Электр тоққа қосу
кабелдерін, қауіпсіздік
қалпақшасын жəне бу беру
шлангісін ерекше
тексеруден өткізіңіз.
Бұзылып қалған кабелдерін
дереу түрде осы
жұмыстар үшін рұқсаты
бар арнайы мамандар
арқылы ауыстыртып
алуыңыз тиіс.
Бұзылып қалған жоғары
қысымды бу беру шлангісін
дереу түрде ауыстыртып
алуыңыз тиіс. Бұйым
шығарушы тарапынан
рұқсат етілген ғана бу
беру шлангісі қолданылуы
тиіс.
Кабель ашасы мен электр
розеткасын ешқашан
ылғалды қолмен
ұстамаңыз не түртпеңіз.
Ешқашан аспапты
жалаңаяқ қоспаңыз.
Егер штепсельді айыр
розеткаға қосылып тұрса,
ешқашан бұйымды су
қолмен ұстамаңыз.
Ешқашан бұйымды суға
немесе басқа да
сұйықтықтарға қоймаңыз.
Құрамында қауіпті
заттары бар бұйымдарды
бумен тазаламаңыз
(мысалы, таскендір)
Жақын аралықтан бу
ағынына қолыңызды
тигізбеңіз жəне оны
адамдар немесе
жануарларға қарай
бағыттамаңыз (ыстық
будың күйдіру қаупі бар).
ЕСКЕРТУ
Бұйымды тек электршінің
IEC 60364 стандартына
сəйкес қондырған электр
розеткасына қосуға
болады.
Бұйымды тек қана
ауыспалы тоққа қосыңыз.
Тоқ кернеуі бұйымның түрі
белгісіндегі көрсетілген
кернеуіне сəйкес болуы
тиіс.
Ылғалды бөлмелерде,
мысалы, ванна
бөлмелерінде, бұйымды
арнайы FI қауіпсіздік
ажыратып-қосқышымен
розеткаға қосу тиіс.
Жарамсыз электрлік
ұзарту кабельдерін
қолдану қауіпті болуы
мүмкін. Ұзартқыш ретінде
тек су бүркіндісінен
сақтайтын кемінде 3 х
1 мм² көлденең қималы
электрлік кабельді
пайдаланыңыз.
Электр ашасы мен
ұзартқыш жалғауы суда
жатпау керек.
Электр тоққа қосу кабелі
немесе ұзартқыштағы
жалғау муфталарын
алмастыру кезінде
бүркіндіден сақталуын
жəне механикалық
беріктікті қамтамасыз
ету қажет.
– 7
KK
379