•
Аспапты тұрақты түрде үздіксіз жұмыс режимінде автоматты немесе жартылай автоматты
қондырғыларда қолданбаңыз.
•
Аспап корпусын заттарды қоятын тұғыр ретінде пайдаланбаңыз.
•
Аспапты су астында пайдаланбаңыз.
2.5
Қоқыстар
▶ Денсаулыққа зиянды, тұтанғыш және/немесе жарылғыш шаңды (магний-алюминий шаңы және т.б.)
жұтуға тыйым салынады. 60°C-тан ыстық материалдарды сорғылауға болмайды (мысалы, бықситын
сигареттер, ыстық күл).
▶ Жанғыш, жарылғыш, агрессивті сұйықтықтарды сорғылауға тыйым салынады (салқындатқыш және
майлағыш заттар, бензин, еріткіштер, қышқылдар (pH < 5), сілтілер (pH > 12,5) және т.б.).
▶ Көбік немесе сұйықтықтар шыққанда аспапты дереу өшіріңіз.
▶ Ең көп температурасы 60 °C ыстық материалды жинағанда қорғауыш қолғаптарды киіңіз.
▶ Минералды жыныстарды бұрғылаудан кейін қорғауыш киімді киіңіз және олардың теріге тиюін
болдырмаңыз (pH > 9, күйдіргіш зат)
▶ Сілтілік немесе қышқылдық сұйықтықтарға тимеңіз. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Көзге
осындай сұйықтықтар тигенде судың көп мөлшерімен шайыңыз және дереу дәрігерден көмек
алыңыз.
▶ М шаң класына жататын аспап құрғақ, жанғыш емес шаңдар, ағаш жоңқасын және шығарылымның
шектік мәні 0,1 мг/м³-ден үлкен зиянды шаңдарды сорғылауға арналған. Белгілі бір шаң түрі
тудыратын қауіпке байланысты аспап сәйкес сүзгілермен жабдықталуы керек.
2.6
Аспапқа ұқыпты қарау және пайдалану
▶ Ешқашан аспапты қараусыз қалдырмаңыз.
▶ Аспапты аяздан қорғау керек.
▶ Су деңгейінің шектегішін тұрақты түрде, нұсқауларға сай қылшақпен тазалаңыз және зақымдардың
бар-жоғын тексеріп отырыңыз.
▶ Шаңсорғыш бастиегін орнатқанда абай болыңыз: қолдардың қысылуын және желілік кабельдің
зақымдалуын болдырмаңыз. Жарақат алу және аспапқа зақым келтіру қаупі бар.
▶ Аспапта зақымдар жоқ екенін тексеріңіз. Аспапты әр пайдалану алдында қорғауыш аспаптардың
және оңай зақымдалатын бөлшектердің дұрыстығын және қызмет етуін мұқият тексеріңіз.
Қозғалмалы бөлшектерде зақымдар жоқ екенін тексеріңіз. Олар сыналануларсыз, еркін қозғалуы
керек. Барлық бөлшектер дұрыс орнатылуы және аспаптың дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін
барлық шарттарға сай болуы керек.
▶ Аспапты жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті қызметкерлерге сеніп
тапсырыңыз. Осылайша аспаптың қауіпсіздігі сақталып тұрады.
▶ Аспапты қолданбаған кезде (жұмыс үзілістерінде), күтім және техникалық қызмет көрсету
алдында, қосалқы құралдарды алмастыру алдында немесе сүзгіні алмастыру алдында желілік
штекерді әрдайым розеткадан ажыратыңыз. Бұл сақтық шарасы аспаптың кездейсоқ қосылуын
болдырмайды.
▶ Еш жағдайда аспапты желілік кабель артындағы басқа жұмыс орнына жылжытпаңыз. Аспаппен
желі кабелінің үстінен өтпеңіз.
▶ Аспапты кран көмегімен тасымалдамаңыз.
*2154326*
2154326
Қазақ
111