OBJ_DOKU-30379-003.fm Page 126 Wednesday, June 11, 2014 10:12 AM
126 | Қaзақша
Қaзақша
Сәйкестік туралы сертификат Нөмірi
RU C-DE.ME77.B.00886
Сәйкестік туралы сертификаттың
қолданылу мерзімі 31.10.2018 дейін
„Электр – машинақұрылысы өнімдері сапа жүйесін
стандарттау сертификаттау орталығы" ЖШҚ
141400, Мәскеу облысы, Химки қ.
Ленинградская к., 29
Сәйкестік туралы сертификаттар мына мекенжайда
сақталады:
ООО „Роберт Бош"
ул. Акад. Королева, 13 стр. 5
Россия, 129515, Москва
Өндіру күні нұсқаулықтың соңғы, мұқаба бетінде
көрсетілген.
Импорттаушы контакттік мәліметін орамада табу мүмкін.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен
бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған)
істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз
(сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен
істен шығу себептерінің тізімі
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді
пайдаланбаңыз
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
– тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса,
пайдаланбаңыз
– жауын –шашын кезінде сыртта (далада)
пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
– қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз
– қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
– тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
қорғау керек
– орамасыз сақтау мүмкін емес
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді.
1 609 92A 0TG | (11.6.14)
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150
(5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Пневматикалық құралдардың жалпы
қауіпсіздік нұсқаулықтары
Жабдықтарды орнату, пайдалану,
ЕСКЕРТУ
жөндеу және алмастырудан алдын
және пневматикалық құрал жақынында жұмыс
істеуден алдын барлық нұсқаулықтарды оқып
орындаңыз. Төмендегі қаупсіздік нұсқаулықтарын
орындамау қатты жарақаттануға алып келуі мүмкін.
Қаупсіздік нұсқаулықтарын дұрыс сақтап оларды
пайдаланушыға беріңіз.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
Құрылғы пайдалануында сырғанақ болып қалған
беттерден және ауа немесе гидравлика
шлангтарына сүрінуден абай болыңыз. Сырғанап
кету, сүріну және жығылу жұмыс орнындағы
жарақаттанулардың негізгі себебі болады.
Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған
жарылыс қауіпі бар қоршауда пневматикалық
құралды пайдаланбаңыз. Дайындаманы өңдеу
кезінде ұшқын шығып, шаң немесе буларды жандыруы
мүмкін.
Пневматикалық құралды пайдалану кезінде
көруші, балалар және келушілреді жұмыс
орнындан қашық ұстаңыз. Басқа адамдар алаң етсе
пневматикалық құрал бақылауын жоғалтуыңыз мүмкін.
Пневматикалық құралдар қаупсіздігі
Ауа ағынын ешқашан өзіңізге немесе басқа
адамдарға бағытамаңыз және суық ауаны қолдан
ары қарай басқарыңыз. Пневматика қатты
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Қосылу және жетістіру шлангтарын тексеріңіз.
Барлық қызмет көрсету бөліктері, тіркесу және
шлангтар қысым және ауа көлемі бойынша техникалық
мәліметтеррге сай ретте орнатылуы қажет. Жай қысым
пневматикалық құрал жұмыс істеуіне негативті әсер
етеді, тым қатты қысым материалдық зиян және
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Шлангтарды иілу, сығылу, еріткіш және өткір
қырлардан сақтаңыз. Шлангтарды ыстық, май және
айналатын бөліктерден қашық ұстаңыз.
Зақымдалған шлангты бірден алмастырыңыз.
Зақымдалған жетістіру шлангтары пневматика
шлангының соғылуын тудырып жарақаттануларға алып
келуі мүмкін. Көтерілген шаң немесе жоңқа ауыр көз
жарақаттарына алып келуі мүмкін.
Шланг қамыттары бекем тұруына көз жеткізіңіз.
Қатты тартылмаған немесе зақымдалған шланг
қамыттары ауаны жібереді.
Bosch Power Tools