•
Содан кейін маңайда қақпақ орнатылғаннан кейін əлі қол жеткізуге болатын жəне сыртқа
түтін шығару құбырын жалғауға болатын (тек түтін шығаратын құбыр нұсқасында) розетка
бар екенін тексеріңіз.
•
Кез келген қажет қалау жұмысын (мысалы, розетканы жəне түтін шығару құбырына
арналған тесікті орнату) орындаңыз.
Сүзгі көптеген қабырға/төбе түрлеріне сəйкес келетін бекіткіштермен (фиксаторлармен)
қамтамасыздандырылған. Алайда, материалдар берілген қабырға/төбе түріне сəйкестігіне көз
жеткізу үшін білікті маманға жолығыңыз. Сүзгі салмағын көтере алатындай қабырға/төбе
жеткілікті мықты болуы керек.
ПАЙДАЛАНУ
Астың булану концентрациясы едəуір көбейген кезінде, сорғыштың қарқынды тəртібін
пайдаланыңыз. Біз сорғышты тамақ пісіру алдында 5 мин бұрын қосуға, жəне пісіріп болғаннан
кейін 15мин қосып қалдыруға кеңес береміз.
Сорғыштың функцияларын таңдау үшін жай ғана басқару элементтерін түртіңіз.
T1. Күту режимі (басқару панелі өшірулі – барлық функциялар өшірулі) / ҚОСУ (басқару
панелі қосулы)
Ескертпе: Бір минут бойы ешқандай əрекет орындалмаса (сору функциясы жəне шамдар),
сорғыш автоматты түрде күту режиміне ауысады.
T2. Шамдарды ҚОСУ/ӨШІРУ
Шамдарды өшіру үшін қайта басыңыз.
T3. Автоматты жұмыс істеуді ҚОСУ/ӨШІРУ "AdeptTech"
Сорғыш датчигі арқылы анықталған қоршаған орта жағдайлары үшін қажет болса, сорғыш
1- ші сору жылдамдығын арттыру үшін автоматты түрде орнатады.
Қоршаған орта жағдайларында ешқандай өзгеріс болмаса, 10 минуттан кейін (сорғыш
1-сору жылдамдығына (қуат) орнатылып қойылған болса) сорғыш өшеді.
Ескертпе: Осы функцияны дұрыс пайдалану үшін алдымен «Автоматты жұмыс істеу
параметрлерін орнату» (сəйкес параграфты қараңыз) процедурасын орындаңыз.
Ескертпе: Автоматты жұмыс істеу барысында пайдаланушы жылдамдықты реттейтін
басқа функцияларды басқарса, автоматты желдету функциясы өшеді.
T4. Сору жылдамдығын (қуат) қолмен таңдау:
L1: 1-ші сору жылдамдығы (қуат)
L2: 2-ші сору жылдамдығы (қуат)
L3: 3-ші сору жылдамдығы (қуат)
Сорғышты өшіру (OFF) үшін қайта басыңыз.
Ескертпе: қолмен таңдау əрекеті орнатылған функцияға қатысты кез келген басқа сору
мүмкіндігін шеттетеді.
T5. Қарқынды сору жылдамдығын (қуат) ҚОСУ/ӨШІРУ «POWER BOOST» (уақытқа
негізделген)
Ескертпе: 5 минут жұмыс істегеннен кейін сорғыш алдыңғы күйге оралады.
T6. жұмыс режимін ҚОСУ/ӨШІРУ "Refresh"
Əр 50 минут бойы ешқандай əрекет орындалмаса, 1-ші сору жылдамдығы (қуат) 10 минутқа
75