176 | Қазақ
Бұрғылау станинасын бекітуден бұрын орналастыру
Қажетті саңылау ортасын астыңғы бетте сызып қойыңыз.
Бұрғылау үшін пайдаланылған коронканың сыртқы
өлшемін саңылау ортасымен орталық ретінде белгілеңіз.
Бұрғылау станинасын (электр құралы орнатылған)
дюбельмен, вакууммен немесе жылдам қысқыш
колонкасымен орнатылған бұрғылау коронкасы
белгіленген өлшемдерге түсетіндей етіп бекітіңіз.
Дюбельмен бекіту (D суретін қараңыз)
Бұрғылау станинасын дюбельдермен (керек-жарақ)
кірпіш қалауда немесе бетонда бекіту үшін бөлек бекіткіш
саңылауды бұрғылаңыз.
Дюбель саңылауы – жоспарланған саңылау
ортасының аралығы
оңтайлы
ықтимал
Дюбель саңылауы үшін төмендегі өлшемдер
қолданылады:
Диаметрі
Кірпіш қалау
20 мм
Бетон
16 мм
Бір бетондық дюбельді кергі сынамен немесе кірпіш
қалау дюбелімен (32) орнатыңыз. Жылдам қысқыш
шпиндельді (33) дюбельге бұрап енгізіңіз.
Бұрғылау станинасы мен астына қоятын шайбаны
орнатып, қатпарлы гайкамен (34) бұрап бекітіңіз.
Қатпарлы гайканы нивелирлегеннен кейін айыр тәрізді
кілтпен (кілт ені 27 мм) тартып қойыңыз.
Вакууммен (керек-жарақ) бекіту
Бұрғылау станинасын вакууммен бекіту үшін стандартты
вакуумдық сорап және Bosch вакуумдық жинағы (керек-
жарақ) қажет болады.
Ваккуумдық сорап төмендегі талаптарға сай болуы керек:
Көлемдік ағын:
Вакуум кемінде:
Вакууммен бекіту үшін астыңғы бет жылтыр және тегіс
болуы керек. Сылау немесе кірпіш қалауда орнату мүмкін
емес.
Вакуумдық қосылым пайда болғанда нивелирлеу
бұрандаларын (18) астыңғы бетке сәл орнатып, бұрғылау
станинасы нық тұрып, тығыздауыш сақина бос тұруы
керек. Әйтпесе бұрғылау станинасы тығыздауыш
сақинада қатты босап тұрады.
Вакуумдық сорапты және Bosch вакуумдық жинағын
жалғау үшін олардың пайдалану бойынша
нұсқаулықтарын оқып ұстаныңыз.
Вакуумдық сорап пен вакуумдық жинақтың
u
қауіпсіздік және жұмыс нұсқауларын қатал
орындау қажет!
1 609 92A 4NK | (20.02.2019)
Жылдам қысқыш колонкасымен бекіту
(E суретін қараңыз)
Бұрғылау станинасын Bosch жылдам қысқыш
колонкасымен (керек-жарақ) еден мен төбе аралығында
бекітуге болады. Керу диапазоны 1,7 м мен 3 м
аралығында болады.
Жылдам қысқыш колонкасының бір ұшын бұрғылау
станинасының едендік тақтасына қойыңыз. Төбедегі
орнату жазықтығы жылдам қысқыш колонкасының басқа
ұшы үшін жеткілікті тұрақты және сырғанаудан қорғалған
болуы керек.
Жылдам қысқыш колонкасын бекіту үшін оның пайдалану
бойынша нұсқаулығын оқып ұстаныңыз.
Нивелирлеу (вакууммен бекіткенде емес)
Нивелирлеу бұрандаларын (18) деңгей (28) (тігінен
285 мм
монтаждау кезінде) дәл тураланатындай етіп бір-бірден
бұрап бекітіңіз немесе шығарыңыз.
275–375 мм
Енді бұрғылау станинасын дюбель бекіткішімен немесе
жылдам қысқыш колонкасымен бекітіңіз.
Бұрғылау коронкасын орнату/алмастыру
Тереңдігі
85 мм
u
50 мм
Бұрғылау коронкасын орнату
u
Орнатудан бұрын бұрғылау коронкаларын тексеріп
шығыңыз. Бұрғылау коронкасының бұрандасын аздап
майлаңыз немесе тот басудан қорғайтын затты себіңіз.
1 1/4 дюйм UNC бұрғылау коронкасын (6) бұрғылау
3
6 м
/сағ
шпинделіне (7) бұрап қойыңыз.
80 % (−800 мбар)
u
Бұрғылау коронкасын алып тастау
u
Бұрғылау коронкасын (6) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені
41 мм) босатыңыз. Бұл ретте екінші айыр тәрізді кілтпен
(кілт ені 32 мм) бұрғылау шпинделінің (7) артқы ілмегін
тіреп тұрыңыз.
Оңай босатқыш элемент (8) бұрғылау коронкасын (6)
босату әрекетін жеңілдетеді.
Бұрғылау тірегінде немесе бұрғылайтын білдекте
кез келген жұмыстарды өткізу алдында, жұмыс
үзілістерінің кезінде және бұрғылау тірегін
пайдаланбайтын кезде бекіткіш тежегішті бұрап
бекіту арқылы бұрғылау тірегін кенет қозғалудан
қорғаңыз.
Бұрғылау коронкаларын орнатудан бұрын тексеріп
шығыңыз. Тек ақаусыз бұрғылау коронкаларын
орнатыңыз. Зақымдалған және деформацияланған
бұрғылау коронкалары қауіпті жағдайларды тудыруы
мүмкін.
Бұрғылау коронкасының нық бекітілгеніне көз
жеткізіңіз. Қате немесе нашар бекітілген бұрғылау
коронкалары жұмыс кезінде босап, сізге қауіп төндіруі
мүмкін.
Бұрғылау коронкасын алмастыру кезінде
қорғаныш қолғап киіп жүріңіз. Электр құралы ұзақ
уақыт жұмыс істесе, бұрғылау коронкасы қызып кетуі
мүмкін.
Bosch Power Tools