Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

3M Peltor MT7H79P3*-50 series Handbuch Seite 63

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 10
ғана уақытқа шешкеннің өзінде, қауіпті ортада боласыз. Белгілі бір шу деңгейінде пайдалануға арналған шудан
қорғау құлақаспаптарының ыңғайлылығы — оларды жұмыс сағаттарында бір мезгіл шешпей киіп жүру және
есту қабілетіңізді қорғау кепілдігі.
• Бұрын мақұлданған өнімдерге техникалық өзгертулер жасалса, бұрынғы мақұлдаулар қолданылмайды.
Тек бастапқы жабдықтың қызметін атқаратын қосалқы құрал түрін пайдалануға болады.
• Жақсы қорғаныс үшін, тығыздау сақиналары басқа тығыз тұратындай етіп, құлақтың артындағы шашты жинап
қойыңыз. Басқа барынша жақын орналасу үшін, имек жиектері мүмкіндігінше жіңішке болуы керек.
• Шуды барынша тегістеу үшін, микрофон еріннен шамамен 3 мм қашықтықта орналастырылуы керек.
• Гарнитураның сыртқы жағын сабынмен және жылы сумен жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Ескертпе.
Сұйықтықтарға салмаңыз!
• Сапалылығына қарамастан, құлақаспаптар уақыт өтіп, ескіреді. Жүйелі түрде құлақаспаптың қызмет ету
мүмкіндігін нашарлататын сынықтардың немесе дыбыс жылыстауының пайда болуын тексеріп тұрыңыз Үнемі
пайдаланылса, тығыздау сақиналарын жиі тексеріңіз. Гарнитураны +55°C шамасынан асатын температурада,
мысалы, желдету терезесінде немесе терезе алдында сақтауға болмайды.
• Белгілі бір химиялық заттар бұл өнім үшін зиянды болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін, өндірушімен
хабарласыңыз.
(F) КІРІС СИГНАЛЫ/ПАЙДАЛАНУ УАҚЫТЫ
Абайлаңыз! Осы шудан қорғау құлақаспаптарының ішіндегі гарнитураның дыбыс деңгейі рұқсат етілген деңгейлерден
асатын күнделікті қолданысқа әкелуі мүмкін. Сондықтан, гарнитурадағы дыбыс сигналдары пайдаланылатын уақытқа
сәйкестендірілуі керек. Зиянды деңгейлердің алдын алу үшін, кіріс сигналы 370 мВ шамасынан аспауы тиіс. Кіріс
кернеуі жоғарырақ болған жағдайда, пайдаланылу уақыты D:1 (x=370 мВ) диаграммасына сәйкес қысқартылуы
керек. 370 мВ шамасына тең электр кіріс сигналының деңгейі эквивалентті дыбыс деңгейінің 82 дБ (A) шамасына
сәйкес келеді (орташа мәнге өлшенген дыбыс деңгейінің бір стандартты ауытқуы қосылады. D:2 кестесін қараңыз).
Ескертпе. Гарнитурадан шығатын шу ең жоғары әсер мөлшерінен аспау керек.
0,5 В/1кГц шамасындағы дыбыс деңгейі: 81 дБА
Ең жоғарғы шығыс деңгейі, созылмалы: 30 мВТ, қысқа кезеңдегі: 100 мВT
(G) ШУДАН ОҚШАУЛАУ МӘНДЕРІ
Шудан қорғау құлақаспаптары сынақтан өткізіліп, PPE 89/686/EEC директивасына және еуропалық EN352-1,
EN352-3:2002 және EN352-6:2002 стандарттарының тиісті бөлімдеріне сәйкес мақұлданған. Куәліктің сынақ
есебіндегі шудан оқшаулау мәндері Topeliuksenkatu 41, FI-00250 Helsinki, Финляндия, ID# 0403 мекенжай
бойынша орналасқан Finnish Institute of Occupational Health (Финляндияның Еңбек гигиенасы институты)
тарапынан жасалған. Шудан оқшаулау мәндері кестесінің түсіндірмесі: 1) Жиілік — Гц. 2) Орташа шудан
оқшаулау деңгейі — дБ. 3) Стандартты ауытқу — дБ. 4) Орташа қорғау мәні.
ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАЛДАР
Бұрынғы деп топтастырылған аймақтарда пайдалануға арналмаған
MT91-50 Ларингофон
Аспалы микрофонды қолданғыңыз келмегенде қосу және пайдалану оңай.
HYM1000 Mike protector (Микрофон қорғағышы)
Ылғалды, желді өткізбеу және гигиеналық мақсатта қолданылады; микрофонды қорғап, қызмет ету мерзімін
ұзартады. Шамамен 50 рет ауыстыруға жететін 5 метрлік орам.
M40/1 MT70 үлгілі микрофондарға арналған жел қалқаншасы
Жел шуынан ұтымды қорғау құралы. Қызмет ету мерзімін ұзартады және микрофонды қорғайды. Орамда өнімнің
бір данасы берілген.
HY100A Clean – бір реттік протекторлар
Тығыздау сақиналарына оңай тағылатын бір реттік гигиеналық протектор. Орамда 100 жұп бар.
FP9007 құлақаспапты сақтау қалтасы
Құлақаспапты тасымалдау және сақтау кезінде қорғайды.
ҚОСЫМША БӨЛШЕКТЕР
HY79 гигиеналық жинақ
Құлақаспаптардың гигиеналық жинағын ауыстыру оңай. Оқшаулайтын жастықшалардың және тығын
сақиналарының екі жинағынан тұрады. Тұрақты оқшаулауды, жақсы гигиенаны және ыңғайлылықты қамтамасыз
ету үшін, жиі ауыстырылуы керек. Ұзақ пайдалану кезінде кемінде жылына екі рет ауыстырыңыз.
MT7N микрофоны
Құлақаспапқа оңай қосуға болатын динамикалық микрофон.
Маңызды ескерту
3M компаниясы осы құжатта берген ақпаратқа сенім артудан болған ешқандай тікелей немесе жанама (соның ішінде,
бірақ онымен шектелместен, табыстың, бизнестің және/немесе іскерлік беделдің жоғалуы) жауапкершілікті мойнына
алмайды. Өнімдердің арнаулы мақсатына сәйкес келетінін немесе келмейтінін анықтау үшін пайдаланушы жауапты.
Осы мәлімдемеде берілген ешбір ақпарат немқұрайдылықтан болған адамның өлуі немесе жарақат алуы үшін 3M
компаниясының жауапкершілігін жоққа шығаратынын немесе шектейтінін білдірмейді.
63

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Peltor mt7h79f-50Peltor mt7h79b-50

Inhaltsverzeichnis