ҚУАТТЫ ҮНЕМДЕУ ТУРАЛЫ КЕҢЕСТЕР
2
ҚУАТТЫ ҮНЕМДЕУ ТУРАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Бұл жерде ауа салқындатқышын пайдаланғанда қуат шығынын азайтуға мүмкіндік беретін
бірнеше кеңес беріледі. Ауа салқындатқышын төмендегі нұсқауларды орындай отырып
тиімді пайдалануға болады:
• Бөлменің ішін өте қатты салқындатпаңыз. Бұл денсаулығыңызға зиян тигізуі жəне электр
қуатын көп жұмсауы мүмкін.
• Ауа салқындатқышын пайдаланған кезде күн сəулесін шымылдықпен немесе пердемен
жауып қойыңыз.
• Ауа салқындатқышын пайдаланған кезде есіктер мен терезелерді жабық күйде ұстаңыз.
• Іштегі ауаны айналдыру үшін ауа ағынын көлденеңінен немесе тігінен реттеңіз.
• Бөлме ішіндегі ауаны аз уақыт ішінде жылдам суыту не жылыту үшін желдеткіш
жылдамдығын арттырыңыз.
• Ауа салқындатқышы бірнеше сағат жұмыс істеп тұрса, бөлме ішіндегі ауа сапасы нашарлауы
мүмкін, сондықтан терезелерді жүйелі түрде ашып, ауаны тазартып отырыңыз.
• Ауа сүзгісін 2 аптада бір рет тазалаңыз. Ауа сүзгісіне жиналған шаң мен қоқыстар ауа өтетін
саңылауды бітеуі немесе салқындату / ылғалсыздандыру функцияларын əлсіретуі мүмкін.
Жазбаларыңызға арналған
Сатып алған күніңізді дəлелдеу үшін не кепілдік мақсаттарында түбіртекті осы бетке
жапсырыңыз. Модель нөмірі мен сериялық нөмірді мына жерге жазыңыз:
Үлгі нөмірі:
Сериялық нөмір:
Оларды əр құрылғының бүйіріндегі жапсырмадан таба аласыз.
Дилердің мекенжайы:
Сатылып алынған күні: