210 | Қазақ
Негізгі аспап жұмыс істегенде ешқандай шаң
u
немесе ластануларды сормауына көз жеткізіңіз.
Негізгі аспапқа ешқашан бүркімеңіз.
u
Егер бүрку кезінде арнайы форсукадан тыс басқа
u
жерден су шықса бүркуді тоқтатып бүрку
пистолетін тиісті жағдайға алып келіңіз. Тоқ соғу
қаупі бар.
Өзіңізге, басқа адамдарға немесе хайуандарға
u
бүркімеңіз.
Іске қосу (D суретін қараңыз)
– Дұрыс саптама қалпағының орнатылғанына көз
жеткізіңіз. (қараңыз „Саптама қалпағын алмастыру
(B1–B2 суреттерін қараңыз)", Бет 208)
– Желілік ашаны розеткаға салыңыз.
– Бүріккіш пистолетті қолға алып, бояу себілетін бетке
бағыттаңыз.
– Қосу үшін қосу/өшіру түймесін (25) басыңыз.
– Ауа көлемін реттеу үшін қосу/өшіру түймесін (25)
қажетті жұмыс режиміне орнатыңыз (қараңыз „Ауа
көлемін реттеу (D суретін қараңыз)", Бет 211).
– Бүріккіш пистолеттегі басқару ажыратқышын (5)
басыңыз.
Нұсқау: егер негізгі блок қосулы болса, ауа қақпағынан
(2) әрдайым ауа шығады.
Өшіру
– Басқару ажыратқышын (5) жіберіп, өшіру үшін қосу/
өшіру түймесін (25) басыңыз.
– Желілік ашаны розеткадан суырып алыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Бүрку (E–H суреттерін қараңыз)
Нұсқау: электр құралын сыртта пайдаланған кезде
желдің бағытын ескеріңіз.
– Алдымен сынақ бүрку әрекетін орындап, бүрку
сипатын және бүрку материалының мөлшерін бүрку
материалына сәйкес реттеп шығыңыз.
Реттеулерді төмендегі бөлімдерден қараңыз.
– Бүріккіш пистолетті 20–25 см шамасындағы
бірқалыпты қашықтықта бояу себілетін нысанға қарай
тігінен ұстаңыз.
– Бүрку әрекетін бояу себілетін беттен тыс бастаңыз.
– Бүріккіш пистолетті бүрку сипатының реттеуіне қарай
көлденеңінен немесе тігінен бірқалыпты
жылжытыңыз.
Жолдар 4–5 см шамасына қабаттасқан жағдайда, бет
сапасы бірқалыпты болады.
– Жатқан нысандарды немесе бас үстінен бүрку
жұмыстарын өткізген кезде бүріккіш пистолетті сәл
қиғаш ұстап, артқа қарай бүркілген беттен ары
жылжытыңыз.
Сүріну қаупі бар! Бөлмеде болуы мүмкін
бөгеттерге назар аударыңыз.
– Бояу себілетін беттің ішінде үзілістерді болдырмаңыз.
1 609 92A 689 | (16.03.2021)
Бүріккіш пистолетті бірқалыпты жүргізу нәтижесінде
бірқалыпты бет сапасы пайда болады.
Бірқалыпты болмаған аралық пен бүрку бұрышы қатты
бояу туманының пайда болуына, ал нәтижесінде үстіңгі
беттің бірқалыпты емес болуына әкеледі.
– Бүрку әрекетін бояу себілетін беттен тыс аяқтаңыз.
Бүрку материалының контейнері еш жағдайда босағанша
пайдаланбаңыз. Көтергіш құбыр бүрку материалына
бұдан былай батпаса, бүрку ағыны бұзылып, үстіңгі бет
бірқалыпты болмайды.
– Үзілістерден немесе контейнерді (7) қайта
толтырғаннан кейін саптама қалпағын (10)/(11)/(12)
және ауа қалпағын (2) тексеріп, оларды қажетінше
тазалаңыз.
– Егер бүрку материалы ауа қалпағында (2) немесе
саптама қалпағында жиналса, құрамдас бөліктерді
жинақтағы тазалау қылшағымен (28) немесе
стандартты шаю қылшағымен тазалап шығыңыз.
Бүрку сипатын реттеу (I суретін қараңыз)
Реттеу қосқышын (5) ауа қақпағын (2) реттеу
u
кезінде тимеңіз.
– Ауа қақпағын (2) керекті күйге бұраңыз.
Ауа қақпағы
Бүріккіш ағын
Бүрку материалын реттеу (J суретін қараңыз)
(PAINTVolume)
– Бүрку материалының қажетті мөлшерін орнату үшін
айналмалы реттегішті (4) бұраңыз:
1/2/3 деңгейлері: "Ағаш/сыр/лак" режимі,
4/5 деңгейлері: "Қабырға" режимі.
– 1-деңгейде сынақ бүрку әрекетінен бастап, бүрку
материалының мөлшерін, қажетті бүрку сипатына
жеткенше, көтеріңіз. Егер қанағаттарлық бүрку
сипатына қол жеткізілсе, бүрку материалын 5% қадам
бойынша сұйылтыңыз (қараңыз „Бүрку материалын
дайындау", Бет 209).
Нұсқау: бояу жағу қарқындылығы қозғалыс
жылдамдығына қатты тәуелді.
Пайдалану
вертикалды
жұмыс бағыты
үшін жалпақ
сәуле
горизонталды
жұмыс бағыты
үшін тік жалпақ
сәулесі
Бұрыш, қыр және
қиын жетілетін
жайлар үшін
домалақ сәуле
Bosch Power Tools