Herunterladen Diese Seite drucken

Makita MW001GZ Betriebsanleitung Seite 292

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 23
ЕСКЕРТПЕ: Мәндер шамалап көрсетілген және қуаттау статусына және пайдалану жағдайына қарай
әртүрлі болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Бір аккумулятормен пайдаланған кездегі есептелген жұмыс уақыты екі аккумулятормен
пайдаланған кездегі мерзімнің жартысына жуығын құрайды.
Қолдану мақсаты
Құрылғы тамақты ысытуға арналған.
Маңызды сақтық шаралары
ЕСКЕРТУ: бұл құрылғыға тек білікті сервистік
персонал ғана қызмет көрсетуі керек. Тексеру,
жөндеу немесе реттеу жұмыстарын ең жақын
жердегі мақұлданған сервистік орталыққа
тапсырыңыз.
ЕСКЕРТУ: есігі ашық тұрса, бұл құрылғыны
пайдаланбаңыз, өйткені есігі ашық тұрған
микротолқынды пештен шыққан энергия адамға
зиян келтіруі мүмкін.
ЕСКЕРТУ: есік (майысқан), топсалар (сынған
немесе босаған), есік тығыздағыштары
немесе тығыздағыш беті зақымдалған болса,
микротолқынды пешті білікті адам жөндегенге
дейін пайдалануға болмайды.
ЕСКЕРТУ: білікті адамнан басқа кез келген
адамның микротолқынды энергияның әсерінен
қорғайтын қандай да бір жабынды шешіп алу
сияқты сервистік немесе жөндеу жұмысын
білікті адам орындамаса, адам денсаулығына
қауіп төнеді.
ЕСКЕРТУ: бұл құрылғыны нұсқаулықта
сипатталған мақсаты бойынша ғана
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: бұл құрылғыда коррозия беретін
химиялық заттарды немесе буларды
пайдалануға болмайды.
ЕСКЕРТУ: құрылғының бұл түрі тамақ ысытуға,
пісіруге немесе құрғатуға арналған. Ол өндірістік
немесе зертханалық мақсатта пайдалануға
арналмаған.
ЕСКЕРТУ: сұйықтықтарды немесе басқа тамақты
жабық контейнерде қыздыруға болмайды, себебі
олар жарылуы мүмкін.
1.
Осы құрылғы тұрмыста және келесідей
ұқсас орындарда пайдалануға арналған:
дүкендер, кеңселер және басқа жұмыс
орындарының қызметкерлерге
арналған ас үй бөлмелері;
шаруа үйлері;
қонақүй, мотель және басқа тұруға
арналған орындардың клиенттері үшін;
шағын қонақүйлер.
2.
Құрылғы үстіне отырмаңыз және оны
аяқпен баспаңыз. Құрылғының үстіне
заттар қоймаңыз.
3.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған балалар
және физикалық, сенсорлық немесе
ақыл-ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі
мен білімі жетіспейтін адамдар құрылғыны
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар алған,
бақыланған және қауіп-қатерді түсінген
жағдайда пайдалана алады.
Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс.
4.
5.
Түтін байқалса, кез келген отты басу үшін
құрылғыны өшіріп, аккумуляторларды
шығарыңыз және есікті ашпаңыз.
6.
Камерада тамақ жоқ болғанда, құрылғыны
пайдаланбаңыз. Әйтпесе құрылғыға зақым
келуі мүмкін.
7.
Пеш есігінің әйнегін теспеңіз. Оның
салдарынан микротолқын шығады.
8.
Құрылғыны шкаф сияқты жабық орындарда
пайдаланбаңыз.
9.
Құрылғыны тегіс және орнықты бетке
қойыңыз.
10. Құрылғыны іліп пайдалануға болмайды.
Құрылғыны тасудан басқа, сапты ешбір
мақсатта пайдалануға болмайды.
Құрылғыны тасыған кезде, аккумуляторды
11.
шығарып алыңыз.
12. Пайдаланған кезде, құрылғыны қозғамаңыз.
13. Құрылғыны жаңбыр астына қойып
пайдаланбаңыз. Құрылғыны сулауға
болмайды. Құрылғыға су тиіп кетсе, оны
сатудан кейінгі бөлімшемізге тексертіп
алыңыз.
14. Бұл құрылғыны сыртта сақтамаңыз. Бұл
өнімді судың жанында, мысалы, ас үй
жуғышы жанында, ылғалды жертөледе,
бассейннің жанында немесе ұқсас
орындарда пайдаланбаңыз.
15. Ток соғу қаупін азайту үшін құрылғыны
су немесе басқа сұйықтыққа салмаңыз.
Құрылғыны құлап кетуі мүмкін, не болмаса
ваннаға немесе жуғышқа тартылып құлауы
мүмкін жерге қоймаңыз немесе сақтамаңыз.
16. Құрылғы соғылса немесе құлап кетсе,
құрылғыны сатудан кейінгі бөлімшемізге
дер кезінде жіберіп тексертіңіз және
жөндетіңіз.
17. Құрылғыдағы ешбір тесікті жаппаңыз
немесе бөгемеңіз.
18. Жанғыш заттар мен жарылғыш заттарды,
әсіресе құрғақ мұзды қыздыруға тыйым
салынады.
19. Микротолқынды пештерде қолдануға
арналған ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
20. Микротолқынды пеште пісіргенде,
ас пен сусындарға арналған металл
контейнерлерді пайдалануға болмайды.
21. Асты пластик немесе қағаз контейнерлерде
қыздырған кезде, пешті қадағалап
отырыңыз. Контейнер тұтанып кетуі мүмкін.
292 ҚАЗАҚША

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Mw001g