– Адаптерді, бұрыштық бастиек қалаулы позицияда, ең
көбі 360° шамасында болғанша, оңға қарай кері
бұраңыз.
– Контргайканы (18), c көрсеткі бағытымен жарамды
құралмен (ілмекті кілт, DIN 1810, B пішіні, 25/28
өлшемі) адаптерге қарсы бұрау арқылы адаптерді осы
позицияда бекітіңіз. Контргайканы (18) тиісті тарту
моментімен (қараңыз „Техникалық мәліметтер",
Бет 172) мықтап тартыңыз. Бұл ретте оны жарамды
құралдың көмегімен ұстап тұру керек.
Бұрыштық бастиек босап қалмауы үшін, ирек ойма
u
мен фланецті ирек оймада май болмауы керек,
сонымен қатар тиісті айналу моменті (қараңыз
„Техникалық мәліметтер", Бет 172) орнатылуы қажет.
– Электр құралын айыр тәрізді кілтпен (17) адаптердің
кілт жазықтығында (15) мықтап ұстаңыз.
12 V бұрыштық бастиегін монтаждау (D
суретін қараңыз)
Бұл өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық
бұрауыштарда алдымен жарамды бұрыштық оймалы
бастиекті (қараңыз „Техникалық мәліметтер", Бет 172)
монтаждау керек.
Бұрыштық оймалы басты (3) аспап патронымен (2) 360°
айналасында бірқалыпты реттеуге болады.
– Контргайканы (18), a көрсеткі бағытымен (сол жақ
ирек ойма) толықтай артқа бұраңыз.
Электр құралын корпус қабығында қысуға
u
болмайды.
– Бұрыштық оймалы бастиекті (3) фланецке тірелгенше
d көрсеткі бағытымен бұраңыз. Содан кейін қажетті
жұмыс бұрышына жеткенше b бағыты бойынша кері
бұраңыз, алайда 360° шамасына бір реттен артық
емес.
– Контргайканы (18), c көрсеткі бағытымен жарамды
құралмен (ілмекті кілт, DIN 1810, B пішіні, 25/28
өлшемі) бұрыштық оймалы бастиекке қарсы бұрау
арқылы бұрыштық оймалы бастиекті (3) осы
позицияда бекітіңіз. Контргайканы (18) тиісті тарту
моментімен (қараңыз „Техникалық мәліметтер",
Бет 172) мықтап тартыңыз. Бұл ретте оны жарамды
құралмен (ілмекті кілт, DIN 1810, B пішіні, 20/22
өлшемі) бұрыштық бастиектің саңылауына іліп, ұстап
тұру қажет.
Бұрыштық бастиек босап қалмауы үшін, ирек ойма
u
мен фланецті ирек оймада май болмауы керек,
сонымен қатар тиісті айналу моменті (қараңыз
„Техникалық мәліметтер", Бет 172) орнатылуы қажет.
12 V бұрыштық бастиегін реттеу
Бұрыштық оймалы бастиекті (3) құрал бекіткішімен (2)
360° айналасында бірқалыпты реттеуге болады.
– Контргайканы (18) жарамды құралмен (ілмекті кілт,
DIN 1810, B пішіні, 25/28 өлшемі) контргайканың
ойығына іліп, a көрсеткі бағытымен (сол жақ ирек
ойма) бұрау арқылы босатыңыз. Бұл ретте оны
жарамды құралмен (ілмекті кілт, DIN 1810, B пішіні,
Bosch Power Tools
20/22 өлшемі) бұрыштық бастиектің саңылауына іліп,
ұстап тұру қажет.
Электр құралын корпус қабығында қысуға
u
болмайды.
– Бұрыштық оймалы басты (3) көрсеткі бағытымен b
қалаулы жұмыс бұрышына дейін, бірақ 360°
шамасынан асырмай бұраңыз.
– Бұрыштық оймалы басты (3) осы күйде бекіту үшін,
контргайканы (18) көрсеткі бағытымен c бұрыштық
оймалы басқа қарсы бұраңыз. Контргайканы (18)
тиісті тарту моментімен (қараңыз „Техникалық
мәліметтер", Бет 172) қайтадан мықтап тартыңыз. Бұл
ретте оны жарамды құралмен бұрыштық бастиектің
саңылауына іліп, ұстап тұру қажет.
Бұрыштық бастиек босап қалмауы үшін, ирек ойма
u
мен фланецті ирек оймада май болмауы керек,
сонымен қатар тиісті айналу моменті (қараңыз
„Техникалық мәліметтер", Бет 172) орнатылуы қажет.
Электр құралын конфигурациялау
5.2 және одан жоғары нұсқадан басталатын BOSCH
EXACT Configurator бағдарламалық жасақтамасының
көмегімен электр құралында әртүрлі реттеулерді
(мысалы, айналу жиілігі, бұрау деңгейлері, қайталаудан
қорғаныс) конфигурациялауға болады. Ол үшін электр
құралын USB порты арқылы компьютерге жалғаңыз. Ол
үшін USB кабелін қолданыңыз:
USB 2.0 A түрі/Micro-USB 2.0 B түрі
– Қос экрандалған
– Макс. ұзындығы 1 м
Нұсқау: бұл ретте барлық қауіпсіздік техникасының
нұсқауларын және бағдарламалық жасақтаманы
пайдалану нұсқаулығының ұсыныстарын орындаңыз.
Сыртқы төрт қырлы оймалы бас жағдайында
құралды алмастыру (E суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты орнату
– Аспап патронының (2) төрт қырлы басындағы
штифтіні, мысалы, жіңішке бұрауышпен ішке басып,
алмалы-салмалы аспапты (1) төрт қырлы бас үстінен
жылжытыңыз. Штифт алмалы-салмалы аспап ойығына
кіргеніне көз жеткізіңіз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
– Штифтіні алмалы-салмалы аспап (1) ойығының ішіне
басып, алмалы-салмалы аспапты аспап патронынан
(2) шығарыңыз.
Ішкі алты қырлы оймалы бас жағдайында
құралды алмастыру (F суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты орнату
– Алмалы-салмалы аспапты (1) аспап патронының (2)
ішкі алты қырлы ойығына шерту дыбысымен
тірелгенше енгізіңіз.
Қазақ | 175
1 609 92A 6RK | (09.11.2021)