Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Makita CF001G Betriebsanleitung Seite 212

Akku-lüfter
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für CF001G:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 19
15. Құрылғы тұрмыстық пайдалануға арналған.
16. Пайдалану алдында пайдаланудың және
зарядтау құрылғысының нұсқаулықтарын
мұқият оқып шығыңыз.
17. Қалыптан тыс әрекет байқалған жағдайда,
пайдалануды дереу тоқтатыңыз.
18. Құрылғыны түсіріп немесе соғып алсаңыз,
пайдалану алдында жарықтардың немесе
зақымның бар-жоғын мұқият тексеріңіз.
19. Құрылғыны пеш немесе басқа қызу көздеріне
жақындатпаңыз.
20. Сынған, майысқан, жарылған немесе
зақымдалған бөліктері бар болса,
пайдаланбаңыз. Кез келген жолмен
зақымдалған немесе қалыптан тыс жұмыс
істейтін құрылғыларды пайдаланудан алып
тастау қажет. Әр қолданыс алдында құрылғыны
тексеріп шығыңыз.
21. Құралды токқа қосулы күйінде қараусыз
қалдырмаңыз.
22. АТ адаптерін орнымен пайдаланыңыз. Адаптер
сымын құрылғыны тасымалдау үшін немесе
розеткадан суыру үшін пайдаланбаңыз.
АТ адаптеріне ыстық зат, май, өткір жиек
немесе қозғалмалы бөлшектер тимеуі керек.
Зақымдалған адаптерді дереу алмастырыңыз.
Зақымдалған адаптер ток соғу қаупін арттырады.
Аккумулятормен жұмыс істейтін құралды
пайдалану және күтім жасау
Тек өндіруші көрсеткен зарядтау
1.
құрылғысымен зарядтаңыз. Бір аккумулятор
блогына сәйкес келетін зарядтау құрылғысын
басқа аккумулятор блогымен пайдалану өрт
қаупін тудыруы мүмкін.
Электрлік құралдарды тек көрсетілген
2.
аккумулятор блоктарымен пайдаланыңыз.
Кез келген басқа аккумулятор блоктарын
пайдалану жарақат алу мен өрт шығу қаупін
тудыруы мүмкін.
3.
Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,
оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар
мен бір клеммадан екіншісіне қосылыс
жасау мүмкін басқа шағын металл заттардан
аулақ ұстаңыз. Аккумулятор клеммаларының
қысқа тұйықталуы күйік шалуға немесе өртке
әкеп соғуы мүмкін.
4.
Дұрыс пайдаланбаған кезде
аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін; тиіп
кетпеуге тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп
кетсеңіз, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық
көзге тиген болса, медициналық көмекке
жүгініңіз. Аккумулятордан шыққан сұйықтық
тітіркену немесе күйікке себеп болуы мүмкін.
Зақымдалған немесе өзгертілген
5.
аккумулятор блогын пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумуляторлардан нәтижесінде өрт, жарылыс
немесе жарақат алу қаупіне әкелетін күтпеген
жағдайлар туындауы мүмкін.
6.
Аккумулятор блогын немесе құралды от
немесе шамадан тыс жоғары температура
шығаратын заттың жанына қоймаңыз. Отқа
түссе немесе температура 130 °C-тан жоғары
болса, жарылуы мүмкін.
7.
Зарядтауға қатысты нұсқаулардың
барлығын орындаңыз және аккумулятор
блогын немесе құралды нұсқауларда
көрсетілген температура ауқымынан тыс
зарядтамаңыз. Дұрыс зарядтамалмаса
немесе көрсетілген ауқымнан тыс
температурада зарядталса, аккумулятор
зақымдалуы және өрт шығу қаупі артуы мүмкін.
АККУМУЛЯТОРЛЫ ЖЕЛДЕТКІШТІ
ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ОҒАН КҮТІМ
КӨРСЕТУ
1.
Орындалатын жұмысқа сәйкес келетін
аккумуляторлы желдеткішті пайдаланыңыз.
Желдеткішті тағайындалған мақсатынан басқа
мақсаттарда пайдаланбаңыз.
2.
Құрылғы осы нұсқаулықтың "ТЕХНИКАЛЫҚ
СИПАТТАМАЛАР" бөлімінде сипатталған
Makita литий-ионды аккумуляторы арқылы
немесе АТ адаптері арқылы жұмыс істейді.
Кез келген басқа аккумуляторларды
пайдалану өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін.
Аккумуляторларды арнайы зарядтау
құрылғысымен ғана зарядтаңыз. Бір
аккумуляторға сәйкес келетін зарядтау
құрылғысын басқа аккумулятормен пайдалану
өрт қаупін тудыруы мүмкін.
3.
Қолданылмайтын құрылғыларды балалардың
және басқа да арнайы оқытудан өтпеген
адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
4.
Құрылғыны сақтау, тексеру, техникалық қызмет
көрсету немесе тазалаудан бұрын аккумулятор
картриджін және АТ адаптерін қуат көзінен
ажыратыңыз. Осындай алдын алу шаралары
құрылғының кездейсоқ іске қосылу қаупін
азайтады.
5.
Аккумулятор картриджін пайдаланбаған кезде
оны басқа металл нысандарға жақындатпаңыз.
Аккумулятор клеммаларының қысқа
тұйықталуы күйік шалуға немесе ұшқындарға,
өртке әкеп соғуы мүмкін.
6.
Тексеру, техникалық қызмет көрсету, тазалау
немесе сақтаудан бұрын құрылғыны қуат
көзінен ажыратыңыз және суытып қойыңыз.
7.
Құрылғылармен жұмыс істеуде жаттығып алған
соң, немқұрайлы қарамаңыз, әрдайым қырағы
болыңыз. Бір секунд назар аудармау ауыр
жарақат үшін жеткілікті екенін есте ұстаңыз.
8.
Құрылғыны әрдайым тегіс және орнықты бетке
қойыңыз. Құрылғы құласа, жеке жарақатқа
немесе құрылғының зақымдалуына әкелуі
мүмкін.
9.
Осы құрылғының өндірушісі мақұлдамаған
аккумуляторларды, қондырмаларды
немесе керек-жарақтарды пайдаланбаңыз.
Мақұлданбаған аккумуляторларды,
қондырмаларды немесе керек-жарақтарды
пайдалану ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
10. Шашты немесе шарф сияқты бос киімді
желдеткішке жақындатпаңыз. Олар
желдеткішке еніп кетіп, жеке жарақатқа әкелуі
мүмкін.
212 ҚАЗАҚША

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Cf001gz

Inhaltsverzeichnis