Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GPB Professional 18V-2 C Originalbetriebsanleitung Seite 162

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GPB Professional 18V-2 C:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
162 | Қазақ
– Белгілі бір таратқышты реттеу үшін бастапқы көз
түймесін (7) (TUNE), қалаулы жиілік немесе қалаулы
таратқыш дисплейде көрсетілгенше, бұраңыз.
– Жоғарырақ сигнал қуатына ие келесі таратқышты
іздеу үшін артқа іздеу түймесін (10) немесе алға іздеу
түймесін (9) қысқаша басыңыз. Табылған келесі
таратқыш дисплейде көрсетіледі және ойнатылады.
– Жоғарырақ сигнал қуатына ие барлық
таратқыштарды іздеу үшін артқа іздеу түймесін (10)
немесе алға іздеу түймесін (9) жарты секундтан ұзақ
басыңыз. Табылған әр таратқыш 5 секунд ойнатылып,
сонан соң іздеу процесі жиіліктер диапазонының
соңына дейін жалғасады. Таратқышты іздеу процесін
тоқтату үшін артқа іздеу түймесін (10) немесе алға
іздеу түймесін (9) қысқаша басыңыз.
– Реттелген таратқышты жадқа сақтау үшін қалаулы
сақтау орнының бағдарламаны сақтау түймесін (5),
сақтау орнының индикаторындағы (c) сақтау орнының
нөмірі пайда болғанша, басыңыз.
Егер 4 сақтау орны аудио көзіне FM тағайындалған
болса, бастапқы көз түймесін (7) басу арқылы келесі 4
сақтау орнында қолжетімді аудио көзіне FM2
ауысасыз. Қалаулы таратқышты ауыстырғаннан кейін
оны жадқа сақтай алу үшін қайтадан реттеу қажет
екендігін ескеріңіз.
– Ең қуатты таратқышты (AUTOSTORE) автоматты
түрде іздеу және жадқа сақтау үшін артқа іздеу
түймесін (10) және алға іздеу түймесін (9) бір уақытта
басыңыз. Радио қабылдағыш сигналын қабылдауға
болатын барлық таратқыштарды іздейді және ең
жақсы сигнал сапасына ие 4 таратқышты 1–4
бағдарламаны сақтау орнына сақтайды. Бұл ретте
алдында сақталған таратқыштар үстінен жазылатынын
ескеріңіз.
Іздеу аяқталса, 1-ші бағдарламаны сақтау орнында
сақталған таратқыш ойнатылады.
– Жадқа сақталған таратқышты ойнату үшін
бағдарламаны сақтау түймелерінің (5) бірін қысқаша
басыңыз. Сақтау орнының индикаторында (c) сақтау
орнының нөмірі пайда болады. Қажет болса, сақталған
барлық таратқыштарды қайта шақыру үшін бастапқы
көз түймесін (7) басу арқылы FM және FM2 аудио
көздерінің арасында ауысыңыз.
Қадаулы антеннаны туралау
Радио қабылдағыш орнатылған қадаулы антеннамен (6)
бірге жеткізіледі. UKW арқылы радио жұмыс режимінде
қадаулы антеннаны ең жақсы қабылдау бағынына
бұраңыз.
Жеткілікті сигнал қабылдау мүмкін болмаса, радио
қабылдағышты жақсырақ қабылдау мүмкіндігіне ие жерге
қойыңыз.
Нұсқау: радио қабылдағышты радио жабдықтардың,
радио құрылғылардың немесе басқа электрондық
құрылғылардың ортасында пайдаланған кезде, радио
сигналының қабылдануына кедергі жасалуы мүмкін.
1 609 92A 5NG | (27.05.2020)
AUX арқылы сыртқы аудио көздерін жалғау
Жалғағыштар бөлімінің (16) қорғаныш қалпағын ашып,
AUX кабелінің (26) 3,5 мм ашасын AUX IN ұяшығына (25)
енгізіңіз. AUX кабелін тиісті аудио көзіне жалғаңыз.
AUX аудио көзін ойнату үшін бастапқы көз түймесін (7),
аудио көзінің индикаторында (b) AUX пайда болғанша,
басыңыз.
Ластанудан қорғау үшін жалғағыштар бөлімінің (16)
қорғаныш қалпағын, AUX кабелінің ашасын шығарғанда,
қайтадан жауып қойыңыз.
Егер AUX режимінде бағдарламаны сақтау түймелерінің
(5) бірі басылса, радио қабылдағыш соңғы рет
пайдаланылған радио жұмыс режимінде сақталған
таратқышқа ауысады.
Сыртқы аудио көздерін Bluetooth® арқылы ойнату/
басқару
Аудио көзін (мысалы, смартфон) Bluetooth® арқылы
ойнату үшін бастапқы көз түймесін (7), Bluetooth®
индикаторы (a) дисплейде көрсетілгенше, басыңыз
немесе ағымдағы аудио көзіне қарамастан Bluetooth®
түймесін (11) қысқаша басыңыз.
Егер радио қабылдағыш әлдеқашан сыртқы аудио көзіне
Bluetooth® арқылы қосылған және бұл аудио көзі
қолжетімді болса, бұл аудио көзімен байланыс автоматты
түрде орнатылады. Байланыс орнатылғаннан кейін,
Bluetooth® индикаторы (a) үздіксіз жанып тұрады.
GPB 18V‑2 SC: Bluetooth® арқылы қосылған құрылғының
атауы көп функциялы индикатордың (k) жоғарғы
жолағында көрсетіледі. Астыңғы жолақта қосылған
құрылғыдан таратылатын мәтін көрсетіледі.
Егер 2 минут ішінде ешқандай байланыс орнатылмаса,
байланыс орнату әрекеті тоқтатылып,
Bluetooth® индикаторы (a) үздіксіз жыпылықтайды.
GPB 18V‑2 SC: көп функциялы индикаторда (k) <Not
connected> хабары көрсетіледі.
Орнатылған байланыссыз келесі 17 минуттан кейін радио
қабылдағыш автоматты түрде өшіп қалады.
Bluetooth® арқылы жаңа байланыс орнату:
– Жаңа сыртқы аудио көзімен байланыс орнату үшін
(PAIRING) Bluetooth® түймесін (11) жарты секундтан
ұзақ басыңыз. Бұл әрекетті іздеу процесінің
барысында, байланыс бар болғанда немесе басқа
аудио көзімен жұмыс істегенде орындауға болады.
– Радио қабылдағыш іздеу процесін бастайды. Іздеу
процесінің барысында Bluetooth® индикаторы (a)
жыпылықтайды.
– Сыртқы аудио көзі арқылы байланысты іске қосыңыз.
Бұл әрекетті смартфондарда көбінесе Bluetooth®
мәзіріндегі реттеулердің ішінде орындауға болады.
Радио қолжетімді бастапқы көз ретінде
GPB 18V‑2 C xxxx немесе GPB 18V‑2 SC xxxx
атауларының астында көрсетіледі. Бұл ретте аудио
көзінің/смартфонның пайдалану бойынша
нұсқаулығын қараңыз.
– Bluetooth® арқылы байланыс орнатылғаннан кейін,
Bluetooth® индикаторы (a) үздіксіз жанып тұрады.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis