Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

BRAYER BR1108 Bedienungsanleitung Seite 62

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für BR1108:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 20
62 KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ КОФЕҚАЙ-
НАТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША
ҰСЫНЫСТАР
Кофеқайнатқышты пайдалану алдында пайда-
лануға беру жөніндегі нұсқаулығын мұқият оқып
шығыңыз, одан кейін болашақта пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
• Кофеқайнатқышты осы нұсқаулықта баяндалғандай
оның тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
• Кофеқайнатқышты дұрыс қолданбау оның бұзылуы-
на, және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкеп соғуы мүмкін және кепілдік жағдайы
болып табылмайды.
• Кофеқайнатқыш тамшылап әзірленетін кофе,
эспрессо және капучино кофесін дайындауға, дайын
сусындарды қыздыруға арналған, басқа сұй-
ықтықтарды қыздыруға тыйым салынады.
• Заттаңбада көрсетілген кофеқайнатқыштың жұмыс
кернеуі электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне
көз жеткізіңіз.
• Қуаттандыру бауы ашасының жерге қосу байланысы
бар,
• оны жерге қосудың сенімді байланысы бар электр
розеткасына қосыңыз. Қысқа тұйықталу кезінде,
жерге қосуы электр тоғы соққысы қаупін төменде-
теді.
• Егер розетканың дұрыс орнатылғанына және жерге
қосылуына сенімді болмасаңыз, электр-маманына
жүгініңіз.
• Өрттің шығуын болдырмау үшін жерге қосу байланы-
сы жоқ электр розеткасына қосуға арналған, қуаттан-
дыру бауы ашасының «өткізгіштерін» пайдалануға
тыйым салынады.
• Күйік иісі және электр розеткасынан от ұшқыны пайда
болған кезде, розеткадан желі бауының ашасын
суырыңыз және сіздің үйіңіздің электр желісіне қызмет
көрсететін ұйымға жүгініңіз.
• Құрылғы корпусынан түтін шыққан кезде қуаттандыру
бауының ашасын электр розеткасынан шығарыңыз
және от таралмауға қатысты шараларды қолданыңыз.
• Кофеқайнатқышты 0 °C-тан жоғары температурада
пайдаланыңыз және сақтаңыз.
• Электр кофеқайнатқышты үй-жайдан тыс жерде пай-
далануға тыйым салынады.
• Найзағай кезінде құрылғыны пайдалану ұсынылмай-
ды.
• Құрылғыны соққыдан, құлаудан, дірілден және басқа
да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
• Желіге қосылған кофеқайнатқышты қараусыз қалды-
рмаңыз.
• Өрттің шығуын, электр тоғы соққысын немесе физи-
калық жарақат алуды болдырмау үшін желі бауының
ашасын, желі бауын немесе кофеқайнатқыш корпусын
суға немесе басқа да сұйықтықтарға батырмаңыз.
• Кофеқайнақышты ас үй раковинасына жақын,
жуынатын бөлмеде, бассейндер немесе басқа да су
толтырылған сыйымдылықтарға жақын жерде пайда-
ланбаңыз.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis