154 | Қазақ
Шаңсорғышты тікелей бағыттылған су ағынымен
u
тазаламаңыз. Шаңсорғыш жоғарғы бөлігінің ішіне су
кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін арттырады.
Шаңсорғышты тиісті тәртіппен жерге тұйықталған
u
ток желісіне жалғаңыз. Розетка мен ұзартқыш
кабельде ақаусыз қорғаныш сым болуы қажет.
Белгілер
Төмендегі белгілер шаңсорғышты пайдаланған кезде
маңызды болуы мүмкін. Белгілер мен олардың
мағынасын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну
пайдаланушыға шаңсорғышты дұрыс әрі сенімді
пайдалануға көмектеседі.
Белгілер мен олардың мағынасы
ЕСКЕРТУ! Барлық қауіпсіздік
техникасының нұсқауларын және
ескертпелерді оқып шығыңыз.
Қауіпсіздік техникасының нұсқауларын
және ескертпелерді сақтамау ток
соғуға, өртке және/немесе ауыр
жарақаттануға әкелуі мүмкін.
IEC/EN 60335-2-69 бойынша L
класындағы шектік мәні > 1 мг/м³
болған денсаулыққа зиянды шаңды
құрғақ соруға арналған сорғыш
Шаңсорғышты, мысалы,
тасымалдау үшін кран ілгішіне
ілмеңіз. Шаңсорғышты кранмен
көтеруге болмайды. Жарақаттану және
зақым келтіру қаупі бар.
Шаңсорғыш үстіне отырмаңыз,
баспаңыз немесе тұрмаңыз. Кері
жағдайда шаңсорғыш құлауы немесе
зақымдалуы мүмкін. Жарақат алу қаупі
бар.
Іске қосу/тоқтату автоматикасы
Жұмыс істеп тұрған электр
құралдарынан шыққан шаңды сору
Шаңсорғыш автоматты түрде қосылып,
шамалы уақыттан соң қайта өшеді
Өшіру
Сору
Жиналған шаңды сору
1 609 92A 7GV | (17.08.2022)
Белгілер мен олардың мағынасы
Жалғанған электр құралының рұқсат
етілген қосылым қуаты туралы
деректер (елге байланысты)
Өнім және қуат сипаттамасы
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Сорғыш тұтанбайтын құрғақ шаңды, тұтанбайтын
сұйықтықтарды және су мен ауа қоспасын жинау, сору,
тасымалдау және ажыратуға арналған. Сорғыштың шаң
тудыру қабілеті тексеріліп, ол L шаң класына сәйкес
келеді. Ол кәсіпорындарда, мысалы, шеберханаларда,
өнеркәсіпте және зауыттарда пайдалануға қойылатын аса
жоғары талаптарға сай келеді.
IEC/EN 60335-2-69 стандарты бойынша L шаң
класындағы сорғыштарды тек жарылыстың шектік мәні
> 1 мг/м³ болған жағдайда денсаулыққа зиянды шаңды
сору үшін пайдалануға болады.
Шаңсорғышты тек барлық қызметтерді толық бағалап,
шектеусіз орындай алатын болғанда немесе тиісті
нұсқаулықтарды алғаннан соң пайдалану керек.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдас бөліктердің нөмірлері суреттері
бар беттердегі шаңсорғыштың сипаттамасына
негізделген.
(1) Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқыш
(2) Электр құралының розеткасы
(3) Шланг қысқышы (сору функциясы)
(4) Тарту тартпасы
(5) Басқару дөңгелегінің тежегіші
(6) Басқару дөңгелегі
(7) Контейнер
(8) Жүгіргі дөңгелек
(9) Сорғыштың жоғарғы бөлігіне арналған құлып
(10) Сорғыштың жоғарғы бөлігі
(11) Сорғыш шланг ұстағышы
(12) Тасымалдау тұтқасы
(13) Шланг қысқышы (үрлеу функциясы)
(14) Сору құбырларына арналған ұстағыш
(15) Сорғыш шланг
(16) Сору адаптері
Барлық қауіпсіздік
нұсқаулықтарын және
ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік
нұсқаулықтарын және
Bosch Power Tools