Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

BRAYER BR4901 Handbuch Seite 48

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 16
48
KZ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ауа тазартқыш көміртек (СО)
немесе радон (Rn) сияқты газдарды ұстамайды,
сондықтан оны өрт болған немесе қауіпті химиялық
заттарды лақтырған кезде ауаны тазалау үшін пай-
далануға болмайды.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ
БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Ауа тазартқышты пайдалану алдында пайдалануға
беру жөніндегі нұсқаулықпен жіті танысыңыз, оқыған-
нан кейін болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
• Құралды осы нұсқаулықта баяндалғандай оның
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
• Құралды дұрыс қолданбау оның бұзылуына, және
пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян келтіруге
әкеп соғуы мүмкін және кепілдік жағдайы болып
табылмайды.
Назар аударыңыз! Қашықтықтан басқару пультінде
қуаттандыратын литий элементі пайдаланылады.
Қауіптілікке жол бермеу үшін балалардың қуаттанды-
ру элементімен ойнауына жол бермеңіз. Егер бала
қуаттандыру элементін жұтып қойса, дереу дәрігерге
жүгініңіз.
• Заттаңбада көрсетілген құралдың жұмыс керне-
уі электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне көз
жеткізіңіз.
• Құрылғыны сыртқы таймерлерге немесе
қашықтықтан басқарылатын электр розеткаларға
қосуға тыйым салынады.
• Ауа тазартқышты тегіс, құрғақ және тұрақты бетке
орналастырыңыз және пайдаланыңыз. Корпустан
қабырғаға, жиһаз және интерьердің басқа заттарына
дейінгі қашықтық 50 см кем болмауы керек, ал құрал-
дың үстіндегі бос кеңістік 80 см дейін болуы керек.
• Ауа тазартқышты үй-жайдан тыс жерде пайдалануға
тыйым салынады.
• Құралды найзағай кезінде пайдалануға кеңес беріл-
мейді.
• Құралды соққыдан, құлаудан, дірілден және басқа да
механикалық әсерлерден сақтаңыз.
• Желіге қосылған құралды қараусыз қалдырмаңыз.
• Құралды жылу көздерінің, жылыту аспаптарының не-
месе ашық оттың тікелей жанында пайдаланбаңыз.
• Құралды аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға тыйым
салынады.
• Ауа тазартқышты, желілік бауды немесе желілік
баудың айырын суға немесе басқа кез-келген сұй-
ықтықтарға салуға болмайды.
• Құралды ас үй бақалшағына жақын, жуынатын
бөлмеде, бассейндер немесе басқа да су толты-
рылған сыйымдылықтарға жақын жерде пайдалануға
болмайды.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis