Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch Advanced GrassCut 36V-33 Originalbetriebsanleitung Seite 177

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für Advanced GrassCut 36V-33:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 3
байланысты қауіптерге жол бермеу үшін төменде
көрсетілген келесі қауіпсіздік шараларды ұстануыңыз
лазым.
Құралды екі қолыңызбен нық түрде ұстап отырып,
u
қолдарыңызды кері соққы күштеріне қарсылық
көрсете алатындай қылып орналастырыңыз.
Құралдың сол жағынан тұрып жұмыс істеңіз. Кері
соққы құралдың күтпеген түрде жылжып кетуі арқылы
адамдарға түсе алатын жарақаттану қаіупін арттыра
алады. Пайдаланушы тиісті қауіпсіздік шараларды
қолдану арқылы кері соққы күштерін басқара отыра
алады.
Кескіш фрезасы қысылып қалған жағдайда немесе
u
Өзіңіз жұмысты уақытша тоқтатқаныңызда,
құралды өшіріп қойып, кескіш фрезасы
толығымен тоқтатылғанша дейін құралды кесілетін
материалда қалдырыңыз. Кескіш фрезасы
қысылып қалған жағдайда осы кескіш фрезасы әлі
жылжып тұратын қалыпта болса құралды ешқашан
кесілетін материалдан тартып шығаруға
тырыспаңыз, себебі бұл кері соққының пайда
болуына апара алуы мүмкін. Кескіш фрезасының
қысылып қалуына апарған себебін белгілеп, жойыңыз.
Дөкір немесе зақымдалған кескіш фрезаларын
u
пайдаланбаңыз. Дөкір немесе зақымдалған кескіш
фрезалары басқа заттар арқылы қысылып немесе
оларға тіреліп қалып, кері соққының пайда болуына
апара алады.
Кесілетін материалдың жақсы көрініп тұруына
u
әрқашан көз жеткізіңіз. Кері соққы көбінде
пайдаланушы арқылы кесілетін материалдың көрініп
тұруы нашар болған жағдайларда пайда бола алады.
Жұмыс барысында Өзіңізге қарай басқа адам келе
u
жатқанда құралды өшіріңіз. Кері соққы пайда
болатын жағдайларда құралдың айналып тұратын
кескіш фрезасы басқа адамдарға тезірек тиіп, оларды
жарақаттандыруы ықтимал.
Арнайы қауіпсіздік нұсқаулары
Қорғаныс жапқыштарының барлығын өз
u
орындарында қалдырыңыз. Қорғаныс
жапқыштары пайдалану үшін жарамды және
лайықты түрде бекітіліп қойылуы тиіс. Босатылып
қалған, зақымдалған немесе лайықты түрде жұмыс
істей алмайтын қорғаныс жапқыш жарақаттануларға
апара алады.
Балаларға, денелік, сенсорлық немесе ақыл-ой
u
қабілеттері шектелген адамдарға немесе осындай
құралдармен жұмыс тәжірибесі жеткіліксіз болған
және/немесе білімі жеткіліксіз болған және/немесе
осы қолдану нұсқаулықпен таныс болмаған адамдарға
ешқашан осы бақ электр бұймымен жұмыс істеуге
рұқсат етпеңіз. Электр бұйым қолданушының жасы
бойынша мәліметтер бұйыс қолданылатын елдегі
ұлттық ережелер арқылы шектелуі мүмкін.
Балалардың бақ электр бұйымымен ойнамауын
u
қамтамасыз ету үшін балаларға қарап жүруіңіз керек.
Bosch Power Tools
Кесу қалағы бар бақ электр бұйымын ешқашан электр
u
желі кабелдері/ұзарту кабелдерінің тікелей жанында
қолданбаңыз.
Құрал қатты заттарға тиіп қалған жағдайда немесе
u
шамадан тыс вибрациялар пайда болған жағдайларда
құралда зақымдалған жерлердің бар не жоқ болуы
тексеріп алыңыз.
Кесу жібін қысқартқанда әрқашан Өзіңізді кесіп
u
қалмай әрекеттенудің керек болуына назар
аударыңыз.
Құралды өшіргенде әрқашан құрал қозғалтқышы мен
u
кесу бастиегі толығымен тоқталғанын тексеріп
алыңыз.
Кесу нәтижесі тым жарықшақты болып қалуына жол
u
бермеу үшін биік және қалың шөпті сатылы түрде
кесіңіз. (N суретін қараңыз)
Қыспа дискі (24) құрал пайдаланып жатқанда оның
u
пышағын кедергілерден, мысалы ағаштардан, қорғау
үшін құралды біраз тірей отыра әрекеттену үшін
мақсатталған.
Пайдалану уақытында, құрал жерде жатқан жағдайда,
u
қыспа дискі құралдың қалыпты жұмысының үзіліп не
тоқтап қалуына апармауы тиіс.
Аккумуляторды енгізгенде кесу пышағы Өзіңіздің
u
денеңізге және басқа заттарға, сонымен қатар жерге,
тиіп қалмауына көз жеткізіп жүріңіз. Құрал іске
қосылған сәте осы пышақ айнала бастап,
жарақаттануға немесе құралда және/немесе басқа
заттарда зақымданулардың пайда болуына апара
алады.
Денеңізді қате қалыпта ұстамай, әрқашан тепе-теңдікті
u
жоғалтпай жұмыс істеңіз. Көлбеу болған аумақтарда
қауіпсіз түрде баяу ғана жүруіңіз қажет. Әрқашан баяу
жүріңіз, ешқашан тез жүрмеңіз не жүгірмеңіз.
Бұйымды ұзақ уақыт бойы қолданғанда лайықты түрде
u
үзіліс жасап отыруыңыз лазым.
Электр бұйымын (немесе басқа құралдарды) ұзақ
u
уақыт бойы қолданғанда қолданушы дірілдер әсеріне
түсіп, осы дірілдер Рейно ауруына (Рейно феномені)
немесе білек каналының синдромының пайда болуына
апара алады.
Бұл жағдайларда жанасу түйсіктері мен температура
u
реттелуі шектелініп, ұйып қалу мен қызып кету сезімі,
тіпті жүйкенің және қан таралуының бұзылуы мен ұлпа
некрозы пайда бола алады.
Дірілдеудің шамадан тыс әсер етуін білдіретін
u
симптомдады белгілесеңіз дәрігеріңізге барып кеңес
алуыңыз қажет. Бұл симптомдар ішіне ұйып және
сілейіп қалу сезімі, сезімдіктің жоғалуы, қышып
дуылдау, шаншып ауыру, қақсап ауыру, әлсіздік, тері
түсінің немесе тері қалпысының өзгерілуі кіреді. Осы
симптомдар жиірек бармақтар, қолдар немесе қол
буындарында пайда болады.
Қазақ | 177
F 016 L94 403 | (13.02.2023)

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Advanced brushcut 36v-23-750

Inhaltsverzeichnis