрсетілген бағытта басыңыз жəне жоғары
тегеурінді құбыршекті шығарыңыз.
5. Жоғары тегеурінді құбіршекті салыңыз.
Шланг орамы жоқ құрылғылар
Уберите шланг высокого давления для хранения
на устройстве.
Шланг орамы бар құрылғылар
a Жоғары тегеурінді құбіршектің бір ұшын шланг
орамасының алдыңғы жағындағы саңылауға
салыңыз.
b Жоғары тегеурінді құбіршекті орау үшін иінді
бұраңыз.
c Жоғары тегеурінді құбіршекті екінші
қолыңызбен бағыттаңыз.
Сурет Q
d Шиыршықталған жоғары тегеурінді құбіршекті
шланг орамына кабель қыстырғышымен
бекітіңіз.
Сурет R
6. Құрылғыдағы желі кабелін салыңыз.
7. Бүріккіш түтіктің екеуін де, жоғары қысымды
пистолетті де тиісті қоймаға қойыңыз.
Ұзақ сақтау алдында қосымша нұсқауларды
сақтаңыз, Күтім жəне техникалық қызмет
көрсету-бөлімін қараңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Қатып қалу қаупі
Толығымен кептірілмеген құрылғының аяздан
зақымдалуы мүмкін.
Құрылғы мен құрамдас бөліктерін толығымен
құрғатып алыңыз.
Құрылғыны суық əсерінен қорғаңыз.
Мынаны орындау қажет:
● Құрылғы су құбырынан ажыратылған.
Қазақша
Тасымалдау
Сақтау
Құрылғыны ұстау
Аяздан қорғау

Werbung

Inhaltsverzeichnis

Fehlerbehebung

loading

Diese Anleitung auch für:

K 4 wcm premium

Inhaltsverzeichnis