Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану Бойынша Нұсқаулық - Lumme LU-1445 Bedienungsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

KAZ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҦСҚАУЛЫҚ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Аспапты пайдаланар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқыңыз және кейін анықтама алу үшін сақтап қойыңыз.
Алғашқы қосу алдында бұйымның таңбалауында кӛрсетілген техникалық сиаттамалары жергілікті желіңіздегі электр қоректенуге сәйкес келетінін тексеріңіз.
Тек тұрмыстық мақсатта пайдаланыңыз. Аспап ӛнеркәсіәпте қолдануға арналмаған.
Бӛлменің сыртында пайдаланбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған аспапты қараусыз қалдырмаңыз.
Желілік бауы зақымданған немесе басқа зақымдары бар аспапты пайдаланбаңыз.
Желілік бау ӛткір шеттер мен ыстық беттерге тимеуін байқаңыз.
Желілік бауды аспап корпусының айналасына орамаңыз, бұрамаңыз және тартпаңыз.
Аспапты қоректену желісінен ажыратқанда желілік бауды тартпай, тек ашадан ұстаңыз.
Аспапты ӛз бетімен жӛндеуге тырыспаңыз. Ақау туындаған жағдайда жақын орналасқан сервистік орталыққа жолығыңыз.
Кеңес берілмеген қосымша керек-жарақты пайдалансаңыз, қауіп тӛнуі немесе аспап зақымдануы мүмкін.
Аспапты тазалау алдында және оны пайдаланбасаңыз ылғи электр желіден ажыратыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Аспапты су толған ванна, раковина немесе басқа ыдыстардың қасында пайдаланбаңыз.
Электр тоқ соқпау және тұтанбау үшін аспапты суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз. Егер бұл бола қалса, оны бірден электр желіден ажыратып,
тексеру үшін сервистік орталыққа жолығыңыз.
Аспап физикалық және психикалық шектеулері бар, осы аспапты пайдалану тәжірибесі жоқ адамдармен (соның ішінде балалармен) пайдаланылуға
арналмаған. Бұл жағдайда пайдаланушыны оның қауіпсіздігіне жауап беретін адам алдын ала үйрету керек.
Аспаппен жұмысты бастаудың алдында мультипісіргішті тегіс тұрақты бетке орнатыңыз.
Аспапты ыстық газ және электр плитаға, духовкіге қоймаңыз; оны кез келген жылу кӛздері қасына орналастырмаңыз.
Құрылғының айналасында жеткілікті бос кеңістік барына кӛз жеткізіңіз. Мультипісіргіш жиһаз, перде және т.б. сияқты потенциалды ӛртке қауіпті нысаннан
кем дегенде 15 см аралықта орнатылуы керек.
Аспапты жарылатын және жеңіл тұтанатын материалдардың тура қасында қоспаңыз.
Аспап электр желіге қосылып тұрғанша оны кӛтермеңіз және жылжытпаңыз.
Азық-түлікті немесе суды мультипісіргіштің ішіне ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.
Аспапты балалар қол жеткізе алмайтын жерде сақтау керек.
Аспапты жұмыс істеп тұрғанда ештеңемен жаппаңыз, бұл аспап ақауының себебіне айналуы мүмкін.
Тостағаны бос мультипісіргішті ешқашан ӛшірмеңіз.
Сұйықтықты мультипісіргіш корпусының ішіне тигізбеңіз. Суды тек әзірлеу тостағанына құйыңыз.
Бӛтен зат пен сұйықтықты тостаған түбі мен қыздыру элементі арасындағы кеңістікке түсірмеңіз! Бұл ережені ұстанбасаңыз, күйіктің иісі, оғаш дыбыс шығып,
аспап зақымдануы мүмкін.
Мультипісіргіштің қалыпты жұмысы үшін әдеттегіден тыс шу, иіс, түтін немесе аспап жұмысының басқа анық бұзылыстары туындағанда оны бірден желіден
ажырату керек. Тостаған мен қыздыру элементі арасында бӛтен зат немесе сұйықтық жоқтығына кӛз жеткізіңіз. Егер ақау себебі анықталмаса, сервистік
орталыққа жолығу керек. Аспапты ӛз бетімен жӛндеуге тырыспаңыз.
Аспаппен жұмыс аяқталысымен әзірлеу тостағанын бірден суық суға салмаңыз – температура кенет ауысса, ішкі жабынды зақымдануы мүмкін. Тостағанды
жуу алдында суытыңыз.
33
LU-1445/1447

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Lu-1447

Inhaltsverzeichnis