Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану Нұсқаулары - Bosch 0 607 352 113 Originalbetriebsanleitung

Winkelschleifer
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für 0 607 352 113:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
OBJ_BUCH-2005-002.book Page 178 Monday, January 20, 2014 5:27 PM
178 | Қaзақша
– Шланг қамыттарын 20 ауа құйылу шлангында 22
босатып ауа құйылу шлангын келте құбыр 1 үстінен
шланг қамытын тартып бекітіңіз .
Ескертпе: Ауа құйылу шлангын алдымен пневматикалық
құралға сосын қызмет көрсету құрылғысына қосыңыз.
Тегістеу шеңберін, кесетін тегістеу шеңберін
немесе жұлатын тегістеу шеңберін орнату
– Тегістеу шпинделін 14 және барлық орнатылатын
құралдарды тазалаңыз.
Пайдалануға ендіру (E1 –E2 суреттерін қараңыз)
– Жарамды қорғағыш қаптама орнатылғанына көз
жеткізіңіз („Қорғаныш жабдықтарын орнату", 177-
бетті қараңыз).
– Тірек фланецін 10 тегістеу шпинделіне 14 қойыңыз.
Ортаға келтіретін буртиктің тірек фланецінде 10
пластмасса бөлшек (дөңгелек қимасы бар сақина) бар.
Диаметрі үлкен тығыздағыш сақина жоқ немесе
зақымдалған болса, оны тірек фланецін 10 монтаждау
алдында міндетті түрде ауыстыру керек.
– Қажет тегістеу құралын дұрыс айналу бағытына сай 10
(тегістеу шеңбері, кесетін тегістеу шеңбері, жұлатын
тегістеу шеңбері) тегістеу шпинделіне 14 орнатыңыз.
– Қысқыш гайканы 9 жүріс ирек оймасына қысқыш
гайканың орталық ойығы жоғары қарап тұратындай
орнатыңыз.
– Қысқыш гайканы гайка кілтімен 8 берік тартыңыз, бұл
кезде айыр кілтпен 16 тегістеу шпинделін 14 ұстап
тұрыңыз.
 Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында
орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін
айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы қорғағыш
қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей
айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
Шығару (F1 –F2 суреттерін қараңыз)
– Тегістеу шпинделін 14 айыр кілтпен 16 берік ұстап
тұрыңыз.
– Қысқыш гайканы 9 гайка кілтімен 8 бұраған кезде айыр
кілтпен 16 тегістеу шпинделін ұстап тұрыңыз.
– Тегістеу құралын, әрі тірек фланецін тегістеу
шпинделінен шығарыңыз.
Резеңке тегістеу шеңберлерін монтаждау
(G суретін қараңыз)
Пайдалануға ендіру
– Қолдардың қорғанышы және қосымша тұтқа
орнатылғанына көз жеткізіңіз („Қорғаныш
жабдықтарын орнату", 177-бетті қараңыз).
– Резеңке тегістеу шеңберін 5 тегістеу шпинделіне 14
орнатыңыз.
– Тегістеу қағазын 6 резеңке тегістеу шеңберіне
орнатыңыз.
– Дөңгелек гайканы 7 шпиндельдің ирек оймасына
орнатыңыз.
– Дөңгелек гайканы гайка кілтімен 8 берік тартыңыз,
айыр кілтпен 16 тегістеу шпинделін 14 ұстап тұрыңыз.
3 609 929 C70 | (20.1.14)
Дөңгелек гайка 7 резеңке тегістеу шеңберінің дөңесіне
тегістеуге кедергі келтірмейтіндей және тегістеу парағы
берік отыратындай толығымен бұралғанына көз
жеткізіңіз.
Шығару
– Тегістеу шпинделін 14 айыр кілтпен 16 берік ұстап
тұрыңыз.
– Дөңгелек гайканы 7 гайка кілтінің 8 көмегімен тегістеу
шпинделінен бұрап шығарыңыз, айыр кілтпен 16 ұстап
тұрыңыз.
– Тегістеу парағын және резеңке тегістеу шеңберді
шпиндельден шығарыңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Пневматикалық құрылғы қосылған жағдайда ауа кірісінде
өлшенген 6,3 бар (91 пси) жұмыс қысымында істейді.
 Пневматикалық құралды іске қосудан алдын реттеу
құралдарын алыстатыңыз. Айналатын бөлігінде
орнатылған реттеу құралы жарақаттануларға алып
келуі мүмкін.
Ескертпе: Егер пневматикалық құрал ұзақ уақыт
пайдаланбағаннан соң қосылмаса ауа жетестіруді
тоқтатып аспап патронында 2 қозғалтқышты бірнеше рет
бұраңыз. Осымен тұтасу күштері жойылады.
Энергияны үнемдеу үшін пневматикалық құралды
пайдаланарда ғана қосыңыз.
Қосу/өшіру
– Пневматикалық құралды қосу үшін қосқыш/өшіргішті
17 басып жұмыс кезінде оны басылған күйде сақтаңыз.
– Пневматикалық құралдың өшіру үшін
қосқыш/өшіргішті жіберіңіз 17.
Пайдалану нұсқаулары
 Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда абайлаңыз,
„Статика туралы нұсқаулар" тарауын қараңыз.
 Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,
дайындаманы бекітіңіз.
 Тоқтауы үшін пневматикалық құралға жүктеме
түсірмеңіз.
 Үлкен жүктемеден кейін құрал сууы үшін
пневматикалық құралға бірнеше минут бос
жүріспен жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз.
 Пневматикалық құралды тіректе пайдаланбаңыз.
Егер ауа жетістіру тоқтатылса немесе пайдалану қысымы
азайса, пневматикалық құралды өшіріп пайдалану
қысымын тексеріңіз. Оптималды пайдалану қысымы
жағдайында құралды қайта қосыңыз.
Тосыннан пайда болатын жүктеулер қатты айналымдар
санының төменделуіне немесе тоқтауына әсер етеді бірақ
қозғалтқышқа зиян жеткізбейді.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

0 607 352 114

Inhaltsverzeichnis