OBJ_BUCH-3096-002.book Page 102 Friday, June 2, 2017 5:02 PM
102 | Қaзақша
Электр құралыңызды тек дайындама тіреуіші
менен пайдаланыңыз. Оң мен сол дайындама
тіреуішін 12 адастырмаңыз. Әйтпесе дайындама
тіреуіші 12 мен ажарлау дискісі арасындағы аралығы
тым үлкен болады. Аралық ұзын болса ұшқын ұшуынан
жетерлік қорғалған болмайсыз. Дайындама ажарлау
дискісінің айналу әрекеті арқылы тартылып,
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
– Үшқын қорғанысының 10 ұстағышын екі бұрандамен
орнатыңыз.
– Ұшқын қорғанысын 11 ұстағышына 10 бұрап бекітіңіз.
– Дайындама тіреуішін 12 суретте көрсетілгендей
орнатыңыз.
Дайындама тіреуіші 12 немесе ұшқын
қорғанысының ұстағышы 10 мен ажарлау дискісі
аралығын жүйелік түрде тексеріп, керек болса,
реттеңіз. Ажарлау дискісіне дейінгі аралық 2 мм
ұзын болмауы керек. Аралық ұзын болса ұшқын
ұшуынан жетерлік қорғалған болмайсыз. Дайындама
ажарлау дискісінің айналу әрекеті арқылы тартылып,
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Ажарлау дискісін алмастыру
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген
айналымдар саны кемінде электр құралында
белгіленген максималды айналымдар санына
сәйкес болуы керек. Рұқсат етілгеннен жылдам
айналатын жабдық бұзылып, шашылып кетуі мүмкін.
Диаметрі электр құралында жазылған диаметрден
артқан ажарлау дискілеріне рұқсат жоқ.
Ажарлау дискісін ұшқын қорғанысы ұстағышымен 10
ажарлау дискісіне дейін 2 мм максималды аралықты
реттеп болмаса алмастырыңыз.
– 3 бұрандаманы қаптамада 1 босатып қаптаманы 1
шешіңіз. Ажарлау шпинделін 5 сомын кілтімен 9 ұстап
қысқыш сомынды 2 ажарлау шпинделінен 5 шешіп
алыңыз.
Ескертпе: Электр құралының сол жағынан шығатын
ажарлау шпинделінің 5 бұрандасы сол жақтық.
– Қысу фланеці 3 мен ажарлау дискісін ажарлау
шпинделінен 5 шешіп алыңыз.
– Жаңа ажарлау дискісін кері реттілікпен орындау керек.
1 қаптамасын қатты басып орнатыңыз да 3 бұрандамен
бұрап қойыңыз.
Электр құралын тек екі шпиндельде орнатылған
алмалы-салмалы аспаппен пайдаланыңыз. Осылай
айналып тұрған шпиндельге тимей тұрады.
Пайдаланған және домалақ емес ажарлау дискілерін
басқа пайдаланудан алдын өткірлеу тасымен (жабдық)
өткірлеңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
1 609 92A 3NU | (2.6.17)
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. Сынау жұмысын кемінде
1 минут ішінде ең жоғарғы айналымдар санында
жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар, домалақ емес
және дірілдейтін ажарлау құралдарын
пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау құралдары
жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.
Қосу/өшіру
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
– Электр құралын іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті 8 „I"
күйіне жылжытыңыз.
– Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 8 „0"
күйіне жылжытыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Жұмыс белдемшесін киіңіз. Адамдарға
ұшқындардың қауіп тигізбейтіндігіне көз
жеткізіңіз. Жанатын материалдарды алыстатыңыз.
Металлды ажарлау арқылы ұшқындар пайда болады.
Ешқашан айналып тұрған электр құралының
ажарлау дискісін ұстамаңыз. Бұл ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Дайындаманы тек қосулы электр құралына апарып,
электр құралын тек дайындаманы көтеріп алғаннан
соң ғана өшіріңіз. Дайындама тосыннан қосылуы
мүмкін.
Қатты металды дайындамаларды өңдеу үшін кремний С
карбидті ажарлау дискілерін (жабдық) пайдаланыңыз.
– Ажарланатын дайындаманы дайындама тіреуішіне 12
салып ажарлау дискісіне басыңыз. Оптималды ажарлау
Bosch Power Tools