138 | Қазақ
деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд
деңгейін электр құралының жұмыссыз күйінде ғана
шақыруға болады.
Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің
индикаторына арналған түймені (13) басыңыз. Мұны
аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады.
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 5 x жасыл
Үздіксіз жарық 4 x жасыл
Үздіксіз жарық 3 x жасыл
Үздіксіз жарық 2 x жасыл
Үздіксіз жарық 1 x жасыл
Жыпылықтайтын жарық 1 x
жасыл
(14) түймесін басқаннан кейін ешбір жарық диоды
жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны
ауыстыру қажет екендігін білдіреді.
Жұмыс құралын ауыстыру
Жонғы пышағын алмастыруда абай болыңыз.
u
Жонғы пышағын кесу қырынан ұстамаңыз. Кесу
қыры өткір болып жарақаттауы мүмкін.
Тек тұпнұсқа Bosch жонғы пышағын пайдаланыңыз.
Қатты металдан (HM/TC) жасалған жонғы пышағының 2
жүзі бар және оны аударып қоюға болады. Егер екі
кескіш қыры өтпейтін болса, жонғы пышағын (18)
алмастыру қажет. HM/TC жонғы пышағын қайрауға
болмайды.
Жонғы пышағын алып тастау (D суретін қараңыз)
Жонғы пышағын (18) аудару немесе алмастыру үшін
пышақ бастиегін (15) жонғы табандығына (10) параллель
болғанша айналдырыңыз.
➊ 2 бекіткіш бұранданы (17) алты қырлы дөңбек
кілтпен (12) шамамен 1−2 айналымға бұрап
босатыңыз.
➋ Қажет болса, қысқыш элементті (16) ағаш сынасы
сияқты арнайы құралмен кішкене қағу арқылы
босатыңыз.
➌ Ағаш құралмен жонғы пышағын (18) бүйірінен
пышақ бастиегінен (15) итеріп шығарыңыз.
Жонғы пышағын орнату (E суретін қараңыз)
Жонғы пышағын бағыттау ойығы арқылы алмастыру
немесе аудару кезінде бірдей биіктік қамтамасыз етіледі.
Қажет болса, қысқыш элементтегі (16) пышақ орнын
және жонғы пышағын (18) тазалаңыз.
Жонғы пышағын орнату кезінде оның қысқыш элементтің
(16) бекіту бағыттауышында кедергісіз тұрғанына және
артқы жонғы табандығының (10) шеткі қырына
бағытталғанына көз жеткізіңіз. Содан кейін 2 бекіткіш
бұранданы (17) алты қырлы дөңбек кілтпен (12)
тартыңыз.
Нұсқау: қолданысқа енгізу алдында бекіту
бұрандаларының (17) берік бекітілгенін тексеріп
1 609 92A 4PL | (21.02.2019)
шығыңыз. Пышақ бастиегін (15) қолмен айналдырып,
жонғы пышағының еш жерде шығып тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
Шаңды/жоңқаны сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
Қуаты
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
>80...100 %
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
>60...≤80 %
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
>40...≤60 %
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
>20...≤40 %
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
>0...≤20 %
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
0 %
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Жоңқа шығатын жерді (1) жүйелі түрде тазалаңыз.
Бітелген жоңқа шығатын жерді тазалау үшін тиісті
құралды пайдаланыңыз, мысалы ағаш, қысылған ауа т.б.
Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз.
u
Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін бөлек сорғыш
құралын немесе шаң‑/жоңқа қабын пайдаланыңыз.
Сыртқы сорғыш (F суретін қараңыз)
Жоңқа шығатын жердің екі жағында сорғыш шлангын
(Ø 35 мм) (19) (керек-жарақтар) орнатуға болады.
Сорғыш шлангты (19) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-
жарақтар). Осы нұсқаулық соңында түрлі
шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Өзіндік сору (F суретін қараңыз)
Кіші жұмыстарда шаң/жоңқа қабын (керек-жарақтар)
(20) қосуға болады. Шаң қабының бекіткіштерін
жоңқаларды шығаруға арналған келте құбырға салыңыз
(1). Шаң/жоңқа қабын (20) өз уақытта босатып,
шаңсоруды оптималды ретте сақтайсыз.
Реттелетін жоңқа шығуы
Ауыстыру тұтқышымен (4) жоңқа шығатын жерді (1) оңға
немесе солға ауыстыру мүмкін. Ауыстыру тұтқышын (4)
әрдайым соңғы күйде тірелгенше басыңыз. Таңдалған
жоңқа шығу бағытын ауыстыру тұтқышындағы (4)
көрсеткі арқылы көрсетіледі.
Bosch Power Tools