Техникалық қызмет көрсету
Орнату орны
Сенсорлық панель орнатылмауы керек жерлер:
• Тікелей күн сəулесі түсетін жерлер жəне қуатты жарық көздерінің жанындағы жерлер
(Жабдық инфрақызыл сəулелер шығаратын оптикалық сенсорлық панель болғандықтан, кері əсерге тап болғанда
дұрыс жұмыс жасамауы мүмкін.)
• Шаңды немесе ылғал жерлер
• Діріл немесе сілкіну қаупі бар жерлер
• Химиялық заттар не бу шығарылымдарына жақын жерлер, немесе химиялық заттардың тиюі ықтимал жерлер
• Электрлік шу көздеріне жақын жерлер (генераторлар, ауа салқындатқыштар т.б.)
Қолданыс кезіндегі ескертпелер
Компьютер іске қосылғаннан кейін амалдық жүйе жұмысы басталғанша
экранды жəне инфрақызыл өткізгіш аймағын ұстамаңыз.
• Мұндай əрекеттер жабдықтың ақаулығына себеп болатын зақымдаушы элементтер
ретінде анықталады. Мұндай жағдай орын алса, компьютерді қайта қосыңыз.
Сонымен қатар, USB кабелін қосып жəне ажыратып жатқанда инфрақызыл өткізгіш
аймағын жəне экранды ұстамаңыз.
Инфрақызыл сəулелер шығаратын басқа құрылғыларды қолданып жатқанда
қате жұмыс жасауды болдырмас үшін оларды жабдықтан аулақ пайдаланыңыз.
Тек осы жабдықпен бірге берілетін сенсорлық қаламды қолданыңыз. Басқа
өнімдермен жұмыс жасауына кепілдік берілмейді.
Сенсорлық панельді қолдану кезінде сенсорлық панельдің корпусын басу
арқылы не кез келген басқа жолмен оған шамадан тыс күш түсірмеуге сақ
болыңыз.
Жылжыту кезіндегі ескертпелер
Жылжыту кезінде жабдықты кез келген сілкінуден аулақ ұстаңыз. Олай жасамау бүлінуге əкелуі мүмкін.
Жылжыту кезінде негізгі құрылғыны ұстаңыз.
• Жылжыту үшін жабдықты қысып ұстау бүлінуге себеп болуы мүмкін.
Жылжыту кезінде USB кабелін ұстамаңыз.
• Олай жасау USB кабелін зақымдап, бүлінуге себеп болуы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
* Жабдықты тазарту алдына USB кабелін ажыратылғандығын тексеріңіз.
Жұмсақ мата қолданып жабдықтың бетіндегі кірді ақырын сүртіңіз.
• Егер қатты кірленсе, 100 есе сумен араластырылған жуғыш құралмен матаны сулаңыз, жақсылап сығыңыз, кірленген
жерді сүртіңіз, содан соң құрғақ матамен жақсылап сүртіңіз.
• Егер сұйықтық тамшылары ішіне енсе, жабдық пен негізгі құрылғының экраны бүлінуі мүмкін. Сонымен қатар, экранды
шамадан тыс күшпен сүртпеңіз.
Жұмсақ мата қолданып инфрақызыл өткізгіш аймақтың бетіндегі кірді ақырын сүртіңіз.
• Айына бір рет жұмсақ мата қолданып инфрақызыл өткізгіш аймағындағы кез келген кірді не қоқысты сүртіңіз. Олай
жасамау ақаулыққа себеп болуы мүмкін, бірақ мұндай жағдай орын алғанда жай кірді абайлап сүрту арқылы дұрыс
жұмыс жасауды қалпына келтіре аласыз.
• Егер қатты кірленсе, 100 есе сумен араластырылған жуғыш құралмен матаны сулаңыз, жақсылап сығыңыз, кірленген
жерді сүртіңіз, содан соң құрғақ матамен жақсылап сүртіңіз.
Жуғыш құралын тікелей шашпаңыз немесе қолданбаңыз.
• Егер сұйықтық тамшылары ішіне енсе, жабдық бүлінуі мүмкін.
Инсектицидтер, бензол немесе еріткіш секілді ұшпа заттарды қолданбаңыз.
• Панель тозып кетуі не жабын алынып қалуы мүмкін.
Жабдықты ұзақ уақытқа резеңке не пластикалық материалдармен бірге сақтамаңыз.
• Корпус тозып кетуі мүмкін.
• Химиялық майлықты қолдану кезінде онымен берілген нұсқауларды орындаңыз.
Жабдықтың ішін тазарту кем дегенде жылына бір рет орындалуы керек. Тазарту үшін дилеріңізбен
хабарласыңыз.
• Егер ішінде шаң жиналып қалса, сенсорлық анықтау үшін қол жетімді инфрақызыл жарық деңгейі төмендейді жəне
жұмыс жасаудың нашарлауына себеп болуы мүмкін. Ішін кем дегенде жылына бір рет тазарту үшін дилеріңізбен
хабарласыңыз.
86
Инфрақызыл
тасымалдау
аймағы