Herunterladen Diese Seite drucken

BRAYER BR1253 Bedienungsanleitung Seite 34

Werbung

Verfügbare Sprachen

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 12
34
KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛА-
НУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Құрылғыны пайдалану алдында пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз, оқыған соң
болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
• Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай, оның
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
• Құрылғыны дұрыс қолданбау оның бұзылуына,
және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкелуі мүмкін және кепілдік жағдайы
болып табылмайды.
• Заттаңбада көрсетілген құрылғының жұмыс
кернеуі электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне
көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Блендер-саптамамен
үздіксіз жұмыс істеу уақыты 30 секундтан,
ұсақтағыш саптамамен 5 секундтан, шайқағыш
саптамамен 2 минуттан аспауы тиіс. Жұмыс
циклі арасында 2-ден 3 минутқа дейін үзіліс
жасаңыз.
• Құрылғыны үй-жайдан тыс жерде пайдалануға
тыйым салынады.
• Найзағай кезінде құрылғыны пайдалану ұсыныл-
майды.
• Құрылғыны соққыдан, құлаудан, дірілден және
басқа да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
• Желіге қосылған құрылғыны қараусыз қалдыр-
маңыз.
• Құрылғыны жылу көздерінің, жылыту аспапта-
рының немесе ашық оттың тікелей жанында
пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға
тыйым салынады.
• Құрылғыны ас үй раковинасына жақын, жуына-
тын бөлмеде, бассейндер немесе басқа да су
толтырылған сыйымдылықтарға жақын жерде
пайдаланбаңыз.
• Егер құрылғы суға құлап кетсе, дереу қуаттандыру
бауының ашасын электр розеткасынан сурыңыз,
содан кейін ғана құрылғыны судан алып шығуға
болады. Құрылғыны тексерту немесе жөндету
үшін сервис орталығына жүгініңіз.
• Қуаттандыру бауы ыстық беттерге және жиһаздың
өткір жиектеріне тиюін болдырмаңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін немесе
тазалау алдында электр желісінен сөндіріңіз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратқан кезде тек
қуаттандыру бауының ашасынан ұстаңыз және
оны электр розеткасынан абайлап шығарыңыз,
қуаттандыру бауынан тартпаңыз — бұл оның
зақымдануына әкелуі және қысқа тұйықталуын
тудыруы мүмкін.
• Құрылғы корпусына, қуаттандыру бауына және
қуаттандыру бауының ашасына сулы қолыңызбен
тиіспеңіз.

Werbung

loading