Herunterladen Diese Seite drucken

BRAYER BR4976 Bedienungsanleitung Seite 38

Werbung

Verfügbare Sprachen

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 12
38
KZ
ЖЕЛДЕТКІШТІ ҚҰРАСТЫРУ
• Желдеткіш негізі (1) бөлшектелген күйде жет-
кізіледі. Негізі (1) жоқ желдеткішті қосуға тыйым
салынады.
• Қуаттандыру бауын негіздер (1) жартысының
саңылауына өткізіңіз (сур. 1).
• Негіздер (1) жартыларын сәйкестендіріңіз және
оларды бекітпелері іске қосылғанға дейін бірік-
тіріңіз.
• Желдеткіш корпусының төменгі жағындағы
шығыңқы жерлерді негіздегі (1) тесіктермен тура-
лаңыз (сур. 2).
• Бекітпелер жиынтығын пайдаланып, негізді
бекітіңіз (сур. 3).
• Қуат сымын негіздегі (1) бекітпеге ақырын са-
лыңыз (сур. 4).
• Қуаттандыру бауын тиісті ойықтарға салыңыз.
ДИСТАНЦИОНДЫҚ БАСҚАРУ ПУЛЬТІ
Назар аударыңыз! Дистанциондық басқару пуль-
тінде қуаттандыратын литий элементі орнатылған.
Қауіптілікке жол бермеу үшін балалардың қуаттан-
дыруу элементімен ойнауына жол бермеңіз. Егер
бала қуаттандыру элементін жұтып қойса, дереу
дәрігерге жүгініңіз.
Қуаттандыру элементін орнату/ауыстыру
• Бекіткішті басып, қуаттандыру элементінің
ұстағышын (26) дистанциондық басқару (21) пуль-
тінің корпусынан шығарыңыз, қарама-қайшылықты
қатаң сақтап, CR2025 (қосылмаған) қуаттандыру
элементін салыңыз (сур. 5).
• Қуаттандыру элементінің ұстағышын (26) дистан-
циондық басқару (21) пультіне салыңыз.
Ескертпе:
- егер қуат элементінің (26) ұстағышында оқшау-
лағыш төсем болса, төсемді шығарып алыңыз;
- қуаттандыру элементін уақытымен ауыстырып
отырыңыз;
- литий қуаттау элементін CR2025 қайта зарядта-
уға тыйым салынады;
- егер құрал ұзақ уақыт пайдаланылмайтын
болса, онда қуаттандыру элементін шығарып
қойыңыз;
- пайдаланылған қуаттандыру элементін дистан-
циондық (21) басқару пультінен шығарып, оны
кәдеге асырыңыз.
• Қашықтықтан басқару пультін пайдалану кезінде
оны желдеткіш (6) корпусының алдыңғы жоғарғы
жағына бағыттаңыз.
• Қашықтықтан басқару пульті мен желдеткіш
аралығындағы қашықтық 5 метр шамасында,
қашықтықтан басқару пультінің жұмыс бұрышы 30
градусқа дейін болуы керек.
• Қабылдау элементіне тікелей күн сәулесінің түсуін
болдырмаңыз, себебі бұл жағдайда басқару пәр-
мендерінің жалған қосылуы мүмкін.
• Егер сіз қашықтан басқару пультін (21) пайдалан-
басаңыз, оны желдеткіштің (5) тасымалдағыш
сабына салыңыз.

Werbung

loading