Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Metabo KHE 2245 Originalbetriebsanleitung Seite 67

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 4
7. Пайдалану
7.1
Бұрғылау тереңдігінің шектегішін
жылжыту
Қосымша тұтқышты (7) босатыңыз. Бұрғылау
тереңдігінің шектегішін (8) қалаулы бұрғылау
тереңдігіне орнатып, қосымша тұтқышты (7)
қайтадан тартыңыз.
7.2
Қосу/өшіру
Аспапты қосу үшін батырма ауыстырып-
қосқышты (13) басыңыз.
Айналу жиілігін батырма ауыстырып-қосқыш
арқылы өзгертуге болады.
Үздіксіз жұмыс режимі үшін батырма
ауыстырып-қосқышты бекіткіш түймемен (12)
бұғаттауға болады. Өшіру үшін батырма
ауыстырып-қосқышты қайтадан басыңыз.
Үздіксіз жұмыс режимінде аспап қолдан
түсірілген жағдайда да ары қарай жұмыс
істейді. Сондықтан әрдайым аспапты екі қолмен
арнайы тұтқыштарынан ұстаңыз, тұрақты
қалыпта тұрыңыз және бар назарыңызды
орындалатын жұмысқа аударыңыз.
7.3
Жұмыс режимін таңдау
Бұғаттаманы (9) басып, ауыстырып қосқыш
түймені (10) бұраңыз.
Соққылап бұрғылау
(тек перфораторлық бұрғы патроны (1)
пайдаланылған кезде реттеу)
Қашау
(тек перфораторлық бұрғы патроны (1)
пайдаланылған кезде реттеу)
Қашау позициясын реттеу
Осы күйде қашауды қажетті позицияға
бұраңыз. Содан кейін қашауды
бұралмайтындай етіп бұғаттау үшін
"Қашау" параметрін реттеп шығыңыз.
Бұрғылау
Қашау енгізілген кезде, аспапты тек қашау
жұмыс режимінде қолданыңыз.
Қашауы керілген аспапта иінтіректің
қозғалыстарына жол бермеңіз.
7.4
Айналу бағытын таңдау
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (11)
қозғалтқыштың тоқтатылған күйінде ғана
қосыңыз.
Айналу бағытын таңдау:
R = оң жаққа айналу (бұрғылау, соққылап
бұрғылау, қашау, бұрандаларды бұрап
кіргізу үшін)
L = сол жаққа айналу (бұрандаларды бұрап
шығару үшін)
7.5
Бұрғылау патронын ауыстыру (KHE ....
Q)
Патронды алмастырған кезде
шпиндельдің (6) тазалығына назар
аударыңыз. Шпиндельді сәл майлаңыз.
(арнайы май: тапсырыс № 6.31800).
Тек Metabo жеткізілім жиынтығындағы
бұрғылау патронын орнатыңыз.
Патронды алып тастау:
2-беттегі C сур. қараңыз.
- Патрон құлпын (3) көрсеткі бағытымен
тірелгенше бұраңыз (a) және патронды тартып
алыңыз (b).
Патронды орнату:
2-беттегі D сур. қараңыз.
- Патронды шпиндельге (6) орнатыңыз (a).
- Патрон құлпын (3) көрсеткі бағытымен, патрон
толықтай шпиндельге орнатылғанша бұраңыз
(b) да, патрон құлпын жіберіңіз.
- Патронның мықтап бекітілгенін тексеріп
шығыңыз.
Нұсқау: патронды алмастырған кезде онымен
бірге шпиндельдің айналуына жол бермеу үшін
ауыстырып қосқыш түймені (10) қашау
күйіне орнатыңыз.
7.6
Құралды алмастыру, перфораторлық
бұрғы патроны
Құрал білігін енгізуден бұрын тазалап
шығыңыз және арнайы маймен майлаңыз
(тапсырыс № 6.31800)! Тек SDS-Plus
құралдарын енгізіңіз!
Құралды енгізу:
- Құралды бұрап, тірелгенше енгізіңіз. Құрал
автоматты түрде құлыптанады.
Құралды шығару:
2-беттегі A сур. қараңыз.
- Құрал құлпын (2) көрсеткі бағытымен артқа
тартыңыз (a) және құралды шығарып алыңыз
(b).
7.7
Құралды алмастыру, жылдам
қысылатын бұрғылау патроны (KHE ....
Q)
Жылдам қысылатын бұрғылау патронын
металл, ағаш және т.с.с. материалдар бойынша
соққысыз бұрғылау кезінде және бұрау үшін
қолданыңыз.
Жұмыс құралын керу (2-беттегі B сур.
қараңыз):
Төлкені (5) "АШЫҚ, БОСАТУ" бағытымен
бұраңыз (a). Құралды барынша терең енгізіп (b),
төлкені, шерту сезілетін механикалық
қарсылықтан өткенше, қарама-қарсы бағытпен
бұраңыз (c). Назар аударыңыз! Құрал әлі де
тартылмаған!
Ары қарай бұрау мүмкін болмай қалғанша (бұл
ретте "шерту" дыбысы болуы керек), күшпен
ары қарай бұраңыз - сонда ғана құрал мықтап
тартылады.
ҚАЗАҚША kk
67

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis