12 Көгалшапқышпен жұмыс істеу
► Егер жарық диодтары жанбаса немесе
жыпылықтамаса: Аккумуляторды
қолданбаңыз және STIHL компаниясының
мамандандырылған сату орталығына
хабарласыңыз.
Аккумулятордың ақаулығы бар.
12 Көгалшапқышпен жұмыс
істеу
12.1
Көгалшапқышты ұстау және
жүргізу
► Бас тұтқаны екі қолмен бас бармақтарыңыз
бас тұтқаны орап тұратындай етіп ұстаңыз.
12.2
Кесік биіктігін реттеу
7 кесік биіктігін реттеуге болады:
– 20 мм = 1-позиция
– 30 мм = 2-позиция
– 40 мм = 3-позиция
– 55 мм = 4-позиция
– 70 мм = 5-позиция
– 85 мм = 6-позиция
– 100 мм = 7-позиция
Позициялар көгалшапқышта көрсетілген.
Кесік биіктігін реттеу
► Көгалшапқышты өшіріңіз.
Пышақ айналмауы тиіс.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Көгалшапқышты тұтқасынан (1) ұстаңыз.
► Иінтіректі (2) басып тұрыңыз.
► Көгалшапқышты көтеріп түсіру арқылы
қажетті позицияға қойыңыз.
0478-131-9805-A
Нақты кесік биіктігін кесік биіктігінің
индикаторындағы (3) белгінің (4) көмегімен
оқып шығуға болады.
► Иінтіректі (2) жіберіңіз.
Көгалшапқыш бекітіледі.
12.3
Шабу және жабындау
Көгалшапқыш көпфункциялы пышақпен
жабдықталған және оны шабу немесе
жабындау үшін пайдалануға болады.
► Қозғалғыш механизм жетегін қосып жұмыс
істеген жағдайда: көгалшапқышты бақылай
отырып, алға жүргізіңіз.
► Қозғалғыш механизм жетегін өшіріп жұмыс
істеген жағдайда: көгалшапқышты баяу
және бақылай отырып алға қарай
жылжытыңыз.
► Шабу кезінде бөгде затқа соғылып, пышақ
кептеліп қалса:
► Көгалшапқышты өшіріп, аккумуляторды
шығарыңыз.
► Барлық қозғалатын бөлшектердің толық
тоқтағанына көз жеткізіңіз.
► Көгалшапқышты тексеріңіз.
► Егер жөндеу қажет болса: STIHL
делдалына хабарласыңыз.
► Егер көгалшапқыш қатты дірілдей бастаса:
► Көгалшапқышты өшіріп, аккумуляторды
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты тексеріңіз.
► Барлық сомындардың, болттардың және
бұрандалардың берік тартылғанын
тексеріңіз.
► Егер жөндеу қажет болса: STIHL
делдалына хабарласыңыз.
Оңтайлы жұмыс өнімділігін қамтамасыз ету
үшін ұсынылған температура диапазондарын
сақтаңыз,
20.7.
қазақ
455