OBJ_BUCH-3123-002.book Page 170 Monday, July 17, 2017 3:36 PM
170 | Қaзақша
Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама
Қорғағыш қаптаманы 6
шпиндель мойынына орнатыңыз.
Қорғағыш қаптама 6 орналасуын
жұмыс басқышының талаптарын
сәйкестендіріңіз. Қорғағыш
қаптаманы 6 бекіткіш
бұрандаманы 5 кресттік
бұрауышпен бұрап бұғаттаңыз.
Қорғағыш қаптаманы 6 оператордың жағына қарай
ұшқындардың ұшуы болмайтындай орнатыңыз.
Нұсқау: Қорғағыш қаптамадағы кодтау жұдырықшалары
6 тек электр құралға жарайтын жабдықты орнатуды
қамтамасыз етеді.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
әрқашан кесуге арналған қаптаманы 11
пайдаланыңыз.
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
қамтамасыз етіңіз.
Қорғағыш қаптама 11 сонымен бірге тегістеуге арналған
қорғағыш қаптама 6 ретінд де орнатылады.
Бағыттауыштар көмегімен кесуге арналған қорғағыш
қаптама
Бағыттауыштары 18 бар қорғағыш қаптама тегістеуге
арналған қорғағыш қаптама 6 ретінде де орнатылады.
Қосымша тұтқа
Қосымша тұтқаны 3 редукторлық бастың оң жағында
немесе сол жағында бұрап бекітіңіз.
Қол қорғағышы
Резеңке тегістеу тәрелкесімен 14 немесе тостаған
тәрізді қылшақпен/дискілік щеткамен/жапырақ
тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар үшін
әрқашан қол қорғағышын 13 орнатыңыз.
Қол қорғағышын 13 қосымша тұтқа 3 көмегімен бекітіңіз.
Ажарлауыш құралдарын орнату
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін 4 және барлық орнатылатын
құралдарды тазалаңыз.
Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін шпиндельді
бекіту түймесін 1 басып, шпиндельді бекітіңіз.
Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын
зақымдау мүмкін.
1 609 92A 3SR | (17.7.17)
Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері
Тегістеу құралдарының өлшемдерін ескеріңіз. Орнату
тесігінің диаметрі тірек фланецке сәйкес болуы керек.
Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді
пайдаланбаңыз.
Алмас кесу шеңберлерін пайдаланғанда алмас кесу
шеңберіндегі жылжыту бағытының көрсеткісі электр
құралдағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз
(редукторлық бастағы көрсеткіні қараңыз).
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Тегістеу/кесу шеңберін бекіту үшін қысқыш сомынды 9
орнатыңыз және екі бүйірлік тесігі бар дөңгелек
сомындарға арналған кілтпен бұрап бекітіңіз.
Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында
орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін
айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы қорғағыш
қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей
айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
M 10 ажарлау шпинделі үшін қысқыш фланец: Қысқыш
фланецті екі жағынан пайдалану мүмкін.
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңбері
Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстарда
әрқашан қол қорғағышын 13 пайдаланыңыз.
Резеңке тегістеу тәрелкесі
Резеңке тегістеу тәрелкесімен 14 жұмыстар үшін
әрқашан қол қорғағышын 13 киіңіз.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Дөңгелек гайканы 16 орнатыңыз және екі бүйірлік тесігі
бар дөңгелек гайкаларға арналған кілтпен бекемдеңіз.
Тостаған тәрізді қылшақ/дискілік қылшақ
Тостаған тәрізді қылшақтармен орындалатын
жұмыстар үшін әрқашан қол қорғағышын 13
орнатыңыз.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Тостаған тәрізді қылшақ/дискілік қылшақты шпиндельге
шпиндель фланеці шпиндель ирек оймасына тығыз
тақалып тұратындай бұрап бекіту керек. Айыр тәрізді
кілтпен тостаған тәрізді/дискілік қалшықты бекемдеңіз.
Жарамды тегістеу құралы
Осы нұсқаулықта жоғарыда атап өтілген барлық тегістеу
құралдарын пайдалануға болады.
Пайдаланылатын тегістеу құралдарының рұқсат етілген
-1
айналымдар саны [мин
] немесе айналу жылдамдығы
[м/с] төменде берілген кестедегі мәндерден төмен
болмауы керек.
Сондықтан тегістеу құралының жапсырмасында
көрсетілген рұқсат етілген айналымдар санын немесе
айналу жылдамдығын сақтаңыз.
Bosch Power Tools