Herunterladen Diese Seite drucken

BRAYER BR1126 Bedienungsanleitung Seite 30

Werbung

Verfügbare Sprachen

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 10
30 KZ
КОФЕҚАЙНАТҚЫШТЫ ЖҰМЫСҚА ДАЙ-
ЫНДАУ
Құрылғыны төмен температурада тасымалдаған-
нан кейін немесе сақтағаннан кейін оны бөлме
температурасында үш сағаттан кем емес уақыт
ұстау қажет.
• Кофеқайнатқышты қаптамадан шығарыңыз және
барлық қаптама материалдарын алып тастаңыз.
• Зауыт қаптамасын сақтап қойыңыз.
• Қауіпсіздік шаралары мен пайдалану нұсқаула-
рымен танысыңыз.
• Жинақталымын тексеріңіз.
• Кофеқайнатқышты зақымдануға тексеріңіз,
зақымданған жері бар болған жағдайда оны
электр розеткасына қоспаңыз.
• Бұйымның төменгі панелінде көрсетілген қуат-
тандыру кернеуінің параметрлері электр желісінің
параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны 60 Гц жиіліктегі электр желісінде
пайдаланғанда, ешқандай қосымша әрекет қажет
емес.
• Кофеқайнатқыш корпусының сыртқы бетін таза,
шаңды сүртуге арналған сәл дымқыл матамен
сүртіңіз.
• Қақпақты (6) ашыңыз, сүзгі ұстағышын (4) шыға-
рып алыңыз, көп рет пайдаланылатын сүзгіні (5)
шығарыңыз.
• Барлық алынбалы бөлшектерді бейтарап жуғыш
затпен жылы сумен шайыңыз: кофе құтысын(1),
құты қақпағын (3), сүзгі ұстағышын (4), сүзгіні (5)
жуып жіберіңіз және құрғатыңыз.
• Сүзгі ұстағышын (4) оның орнататын орны-
на орнатыңыз. Сүзгі ұстағышының (4) дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз, әйтпесе қақпақ (6)
жабылмайды.
• Сүзгішті (5) ұстағышқа (4) салыңыз.
• Кофеге арналған құтыны (1) таза сумен жарты-
сына дейін толтырыңыз және суды құтыдан (1)
суқоймаға (7) құйыңыз.
• Қақпақты (6) жабыңыз, құтыны (1) алаңшаға (12)
қойыңыз.
• Қуаттандыру бауының айырын электрлік розеткаға
салыңыз.
• Қуат қосқышын (10) басу арқылы кофеқай-
натқышты қосыңыз, осы ретте қосқышта (10)
жарық индикаторы жанады.
• Сұйыққоймада (7) су қалмаған кезде, қуат
қосқышын (10) қайта басып кофеқайнатқышты
өшіріңіз, осы ретте жарық индикаторы өшеді
• Құрылғыны 5 минут бойы суытыңыз, суды құтыдан
(1) төгіңіз.
• Қажет болса, кофеқайнатқыштың жуу циклын 2-3
рет қайталаңыз.

Werbung

loading