ҚАЗАҚША (Түпнұсқа нұсқаулар)
ЕСКЕРТУ
Қауіпсіздікке қатысты маңызды нұсқау
Пайдаланбаған кезде келесідей сақтаңыз:
•
Бүктемес бұрын оны суытыңыз.
—
Сақтау кезінде құрылғының үстіне заттар қойып, оның
—
басылуына жол бермеңіз.
Құрылғыда тозу немесе зақым белгілерінің бар-жоғын жиі-жиі
•
тексеріп тұрыңыз. Егер мұндай белгілер бар болса немесе
құрылғы дұрыс пайдаланылмаған болса, оны әрі қарай
пайдалану үшін жеткізушіге қайтарыңыз.
Бұл құрылғы ауруханаларда медициналық мақсат үшін
•
пайдалануға арналмаған.
Бұл құрылғыны жылуға сезімтал емес адамдар және қатты
•
қызып кетуге қарсы әрекет ете алмайтын басқа да өте
сезімтал адамдар пайдаланбауы тиіс.
Қатты қызып кетуіне қарай әрекет ете алмауына
•
байланысты, бұл құрылғыны үш жасқа дейінгі балалардың
пайдалануына рұқсат етілмейді.
Құрылғыны басқару элементтерін ата-анасы немесе
•
қамқоршысы алдын ала орнатпайынша немесе балаға
басқару элементтерін қауіпсіз пайдалану бойынша тиісті
түрде нұсқау берілмейінше, үш жастан асқан балалар
пайдаланбауы керек.
Жуу кезінде ауыстырып-қосқышқа немесе басқару құралына су
•
тиіп кетпеуі керек, ал кептіру кезінде шнурды ауыстырып-қосқышқа
немесе басқару құралына су кіріп кетпейтіндей етіп қою керек.
Еуропадағы пайдаланушылар үшін: Бұл құрылғыны 8
•
және одан жоғары жастағы балалардың және физикалық,
сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі
мен білімі жетіспейтін адамдардың оларға құрылғыны
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар беріліп, бақыланған
және қауіп-қатерді түсінген жағдайда пайдалануына болады.
Балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеңіз. Тазалау
және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын балаларға
ересектердің бақылауынсыз орындауға болмайды.
254 ҚАЗАҚША