Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Соққы Туралы Ескерту Функциясы; Көлденең Күйдегі Еңіс Режимі - Bosch GRL 600 CHV Professional Originalbetriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GRL 600 CHV Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
446 | Қазақ
Күй өзгерістері
Өлшеу құралы нивелирленгеннен кейін жүйелі түрде
көлденең және тік күйді тексереді. Күй өзгергенде,
қосымша нивелирлеу автоматты түрде орындалады.
Минималды күй өзгерістері жұмысты тоқтатусыз
теңестіріледі. Астыңғы беттің тербелуі немесе ауа
райының әсерлері автоматты түрде қалпына келтіріледі.
Күй өзгерістері елеулі болған жағдайда, өлшеу
қателерінің алдын алу үшін нивелирлеу процесінің
барысында лазер сәулесінің айналуы тоқтатылып, лазер
сәулелері жыпылықтайды. Дисплейде нивелирлеу белгісі
пайда болады. Қажет болса, соққы туралы ескерту
функциясы іске қосылады.
Өлшеу құралы көлденең және тік күйді автоматты түрде
анықтайды. Көлденең және тік күйлердің арасында
ауысу үшін өлшеу құралын өшіріп, жаңадан
орналастырыңыз және қайта қосыңыз.
Күй қосу/өшіру әрекетінсіз ауыстырылса,
қате туралы хабар пайда болып, күй
индикаторы (12) қызыл түспен жылдам
жыпылықтайды. Нивелирлеуді қайта іске
қосу үшін қосу/өшіру түймесін (11)
қысқаша басыңыз.
Соққы туралы ескерту функциясы
Өлшеу құралында соққы туралы ескерту функциясы бар.
Бұл функция өлшеу құралында күй өзгерістері немесе
тербелу орын алғанда немесе астыңғы бет дірілдеген
жағдайда өзгертілген позицияда нивелирлеуге жол
бермейді және осылайша өлшеу құралының жылжып
кетуінен болатын қателердің алдын алады.
Соққы туралы ескертуді іске қосу:
Соққы туралы ескерту функциясы әдетте
қосылып тұрады. Ол өлшеу құралын
қосқаннан кейін шамамен 30 с ішінде іске
қосылады.
Іске қосу барысында дисплейде соққы
туралы ескерту функциясының
индикаторы (c) жыпылықтайды. Іске
қосқаннан кейін, индикатор үздіксіз
жанып тұрады.
Соққы туралы ескерту іске қосылды:
Егер өлшеу құралының күйі өзгерсе
немесе қатты тербеліс тіркелсе, соққы
туралы ескерту функциясы іске қосылады:
лазердің айналуы тоқтатылып, қате туралы
хабар пайда болады. Күй индикаторы (12)
қызыл түспен жылдам жыпылықтайды
және ескерту сигналы жылдам ырғақпен
беріледі.
Ескерту хабарын
арқылы растаңыз, ол үшін өлшеу
құралындағы еңісті реттеу түймесін (14) немесе
қашықтан басқару құралындағы еңісті реттеу түймесін
(32) басыңыз. Нивелирлеу автоматикасымен (соның
1 609 92A 55C | (05.11.2019)
ішінде еңіс режимімен) жұмыс істеген кезде, нивелирлеу
автоматты түрде қайта іске қосылады.
Енді лазер сәулесінің позициясын анықтамалық нүктеде
тексеріп, өлшеу құралының биіктігін немесе туралануын
қажетінше түзетіңіз.
Соққы туралы ескерту функциясын өшіру:
Басты экранда ағымдағы реттеу соққы туралы ескерту
индикаторымен (c) бірге көрсетіледі:
Соққы туралы ескерту функциясы қосулы.
Соққы туралы ескерту функциясы өшірулі.
Соққы туралы ескерту функциясын өшіру
немесе қосу үшін қосу/өшіру
түймесін (11) қысқаша басыңыз.
Төмендегі мәзірде қосу/өшіру түймесін
(11) қажетті реттеу таңдалғанша басыңыз.
Таңдауды
арқылы растаңыз, ол үшін
еңісті реттеу түймесін (14) басыңыз.
Соққы туралы ескерту функциясы қосылған болса, ол
шамамен 30 с кейін іске қосылады.
Көлденең күйдегі еңіс режимі
Өлшеу құралының көлденең күйінде X және Y осьтерін
бір‑бірінен тәуелсіз түрде ±8,5% шамасындағы
диапазонда еңкейтуге болады.
X осін еңкейту үшін өлшеу құралындағы
еңісті реттеу түймесін (14) немесе
қашықтан басқару құралындағы еңісті
реттеу түймесін (32) бір рет басыңыз. X
осінің еңісін реттеу мәзірі пайда болады.
Өлшеу құралындағы ▲ (4) немесе ▼ (3) түймесі немесе
қашықтан басқару құралындағы жоғары еңкейту түймесі
(31) немесе төмен еңкейту түймесі (36) арқылы қажетті
еңісті реттеп шығыңыз. Өлшеу құралындағы немесе
қашықтан басқару құралындағы екі еңкейту түймесін бір
уақытта басқанда, еңіс 0,00% шамасына қайтарылады.
Y осін еңкейту үшін өлшеу құралындағы
еңісті реттеу түймесін (14) немесе
қашықтан басқару құралындағы еңісті
реттеу түймесін (32) қайтадан басыңыз. Y
осінің еңісін реттеу мәзірі пайда болады.
X осі үшін сипатталғандай, қажетті еңісті реттеп шығыңыз.
Түймені соңғы рет басқаннан кейін
бірнеше секунд ішінде өлшеу құралында
таңдалған еңіс ауыстырылады. Еңісті
реттеу әрекеті аяқталғанша, лазер сәулесі
және дисплейдегі еңісті реттеу белгісі
жыпылықтайды.
Еңісті реттеу әрекеті аяқталғаннан кейін,
басты экранда екі осьтің реттелген еңіс
мәндері көрсетіледі. Өлшеу құралындағы
күй индикаторы (12) үздіксіз қызыл
түспен жанып тұрады. Қашықтан басқару
құралында еңкейтілген осьтің күй
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis