• Осы құрылғы дене, психикалық немесе ақыл-ой
мүмкіндіктері төмендетілген тұлғалардың
• (балаларды қоса) немесе олардың тәжірибесі неме-
се білімі болмаса, егер олар бақыланбаса немесе
олардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғамен
аспапты пайдалану туралы нұсқаулықтар берілген
болмаса, олардың пайдалануына арналмаған.
• Қуаттандыру бауының, қуаттандыру бауының ашасы
және құрылғы корпусының жағдайын мезгілімен
тексеріп отырыңыз.
• Қуаттандыру бауы зақымданғанда қауіп тудырмау
үшін оны дайындаушы, сервистік қызмет немесе
баламалы білікті маман ауыстыруы тиіс.
• Аспапты өз бетіңізбен жөндеуге тыйым салына-
ды. Аспапты өз бетіңізбен жөндемеңіз, кез-келген
ақаулықтар пайда болған кезде, сондай-ақ құрал
құлағаннан кейін құрылғыны электр розеткасынан
ажыратып, қызмет көрсету орталығына хабарла-
сыңыз.
• Кофеқайнатқышты тек зауыт қаптамасымен ғана
тасымалдаңыз.
• Құрылғыны балалардың және мүмкіндіктері шекте-
улі адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
КОФЕҚАЙНАТҚЫШ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ПАЙДАЛА-
НУҒА АРНАЛҒАН, КОФЕҚАЙНАТҚЫШТЫ КОМЕР-
ЦИЯЛЫҚ НЕМЕСЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ МАҚСАТТАРДА
ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
КОФЕҚАЙНАТҚЫШТЫ ЖҰМЫСҚА ДАЙЫН-
ДАУ
Құрылғыны төмен температурада тасымалдағаннан
кейін немесе сақтағаннан кейін оны бөлме темпера-
турасында үш сағаттан кем емес уақыт ұстау қажет.
• Кофеқайнатқышты қаптамадан шығарыңыз және бар-
лық қаптама материалдарын алып тастаңыз.
• Зауыт қаптамасын сақтап қойыңыз.
• Қауіпсіздік шаралары мен пайдалану нұсқауларымен
танысыңыз.
• Жинақталымын тексеріңіз.
• Кофеқайнатқышты зақымдануға тексеріңіз,
зақымданған жері бар болған жағдайда оны электр
розеткасына қоспаңыз.
• Бұйымның төменгі панелінде көрсетілген қуаттандыру
кернеуінің параметрлері электр желісінің параметр-
леріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Құрылғыны 60
Гц жиіліктегі электр желісінде пайдаланғанда, ешқан-
дай қосымша әрекет қажет емес.
• Кофеқайнатқыш корпусының сыртқы бетін таза, шаң-
ды сүртуге арналған сәл дымқыл матамен сүртіңіз.
• Кофеқайнатқышты алғашқы пайдалану алдында оның
барлық шешілмелі бөлшектерін (1, 2, 12, 13, 16, 18,
20, 21, 22, 23) бейтарап жуу құралы бар жылы сумен
жуыңыз және құрғатыңыз.
KZ
63