Herunterladen Diese Seite drucken

Hilti NURON SID 8-22 Bedienungsanleitung Seite 286

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
3
Сипаттама
3.1
Өнімге шолу
1
3.2
Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім алты қырлы бекіткіші бар аккумуляторлық гайка бұрауыш болып табылады.
Келесідей қолдану жолдары бар:
Жұлдыз тәрізді оймасы бар бұрауышпен ағаш құрылымдарға бұранда орнату
Бұрандаға арналған 7/16" ұялы бұрғымен ағаш құрылымдарды бұрғылау
7/16" алты қырлы және ½" төрт қырлы алмалы-салмалы тетікті кілтпен және бүйірлі кілтпен кергіш
бұрандаларды ағаш құрылымға орнату
Гайка бұрауыш тек дәл/белгіленген айналу моментін қажет етпейтін жұмыстарда ғана
пайдаланылуы мүмкін. Әйтпесе айналу моментінен асыру және бұрандаға немесе дайындамаға
зақым келтіру қаупі туындайды.
Бұл өнім үшін тек B 22 сериялы Hilti Nuron Li-Ion аккумуляторларын пайдаланыңыз. Hilti компаниясы
бұл өнім үшін оңтайлы қуатқа қол жеткізу мақсатында осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың
соңындағы кестеде көрсетілген аккумуляторларды пайдалануға кеңес береді.
Бұл аккумуляторлар үшін тек осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңындағы кестеде белгіленген
серияларға жататын Hilti зарядтағыш құрылғыларын қолданыңыз.
3.3
Жеткізу жинағы
Гайка бұрауыш, пайдалану бойынша нұсқаулық
Оған қоса өніміңіз үшін рұқсат етілген жүйелік өнімдерді Hilti Store дүкенінде немесе мына веб-сайттан
табуға болады: www.hilti.group
3.4
Li­Ion аккумуляторының индикаторлары
Hilti Nuron Li-Ion аккумуляторлары аккумуляторлардың заряд деңгейін, ақаулық туралы хабарларын
және күйін көрсете алады.
3.4.1
Заряд деңгейінің және ақаулық туралы хабарлардың индикаторлары
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі аккумулятордың құлауынан!
▶ Аккумулятор енгізілген кезде, құлыптан босату түймесін басқаннан кейін аккумулятордың
пайдаланылатын өнімге тиісінше бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Төмендегі индикация көрсеткіштерінің біріне қол жеткізу үшін аккумулятордың құлыптан босату түймесін
қысқаша басыңыз.
Заряд деңгейі және ықтимал ақаулықтар жалғанған өнім қосылып тұрған кезде үздіксіз көрсетіледі.
282
Қазақ
Құлыптау төлкесі бар құрал бекіткіші (7/16
@
дюймдік ішкі алты қырлы)
Қосылудан қорғайтын құлпы
;
бар солға/оңға айналудың
ауыстырып-қосқышы
Негізгі сөндіргіш (айналу жиілігі
=
электрондық түрде басқарылатын)
Тұтқа
%
Керек-жарақтарға арналған монтаждық
&
саңылау
Аккумулятор
(
Режим индикаторы
)
Режим түймесі
+
Жұмыс орнын жарықтандыру (жарық
§
диоды)
Аккумуляторды босату түймесі
/
Аккумулятордың күй индикаторы
:
2356008
*2356008*

Werbung

loading