Ұйғарымдайтын белгілер
Қорғауыш
Қорғауыш
көзілдірікті
касканы
қолданыңыз
қолданыңыз
Таңбалар
Пайдаланар
алдында
пайдалану
бойынша
нұсқаулықты
оқыңыз
2 Сипаттамасы
2.1 Тағайындалуы бойынша пайдалану
Аспап құрылыста кәсіби қолдануға арналған. Ол шегелерді, ирек оймалы шпилькаларды және басқа бекіту
элементтерін болатқа және бетонға қағу үшін қызмет етеді.
Құралды тек қолмен пайдалануға рұқсат беріледі.
Аспаптың конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны модификациялауға тыйым салынады.
l Арнайы сертификаты болмаса, аспапты жарылу қаупі бар немесе оңай тұтанатын ортада қолдануға болмайды.
Қызметкерлердің жарақат алуын және аспаптың зақымдалуын болдырмау үшін тек түпнұсқа Hilti компаниясы
шығарған қосымша жабдықты және құралдарды қолданыңыз.
Осы пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген аспапты пайдалану, күту және техникалық қызмет көрсету
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Аспапты басқа мақсатта қолдану және оны оқытылмаған қызметкерлердің пайдалануы қауіп тудырады.
Аспапты пайдалануға тек тиісті нұсқаулар беруден кейін уәкілетті қызметкерлерге рұқсат етіледі. Қызметкерлер
құрамы қауіпсіздік ережелерімен таныс болуы тиіс.
Барлық автоматты пистолеттер сияқты бұл аспап, қорап, бекіту элементтері және патрондар "техникалық түйінді"
құрайды. Бұл осындай жүйенің көмегімен оптималды бекіту тек арнайы оған немесе сапасы осындай бұйымдарға
жасалған бекіту элементтерін қолданғанда ғана сенімді бола алатынын білдіреді. Осы шарттарды сақтағанда
Hilti компаниясы берген бекіту және қолдану бойынша ұсыныстар ғана қолданылады.
Оңтайлы нәтижелерді алу үшін, сондай-ақ, жоғары сенімділікті қамтамасыз ету үшін біз Hilti компаниясының
патрондарын немесе басқа тең сапалы өнімдерді пайдалануды ұсынамыз.
ЕС елдері және ЕЕСА елдері үшін мыналар әрекет етеді: Қауіпсіз пайдалану үшін берілген құралдағы патрондар
С.I.P. талаптарына сәйкес болуы тиіс (дереккөз: Comprehensive edition of adopted C.I.P. decisions, Liège, Belgium,
2005), сондай-ақ, талаптар www.hilti.com/cartridgetest торабында берілген.
Аспаптың 5 қорғау дәрежесі бар. оператордың және оның жанындағы тұлғалардың қауіпсіздігі үшін.
2.2 Піспектік принцип
Заряд энергиясы бекіту элементіне піспек арқылы беріледі. Піспек оны негізгі материалға қағады. Піспектік
принципті қолдану аспапты төмен жылдамдықты аспап ретінде жіктеуге мүмкіндік береді. Піспек кинетикалық
энергияның шамамен 95 %-ын шегеге береді. Піспек кез келген жағдайда қағу циклының соңында
тоқтайтындықтан, артық энергия аспап ішінде тарайды. Сондықтан дұрыс пайдаланғанда бекіту элементінің
жылдамдығы 100 м/с-тан асатын қауіпті атулар болмайды дерлік.
2.3 Құлаған кезде атудан қорғау
Жіберу механизмі мен аспапты басу жүрісі өзара байланысты болғандықтан, аспап құлаған кезде атудан қорғау
қамтамасыз етіледі. Сондықтан аспап қатты бетке кез келген бұрышпен ұрылғанда дәрінің тұтануы орын алмайды.
Қорғауыш
Қорғауыш
құлаққапты
қолғаптарды
қолданыңыз
қолданыңыз
Идентификациялық
орналасуы
Түрі мен серияның белгілері сіздің аспабыңыздың
зауыттық кестешесінде орналасқан. Осы мәліметтерді
сіздің пайдалану бойынша нұсқаулығыңызға енгізіңіз,
өзіңіздің
өкілдігіңізге
жүгінген кезде, әрқашан осы мәліметтерге сүйеніңіз.
Түрі:
Буын: 01
Сериялық нөмірі:
мәліметтердің
аспапта
немесе
сервис
қызметіне
kk
183