OBJ_BUCH-1425-004.book Page 157 Tuesday, April 30, 2013 2:19 PM
Төмендегі нұсқаулықтарды орындамау тоқ соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттарға алып келуі мүмкін.
Бұл электр құралы жылтыратуға арналмаған.
Электр құралын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті және жарақаттар тудыруы мүмкін.
Осы электр құралына арналмаған және
өндірушімен ұсынылмаған жабдықтарды
пайдаланбаңыз. Электр құралында берік бекіту
мүмкіндігі бар жабдықтар ғана қауіпсіз пайдалануды
қамтамасыз етеді.
Алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген
айналымдар саны кемінде электр құралында
белгіленген максималды айналымдар санына
сәйкес болуы керек. Рұқсат етілгеннен жылдам
айналатын жабдық бұзылып, шашылып кетуі мүмкін.
Жұмыс құралының сыртқы диаметрі және
қалыңдығы электр құралдың өлшемдеріне сәйкес
болуы керек. Өлшемдері қате анықталған салынған
бөлшек жеткілікті қорғалмайды және бақылаудан
шығуы мүмкін.
Ирек оймалы тесіктері бар тегістеу шеңберлері
тегістеу шпинделінің ирек оймасына дәл келуі
келек. Фланец көмегімен орнатылған құралдарды
пайдаланғанда құрал тесігінің диаметрі фланец
диаметріне сәйкес келуі керек. Электр құралда
дұрыс тұрмаған жұмыс құралдары соғылып айналады,
қатты дірілдейді және бақылауды жоғалтуға әкелуі
мүмкін.
Бұзылған алмалы-салмалы аспапты
пайдаланбаңыз. Жұмыс құралдарында, мысалы,
тегістеу шеңберлерінде, әр пайдалану алдында
сынықтар және жарықтар, тегістеу тәрелкелерінде
сынықтар, өтпес болып қалу және қатты тозу бар-
жоғын, сымды щеткаларда бекітілмеген және
сынған сымдар бар-жоғын тексеріңіз. Электр
құралын немесе алмалы-салмалы аспапты түсіріп
алсаңыз, оны тексеріңіз, тек зақымдалмаған
алмалы-салмалы аспапты пайдаланыңыз. Алмалы-
салмалы аспапты тексеріп пайдалану кезінде
өзіңіздің және өзге адамдардың айналатын
алмалы-салмалы аспаптан қашық жерде
тұрғанында ғана электр құралын бір минут ішінде
максималды айналымдар санында қосыңыз.
Зақымдалған алмалы-салмалы аспаптар осы тексеру
кезінде бұзылады.
Жеке қорғаныс жабдықтарын киіп жүріңіз.
Жұмыста бетті толық қорғайтын масканы, көз
сақтауышын немесе қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
Қажет болса шаңтұтқыш, қорғауыш қолғапты,
алжапқышты немесе басқа да қорғаныс киімдерін
киіңіз. Көздер әртүрлі жұмыстардан пайда болып
шашылатын бөтен бөлшектерден қорғануы қажет.
Шаңтұтқыш және газқағар жұмыс кезінде пайда
болатын шаңды сүзгіден өткізеді. Дыбысы қатты
шуылда көп болу есту қабілетіңізді төмендетуі мүмкін.
Bosch Power Tools
Басқа адамдардың жұмыс кеңістігінен қашық
тұрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс кеңістігіне кірген
әрбір адам жеке қорғаныш жабдықтарын киюі
қажет. Дайындама немесе бұзылған алмалы-салмалы
аспаптың сынған бөлшектері атылып жұмыс
кеңістігінен тыс жерде да зақым келтіруі мүмкін.
Алмалы-салмалы аспап жасырын тоқ сымына
немесе өз желі кабеліне тиюі ықтимал жұмыс
кезінде құрылғының оқшауланған тұтқасынан
ұстаңыз. Тоқ өтетін сымына тию металлды құрал
бөлшектеріне тоқ беріп тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Желі кабелін айнаталын алмалы-салмалы аспаптан
қашық жерде ұстаңыз. Құрылғыны бақылауды
жоғалтсаңыз, желі кабелі кесіліп немесе ілініп,
алақаныңыз немесе қолыңыз айналып тұрған алмалы-
салмалы аспапқа түсіп қалуы мүмкін.
Алмалы-салмалы аспап толық тоқтамайынша
электр құралын босатушы болмаңыз. Айналып
тұрған алмалы-салмалы аспап қойылған жеріне тиіп,
электр құралын бақылауды жоғалтуыңыз мүмкін.
Электр құралын тасымалдау кезінде қосушы
болмаңыз. Кездейсоқ тиюі арқылы айналып тұрған
алмалы-салмалы аспап киіміңізге оралып, денеңізді
ауыр жарақаттауы мүмкін.
Электр құралыңыздың желдеткіш тесігін жүйелі
түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы құрылғы
ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр
қауіпін тудыруы мүмкін.
Электр құралын ешқашан жанғыш материалдар
жанында пайдаланбаңыз. Ұшқындар бұл
материалдарды жандыруы мүмкін.
Сұйық салқындатқыштарды қажет ететін
құралдарды пайдаланбаңыз. Суды немесе басқа
салқындатқыш сұйықтықтарды пайдалану ток соғуына
әкелуі мүмкін.
Кері соққы және сәйкес қауіпсіздік
техникасының ережелері
Кері соққы сыналанып, тұрып қалған немесе айналып
жатқан орнатылған құралдың, мысалы, тегістеу
шеңберлерінің, тегістеу тәрелкелерінің, сымды
щеткалардың және т.б. кенет реакциясының нәтижесі
болып табылады. Тұрып қалу немесе сыналану айналып
жатқан құралдың кенет тоқтап қалуына әкеледі. Бұл
кезде бақыланбайтын құрал бұғатталу орнында жұмыс
құралының айналу бағытына қарсы жылдамдайды.
Тегістеу шеңбері бұғатталса немесе дайындамада
тұрып қалса, онда дайындамаға кіргізілген тегістеу
шеңберінің жиегі қысылып қалуы және нәтижесінде
шеңбердің дайындамадан ыршуына немесе кері
соққыға әкелуі мүмкін. Бұл кезде бұғатталу орнындағы
шеңбердің бағытына байланысты тегістеу шеңбері
операторға немесе одан ары қозғалады. Тегістеу
шеңбері сынуы мүмкін.
Кері соққы электр құралды дұрыс пайдаланбаудың
немесе оператор қатесінің салдары болып табылады.
Мұны төменде сипатталғандай тиісті сақтық шараларын
қолдану арқылы болдырмауға болады.
Қaзақша | 157
1 609 92A 095 | (30.4.13)