Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Whirlpool ADP 422 Gebrauchsanleitung Seite 3

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 36
Дұрыс жұмыс істемеген немесе
бұзылып қалған жағдайда, жерге
тұйықтау электр тогы үшін кедергісі
ең аз жолды қамтамасыз ету арқылы
ток соғу қаупін азайтады. Құрылғының
кабелі жабдықты жерге тұйықтайтын
өткізгіш пен жерге тұйықтау айырымен
жабдықталған.
• А й ы р ж е р г і л і к т і н о р м а л а р м е н
ережелерге сәйкес орнатылған әрі
жерге тұйықталған тиісті розеткаға
қосылуы керек.
• Құрылғыны розеткаға қосқанда, ұзарту
кабельдерін, адаптерлерді және
түрлендіргіш айырларды қолдануға
болмайды.
• Жабдықты жерге тұйықтайтын
өткізгішті дұрыс қоспау салдарынан ток
соғу қаупі туындайды.
• Құрылғы жерге дұрыс тұйықталғанына
сенімді болмасаңыз, білікті электр
маманына немесе қызмет көрсету
өкіліне хабарласыңыз. Құрылғымен
бірге берілген айыр розеткаға сәйкес
келмесе, оны түрлендіруге болмайды.
Білікті электр маманына тиісті розетка
орнатқызыңыз.
ДҰРЫС ҚОЛДАНУ
• Құрылғы орнатылғаннан кейін оны
токтан ажырататын жерге (айырға) қол
жету мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
• Жуылатын заттарды салған кезде:
1 - Үшкір заттар салынғанда, олар есіктің
тығыздағышына зақым келтірмейтіндей
етіп орналастырылуы керек;
2 - ЕСКЕРТУ: Үшкір жерлері бар пышақтар
мен басқа құралдардың ұштарын/
жүздерін төмен қаратып немесе үшкір
жағын құрылғының артқы жағына
қаратып көлденеңінен ыдыс-аяқ
себетіне салынуы керек.
• Автоматты ыдыс жуу машинасына
арналған жуғыш заттар мен шаю
қоспаларын ғана пайдаланыңыз.
• ЕСКЕРТУ: Ыдыс жууға арналған кейбір
жуғыш заттардың сілтілігі жоғары
болады. Жұтылса, олар өте қауіпті
болуы мүмкін. Дене мен көздеріңізге
тигізбеңіз және есігі ашық тұрғанда,
балаларды ыдыс жуу машинасынан
аулақ ұстаңыз. Жуу циклі аяқталғаннан
кейін жуғыш зат салынатын бөлік
босағанын тексеріңіз.
• Ток кабеліне зақым келген болса,
қауіп-қатерге жол бермеу үшін, оны
өндіруші, қызмет көрсету маманы
немесе біліктілігі сондай дәрежеді адам
ауыстыруы керек.
• Орнатқан кезде ток кабелін шамадан
тыс немесе қауіпті түрде майыстыруға
немесе туралауға болмайды. Басқару
элементтерін өзгертуге болмайды.
• Қайта пайдалану мүмкін болуы
үшін, орама материалдарын жергілікті
заңдарды сақтай отырып тастаңыз.
• Ыдыс жуу машинасын тек мақсатына
сәйкес түрде қолдану қажет.
• Қ ұ р ы л ғ ы н ы с у ж е л і с і н е ж а ң а
құбыршекпен жалғау керек. Ескі
құбыршектерді қайта қолдануға
болмайды.
• Орын параметрлерінің ең көп саны өнім
парағында көрсетілген.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
• Б ұ л қ ұ р ы л ғ ы қ а й т а ө н д ел ет і н
немесе қайта қолдануға болатын
материалдардан жасалған. Тастаған
кезде, жергілікті қоқыс тастау ережелерін
ұстану қажет. Қайта қолдану мүмкін
болмасын деп, тастар алдында ток
кабелін қиып тастаңыз.
• Осы өнімді қолдану және қайта өңдеу
туралы толық ақпарат алу үшін, бөлек
қоқыс жинаумен айналысатын жергілікті
органдарға немесе құрылғыны сатқан
дүкенге хабарласыңыз.
ОРАМАНЫ ТАСТАУ
•Қайта өңдеу таңбасы көрсеткендей,
ораманың 100% қайта өңдеу мүмкін.
Ораманың әр түрлі бөліктері қоршаған
ортаға шашып жайылып, жергілік
органдардың ережелеріне сәйкес
тасталуы керек.
• Электр және электроникалық
құралдардың қалдықтарына (WEEE)
қ а т ы с т ы 2 0 1 2 / 1 9 / E U Е у р о п а
директивасына сәйкес үй құрылғылары
әдеттегі қалалық тұрмыстық қалдық
айналымына қосылып тасталмауы тиіс.
Пайдаланылған құрылғылар ішіндегі
материалдарын қайта пайдалану және
өңдеу құнын оңтайландыру үшін бөлек
жиналуы керек. Сөйтіп қоршаған орта
мен халық денсаулығына тиюі мүмкін
зиянның алдын алуға да болады.
Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс
жәшігінің таңбасы өнім иелерінің
бөлектелген қоқыс жинауға қатысты
міндетін еске салады. Тұрмыстық
құрылғыларды тиісті түрде қоқысқа
тастау туралы қосымша ақпарат алу
үшін, құрылғы иелері тиісті органға
немесе жергілікті құрылғы сатушысына
хабарласа алады.
3

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis